Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Диаспоралардың дәстүрлі дастархандары

2734
Диаспоралардың дәстүрлі дастархандары  - e-history.kz
Қазақстан халқының бірлігі күнінің құрметіне елімізді мекендеген этнос өкілдерінің дәстүрлі тағамдарының тарихына шолу жасап, ең тәбеттілерін атап өтуді жөн көрдік.

Барлық этнос өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктірген Қазақстан өзінің мультимәдениетімен ерекшеленеді. Ал, мәдениеттің ең жоғарғы көріністерінің бірі — дастархан мәзірі. Бағымызға орай, біздің елімізде алуан түрлі ұлттық тағамдардан ауыз тию — қолжетімді қуаныш. 

Қазақстан халқының бірлігі күнінің құрметіне Қазақстанды мекендеген этнос өкілдерінің дәстүрлі тағамдарының тарихына шолу жасап, ең тәбеттілерін атап өтуді жөн көрдік. 

Украиндар

c5717ec7b0793d16704d2b91cf8f4975.jpeg

Украиндардың ұннан пісірілген домалақ және ұзынша қалыптағы наны паляница, хлібина, бохан деп аталады. Және олар жұқа нандар: перепічки, opішки, пампушки пісіреді. Квашу, лемішку, соломаху сияқты ежелгі тамақтар және қайнаған суда пісірілетін галушки, ірімшікпен, картоппен, шиемен жасалған вареники, лапша (локишна), затірка (қатты етіп иленген, ұсақталып суға немесе сүтке пісірілген қамыр) тағамдар қазіргі уақытқа дейін бар. Украиндықтардың әйгілі тағамы борщ. Оның түрлі дайындау тәсілдері бар. Күнделікті тағамдар ішінде сүт тағамдары көп. Ұлттық тағамдар тұрып жатқан аймақтардағы тағамдар есебінен толығып отырады. Кубаньда украиндықтар адыгей ірімшігін, Башқұртстан мен Қазақстанда — қымыз және айран жасайды. Ет, шұжық және әйгілі украиндық шошқа майы күнделікті-де, мерекелік те азық түрі болып табылады.

Татарлар

0c3740b6548b12260ebd94d68c6fce05.jpg

Татарлардың дәстүрлі ас үйінде ұн, жарма, картоп үлкен орын алады. Жылқы және қой етін басым пайдаланған. Жазғы уақытта қақталған және тұздалған ет, сонымен бірге құс етін әсіресе қаз етін дайындаған. Сүт өнімдері қосылған тағамдар ерекше орын алады. Қызанақ пен пияздан, саңырауқұлақтан, қымыздықтан, қалақайдан, бақбақ жапырағынан, жолжелкеннен, картоптан, сәбізден жасалған салаттар және т.б. қолданылады. Еттен, балықтан суық жеңіл тамақтар дайындаған. Жеңіл тамақ ретінде қуырылып, суытылған, қамыр қосылған ет, үйде жылқының немесе сиырдың етінен жасалатын шұжық түрі қазы, қарта дайындайды. Қақталған, тұздалған, сонымен қатар кептірілген қазы еті татарлардың сүйікті тағамы болып табылады. Кейбір жеңіл тағамдарды ыстық күйінде ұсынады. Мысалы, қалжа — бұл жеңіл қуырылып, кейін пісірілген ет орамасы. Сорпалар (ет, балық және т.б.) кеңінен мәлім. Кең таралған тағам кеспе көже (аш) болып табылады. Ет сорпасынан клецк қосылған көже (сал-ма), куллама-аш (клецк қосылған пісірлген ет). 

Әзірбайжан 

5fbcd15f26268babbad2ea530beef03b.jpg

Әзірбайжандардың тұрмысындағы анағұрлым дәстүрлісі тағамдары болып қала береді. Қазірге дейін ауылдық жерлерінде тандырда пісірілген бидай ұнынан жасалған нанды ұнатады. Сонымен қатар, ұзыншақ болып келетін чурек-фэтир, көп уақыт сақтауға болатын жұқа нан — лаваш пісіреді. Сүттен май мен қатық жасайды. Сонымен қатар жингал деп аталатын ұннан жасалған тағамдарды жақсы көреді, балапандардың ішіне жаңғақ салып, істікте қуырады, балықтың ішіне тартылған ет салып тандырда пісіреді. Апшерон өзінің дюш-парасымен, яғни ұсақ тұшпараларымен және кутабтарымен әйгілі. Сұйық тағамдардан әсіресе пити, кюфта-бозбаш, хамраши, көк шөп қосылған сүттен жасалған довга-суп және т.б. кеңінен танымал. Тартылған қой етіне күріш және әр түрлі дәмдеуіштер қосып, оны жүзім жапырақтарына немесе ерекше дәм мен хош иіс беретін орамжапыраққа орап пісірілетін долма да жалпыға танымал тағам болып саналады. 

Корей 

3276541da30f58176a2fd9035dd48b00.jpg

Корейліктердің тағамдарының ішіндегі куксу, үзбе кеспе сучэби тағамдары негізгі тағамдар болып табылады. Оны бидай, жүгері, қара құмық және картоп ұнынан әзірленеді. Куксуды ұсақтап турап бұқтырылған етпен, көкөніспен, қызыл үгітілген бұрышпен суытылған немесе ыстық сорпамен қоса береді. Қосымша тағамға көже, тұздықты сорпа, қайнатпа, қою ет (балық) сорпасы, кимчхи, көкөніс салаты, майға бұқтырылған және қуырылған ет (балық), қақталған ет (балық), теңіз өнімдері (моллюскілер, трепангілері) тағамдар. Шалғам, орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, баклажан, картоптан дәмдеуіштер қосылған көкөністер, туралған көкөністер мен шөптерден жасалған салаттар чхэ салаттар дайындалады. Ет тағамдарынан сиыр, шошқа, тауық еттері көп қолданылады. Ет пен балықты шикі (хвэ), тұздалған, маринадталған, қақталған, бұқтырылған, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Корейліктердің тамақтарында бұршақ тұқымдас: соя, жасыл бұршақ және фасоль ерекше орын алады. Соядан корейліктер соя сүтін, соя ірімшігін, соя пастасын және соя тұздығын алады. Сусындардың ішінен күріш арағының түрлі сорттарын, брага, сонымен қатар лимон мен жеміс - жидектен, жаңғақ, зімбір, кептірілген құрма, корица және бал қосылған бал қарағай жаңғағынан жасалған әр түрлі сусындарды айтуға болады. 

Түрік 

d539781a74a25018d8b9f6f66092b86f.jpg

Дөнер кәуап —түрік тағамының ең әйгілі түрі. Біз донер кебабқа ерекше тоқталып өтейік. Түрік халқының ұлттық тағамы, түрікше «döner kebab» деп аталады, қазақша мағынасы «айналатын кәуап». Бұл кәуаптың немесе еттен жасалған тағамдарының бір түрі. Дөнер кәуап Түркияда пайда болған, бірақ кейде бұл тағам араб елінде пайда болып «шаурма» деп атаған, кейін араб елдері Осман империясының бір бөлшегі болған кезде, түріктерге келді дейді. Керісінше, дөнер кәуаптың шаурмамен ұқсастығы болса да, бұл мүлдем басқа тағам, деген пікір-де бар. Сол пікір бойынша, дөнер кәуап шашлык (кәуап), люля кәуап, адана кәуап, тағы басқа осман, әзірбайжан, Кавказ түркі халықтарының еттен қуырылып жасалған тағамдарға ұқсас, кәуаптың бір түрі, түрік халқының, тіпті түркі халықтарының тағамы. Қалай болса да, дөнер кәуаптың ең кең жайылған жері Түркия, жер жүзіндегі жұрт бұл тағамды түрік ұлттық тағамы деп санайды. 

Неміс 

c00cd000730d55f8189932b48358a562.jpg 

Дәстүрлі тағамдары — тауық кеспесі (нудль), үзбе кеспе қосылған көже, жеміс көжесі. Мерекелерде қырық қабат қосылған шошқа немесе қаз етін дайындап, бәліш (кухе) пісіреді. Ораманың (штрудель) бірнеше түрі бар. Қысқыға шошқа майын, ет және балықты сүрлейді, шұжықты әр түрін жасайды. Сусындар ішінде кофе ішкенді ұнатады. 

Орыс 

85bc89142d6e4f326e3db68cec9008d5.jpg

Бал немесе балы бар су қосылған үгітілмеген бидай, тары жармасынан жасалған ботқа — кутья кеңінен таралған. Бақша өсімдіктері ішінен ас үйде орамжапырақ жас күйінде-де, тұздалған ашытылған күйінде-де көп пайдаланған. Сонымен қатар картоп та кеңінен танымал болған, оны қуырып, пісіріп тағам жасаған. Картоп пен тұздалған қияр орыс халқының негізгі тағамдары болған. Оған қоса қара нан, ботқа және щи қосып желінетін болған. Орыс халқы сонымен бірге еттен дайындалатын тағамдар да жасаған. Негізінен олар шошқа, сиыр, қой етін сирек пайдаланған. Жылқы етін жемеген, ал, балықты тамаққа жиі пайдаланған. Сусындар қара наннан жасалған квас және сыра болған. Кейбір кездері бал мен кептірілген жидектерден сусындар дайындаған. Кисель мен компот та кеңінен таралған сусын түрлері болған. Шай 19 ғасырда пайда болды. Шайды арнайы ыдыстан (әйгілі тула самаурындары сол кезде пайда болған) қант тістеп ішкен.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?