Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Президентінің Мұрағаты

2510
ҚР Президентінің Мұрағаты - e-history.kz
1994 жылы 14 қаңтарда Елбасы «ҚР Президентінің Мұрағатын құру туралы» Жарлыққа қол қойды

Қазіргі кезде ҚР Президентінің Мұрағатында 1138 қор бар, оның ішінде 3200 тізімдеме, 772 сақтауға арналған бірлік, 11500 аудиовизуалды мұрағаттық материал және 1918 жылдан бастап 1998 жылға дейін еліміздің саяси тарихын сипаттайтын 1500-ден астам электронды құжат жинақталған. 

4ab6d133f07c6492fc8ae0f4f182c6e1.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің қазіргі Мұрағатының 1990 жылдардағы мұрағаттан басты ерекшелігі – құжаттардың құрамы. Мұрағат ашылған кезде оның қорында совет кезеңіндегі актілер сақталуда болған. Тек 1997 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстанның құжаттары мұрағаттың қорына өңдеу үшін келіп түсе бастады, содаң соң олар мұрағаттың қорында жинақталған. 

ea183ec360248b341983a43b10bc27be.jpg

Қазіргі танда ҚР Президентінің Мұрағаты өзінің биік мәртебесіне сәйкес келеді. Мұрағат – заманауи, техникалық тұрғыдан жабдықталған кешен. Негізгі міндеті – ҚР Президент Әкімшілігі және ҚР Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретін басқа мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-мұрағаттық тұрғыдан қамтамасыз ету. 

ҚР Президентінің Мұрағаты республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтың мәртебесіне ие болып отыр. Мұрағаттың қорында көптеген бірегей құжаттар сақталуда. ХХ ғасырдың басындағы құжаттардың қатарында: 1919 жылы 24 шілдеде С. Меңдешевті Қырғыз өлкесін басқару бойынша әскери-революциялық комитетінің мүшесі етіп тағайындау туралы Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы В. Лениннің қолы қойылған мандаты (біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат); Әліби Жангелдинге 1917 жылы қыркүйектің 25-де Жұмысшы және солдат депутаттарының съезінде берген куәлігі. Жәдігерлердің арасында 1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті және РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қабылдаған «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасын құру туралы» декреті, Қазақ КСРО Конституциясының алғашқы жобасы (1936 ж.) бар. 

e8803b4c1aa56ec1eccad4523753894b.jpg

Егемен Қазақстанның құжаттары – еліміздің қалыптастыру тарихымыз және Республикамыздың тәуелсіздігін айқындайтын құнды жәдігерлер. 

Сонымен қоса, мұрағаттың қорында Қазақстанның мемлекеттік егемендігін қабылдау, Конституциямыз туралы ҚР Жоғары Кеңесінің сессиясындағы Елбасымыз сөйлеген сөзі, 1991 жылы 10 желтоқсандағы Елбасымыздың ант қабылдағаны, басқа да бірқатар құжаттар сақтаулы тұр. 

b9700a56d247d00af75356fd698e419d.jpg

Сондай-ақ Конституцияның түпнұсқасы, ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қабылдау, ұлттық валюта енгізу, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президентінің Жарлықтары және басқа маңызды құжаттар жинақталған. 

 Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?