Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: Абылай хан резиденциясы

2837
Мәдени серуен: Абылай хан резиденциясы - e-history.kz
Қазақстанның ең ғажайып мұражайы – Абылай хан резиденциясы. Аты аңызға айналған хан Абылай туралы түрлі экспонаттар тек осы мұражайда кездеседі.

«Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешені 2008 жылы ашылған. Мұражай «Абылай хан резиденциясы» деп аталады, бірақ мұнда экспозицияның орналасқанына дейін ол «Ақ үй», «Абылай ханның үйі», «Әскери лазарет» деп аталған. 1917 жылға дейін Абылай хан резиденциясының қабырғасында әскери лазарет жайғасқан. Кейін, КСРО кезінде, бұл жерде казарма орналасқан. 

Бұл үй шын мәнінде Абылай ханның меншігінде болған ба? Ол осы үйде тұрып жатқан ба? Осы сауалдарға тарихшылар мен өлкетанушылар «жоқ» деп жауап береді. Тарихшы, археолог, өлкетанушы Александр Семенов 1949 жылы осы сәулет ескерткіші туралы былай деп айтқан: «Аңыздар бойынша, қайта құрылыс кезеңіне дейін осы ғимаратта хан Уәли — Абылай ханның ұлы тұрып жатқан». Екі жылдан кейін ғалым өзінің «Город Петропавловск за 200 лет» кітабында бұл үй Уәли ханның меншігінде болып, оның қысқы резиденциясының рөлін атқарған деп сенімді жазады. Қазақстанның көптеген өлкетанушылары, сондай-ақ белгілі тарихшы мен өлкетанушы Виль Галиев, мұны дұрыс деп көрсетеді. В.Галиевтің «Библиотеки и культурная жизнь Казахстана в 19-20 веках» кітабында былай деп жазылған: «1782 жылдың 1 қарашасында мұнда Уәли сұлтанды хан деп тағайындау салтанатты рәсімі өткен. Қала маңындағы елді мекенде ол (Уәли сұлтан) үшін тас үй салынды, мұнда ханның қысқы резиденциясы орналасқан». Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында тура осындай анықтама берілді. 

Үй кімнің меншігі болып табылған деген мәселедегі түсінбестік келесі бір себептен пайда болды: Абылай ханның сұрауымен және патша үкіметінің рұқсатымен Есіл өзенінің қасында бір үй шын мәнінде салынған еді. Үй ағаштан салынған. Ол «мекендуге» және «дау-жанжалды» шешетін жерге арналған. Аңыз бойынша, бұл үй өртке ұшырады, ал оның орнында осы екі қабатты тас үй салынған. 

212b1b6b60901570bfc5783ca7621a27.jpg

Бұл ғимаратты Абылайдың үйі деп аталатыны туралы талас көп. Қазақстан ғалымдары келесі дәлелдерін келтіреді: 1756 жылы салынған үй «хан резиденциясы» болып табылмаған, өйткені осы кезде Абылай тек сұлтан атағына ие болып жүрген. 

Қалай болса да, кейбір ғалымдар ескерткішті Абылай хан резиденциясы деп атаудың қателегін дәлелдеп жүргенде, мұражай есігі келемін деушілер үшін ашық болып қала береді. Біздің ойымызша, ең бастысы, Абылай ханның осы үйге жанама қатысы бар. Мұражайда XVIII ғасырдағы ең дарынды саясатшының тұлғасын ашып бейнелейтін баға жетпес қойылымдар көрсетіледі.

650b6bf9fef9bb9d1ce97a02090de004.jpg

Қазақстанда «Абылай хан резиденциясына» ұқсас ескерткіш жоқ. Еліміздің бірде-бір мұражайында осы тарихи тұлғаның бейнесін ашып көрсететін тура осындай ауқымды қойылым жоқ еді. Мұражайға келушілер бірінші залдан ханның шежіресі, Абылайдың қиын балалық пен жастық шағы, Абылайдың қолбасшы мен болашақ мемлекеттік қайраткер ретіндегі дамуы туралы мәліметтер алады. Айтпақшы, Абылай 20 жасында хан болып тағайындалған. Сонымен бірге, мұнда XVIII ғасырдың әскери қару-жарақтың керемет үлгілерін тамашалай аласыздар. Осындай қару-жарақ қолданған қазақтар жоңғарлармен соғысқан еді. 

45f67a96afb78d2683644d4e1572074f.jpg

Келесі залға кіргенде, ханның өзіне арналған бөлмеге тап боласыз. Мұндағы қойылымдар дәстүрлі қазақ стилінде орындалған. Сүйекпен әшекейленген ағаш кереует, металлдан жасалған, қаптамалары бар киім ілгіш, оюланған сандықтар, қол өнерінің жемісі болып табылатын кілемдер және көптеген басқа заттар көрсетіледі.

Үшінші залда Абылай ханның мүсіні бар еді. Мұнда ханның мөр-жүзігі, төске тағатын әшекейлері, қару-жарағының үлгілері, әйелдер мен әйерлердің киім үлгілері бар. 

Соңғы, төртінші залда, әртүрлі тарихи құжаттар мен жәдігерлердің негізінде Абылай тұлғасының бейнесі ашып көрсетіледі. Осы залдағы жәдігерлер Абылай ханды шебер саясатшы әрі дарынды елші ретінде бейнелейді. Абылай хан Қытай мен Ресей империясы елдеріне қатысты қандай саясатты ұстаған, Қазақстан және Сібір арасындағы сауда қарым-қатынастарын қалай орнатқан — осының бәрі соңғы залға кіргенде, түсінікті болады. Абылай хан Қазақ хандығын нығайту мақсатын көздеген. Хан өз мақсатына жеткен. Абылай ханның арқасында, қазақ халқы өз тұтастығын, дәстүрлері мен тілін аман сақтап қалған еді. 

«Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешені Петропавл қаласы, К. Сүтішев көшесі 1б мекенжайында орналасқан. Мұражай сейсенбі-жексенбі аралығында сағат 10-нан кешкі сағат 18-ге дейін жұмыс істейді. 

Материалды дайындау барысында көрсетілген көмек үшін Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына, «Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешеніне алғысымызды білдіреміз.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?