Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихы

1957
Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихы - e-history.kz
Қазіргі кезде Қазақстанда 50 мыңнан астам поляк ұлтының өкілі тұрып жатыр.

Қазақстандық поляктардың көптегендері Орталық Украинадан 1930-1940-шы жж. жер аударылғандардың ұрпағы болып саналады. Поляк қауымының өкілдері негізінде Солтүстік Қазақстанда, Ақмолада, Қарағандыда, Павлодар облыстары мен Астанада тұрады. Алматы облысы мен Алматы қаласында-да көп поляк тұрады. 

1930-1940-шы жж. жаппай қуғын-сүргін кезінде Қазақстан кеңестік мемлекеттің тоталитарлық жүйесінен зардап шеккен халықтардың үйіне айналып кеткен. Жүздеген, мыңдаған әртүрлі ұлт өкілдері туған жерінен айырып, жер аударып жіберілген. 

Қазақстанға жер аударылған халықтардың ішінде поляктар бірінші болған. Құжаттар мен мұрағаттарға талдау жасай отырып, зерттеушілер кеңестік кезеңдегі поляктардың жер аударуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады: бірінші — 1936-1937 жж., және екінші — 1939-1940 жж.. 

Бірінші кезеңде қуғын-сүргін саясаты КСРО-ның барлық аумақтарында тұрған поляктарға қатысты болды. Кеңестік азаматтар болып табылатын поляктар да жер аударылып жіберілген. Зерттеушілер көрсеткендей, КСРО-ның Польша еліне қатысты ұстанған саясаты конфронтациялық болған, бұл-да жер аударудың басты себебі болған. Тағылған айыптар стандартты болған: «саяси сенімсіздік», «тыңшылық», «диверсиялық қызмет». Жер аударып жіберілгендердің бұл тобы «арнайы қоныс аударушылар» деп аталған болатын. Олар ІІХК-ның қатаң бақылауында болып отырған. 

Осы кезде жер аударып жіберілгендердің жалпы саны 50 мың адамнан асты. Оларды Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Семей облыстарында орналастырған еді.

КСРО мен Германия елі Польшаны өзара бөліскен еді, поляктардың екінші қоныс аударуы осы кезеңге байланысты болды. 1939 жылы Батыс Украина мен Батыс Беларусь еліне кеңестік әскерлер басып кірген. Поляк азаматтығы бар адамдарды қоныс аудартты, ал осындай адамдар арасында еврейлер, украиндар, беларустар мен басқалар да болды. Оларды «қоныс аударушы мен қашқындар» деп қабылдап, өкімет тарапынан оларға деген көзқарас онша қатаң болмаса да (мысалы, өкімет «арнайы қоныс аударушыларға» қатаң көзқараспен қарады), бұл туралы тек салыстырмалы түрде ғана айтуға болады. Жоғарыда көрсетілен облыстардан басқа, Талдықорған, Жамбыл мен Алматы облыстарына да осындай адамдар қоныстандырылды. Осылай, 1939-1940 жж. жер аударылғандардың жалпы саны 61 мың адамнан асты. 

Соғыс басталар алдында Қазақстанда 130 мыңнан астам поляк тұра берді. Соғыстың алғашқы айларында олардың саны тағы да 50 мың адамға ұлғайды. «Сенімсіз халықтар» деп аталғандардың отбасылары, ал олардың ішінде егде адамдар мен балалар да болды, жүк пойыздары және малға арналған вагондармен тасымалданған. Қоныс аударушыларды клубтарға, тасталған жерлерге, атқора мен қораларға орналастырып қоя берген. Ол жердегі климаты шұғыл континентальды болған, сонымен бірге, қоныс аударушылар аштыққа да ұшыраған, сондықтан адамдар жаппай өле бастады. Тек қана жергілікті халықтың қонақжайлылығы мен олардың көмегі арқасында ғана қоныс аударушылар тірі қалған еді. Қазақтар поляктарға баспана әрі тамақ беріп, кейде тіпті қалған соңғы тамақты да бере қойған еді. Қоныс аударудың тірі куәгерлері, олардың ұрпағы-да, мұны есіне ала отырып, оларды құтқарған адамдарға жылы ықыластарын білдіріп жатыр. 

Қазақстанға қоныс аударылған поляктар республиканың шаруашылық пен экономикалық саясатына атсалыса бастады. Қарағанды зерттеушілері жазғандай, ал олар Қарағанды облысына қоныс аударылған халықтардың көшу тарихын терең зерттеп жатыр, поляктар облыстың әртүрлі өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында да еңбек етті. Ал 1956 жылы олар «арнайы қоныс аударушылар» ретінде тіркеуден шығарылды, сондықтан да көптегендер шаруашылықты басқарады, сонымен ауыл шаруашылығының дамуына өздерінің қомақты үлестерін қосып берді. Жер аударылған поляктардың тарихы құжаттарда сақталып, ауызекі әңгімелердің арқасында да сақталады. 

Қазіргі таңда Қазақстанда тұратын әрбір поляк отбасында қоныс аудару туралы қайғылы естеліктер ауыздан-ауызға таралып жатыр. Соның барлығының арқасында олардың ұрпақтары және барлық қазақстандықтар да осы кезде болған тарихты көз алдында елестете алады. 1930-1940 жж. халықтар жаппай жер аударып жіберілген, осы кездегі оқиғалар жер аударылған халықтар мен Қазақстанның тағдырын біржола өзгертті. 

2011 жылы Қарағанды облысының Абай, Шахтинск аудандарында ауызекі әңгімелер жазып алынған. Енді соларға назарымызды аударайық... 

Василий Александрович Урбанскийдің әкесі 1936 жылы он алты жасында болған еді, осы кезде әке-шешесі, туыстарымен бірге оны Целиноград облысына әкеліп қоныстандырды. Василий Александрович өз балаларына былай деп айтқан: «Украинамен, туған жерімен қоштасқанда, зар еңіреп жылап жатқанбыз. Қандай-да бір мақсатта белгісіз жерлерге жер аударылып жіберетін адам қайғыдан басқа не сезінер еді? Оларды Шортанды ауданының Новороменка ауылындағы клубтарға орналастырып қойды. Жер үйлерді тұрғызған. Мұнда Василий поляк қызы Нина Мацевичпен танысады. Ол комбайншы болып жұмыс істеді, ал Нина — сауыншы». Қызы Валентина Васильевна былай деп есіне алып жатыр: «Өте ауыр тұрып жатқанбыз, жер астынан қызылшаны ұңғылап, суық суда тұрып, қамысты орып тұрдық. Анам далада босанды. Соғыс кезінде бес баласы қайтыс болды. Немере қарындасым Виктория Станиславовна мұғалім болып, Қарағанды қаласындағы «Полония» ұлттық-мәдени орталығында көп жыл бойы жұмыс істеген. Ол балалар тобымен Польшаға бірнеше рет барып келген. Ағам Польшада тұрады. Мен де кетейін деп армандап жүргенмін. Бірақ та Қазақстан екінші отаныма айналып кетті». 

Жер аударылып келген поляктардың қызы Камилия Добжанская отбасының жер аударуы туралы бала болған кезіндегі естеліктерін есіне ала отырып: «75 жыл бұрын болған оқиғалар туралы айту маған қиын болады. 1936 жылдың мамырына дейін өз отбасымен бірге Украин КСР-ның Житомир облысы Новоград-Волынский ауданының Тисновка ауылында тұра бердім. Осы кезде жасым 8-ге жетті.

Есімде сақталып қалғандай, 1936 жылдың мамыр күндерінің бірінде әке-шешеме затарын жинап, ауданымыздың Майдан станциясына келу үшін 24 сағат берілген, осы жерден белгісіз бір мақсатта белгісіз бір жерге көшіп кетеміз деп айтылған. Украинадағы соңғы түнім мәңгілікке есімде қалары сөзсіз. Әпкесі Мариямен бірге пеште жатып ұйықтадық, атамыз Казеразский бізбен бірге болды, ол ешбір жерге баруға дайындамай отырды,өз немерелерімен ерекше сөйлесетін болды. 

Таңертең аттарға жеккен арбаларда Майдан станциясына аттандық, мұнда көптеген жүк вагондарынан тұратын бір көрініске тап болдым. Бірнеше сағаттың ішінде біздерді жүк пойызына отырғызатын болды. Пойыз құрамында шамалы 20 вагон болды. Біз, балалар, осы кезде түсінбей қарап отырғанбыз, ал әке-шешелеріміз бізден де ыстық болып көрінген бір нәрсемен қоштасып тұрған. Әрине, Қазақстанға дейінгі жолымыздың барлық ұсақ-түйектері есімде жоқ еді, бірақ та үш аптадай уақытында жүріп жаттық. 1936 жылдың маусымында Кокчетав облысының Тайынша станциясына жеттік. Осылай, біздер үшін Қазақстан екінші отаны болып кетті». 

Қазіргі кезде бүкіл Қазақстан бойынша облыстық пен аудандық поляк этномәдени орталықтары өз қызметін атқарады. Поляк тілінде газет пен журналдар шығарылады, қазақстандық барлық мерекелерге поляк би ұжымдары, поляк тілінде ән орындайтын ұжымдар-да қатысады. Әрбір этномәдени орталықта жексенбілік мектептер, тілді оқыту курстары жұмыс істейді. Әртүрлі қазақстандық-поляк білім беретін бағдарламалары-да бар, солардың негізінде әртүрлі жастағы поляк ұлтының өкілдері поляк тілін тереңірек үйрену, өз тарихи отанының тарихы мен мәдениетін тану үшін Польша еліне барып тұрады. Қазақстанда тұратын поляктар өз бабаларын есінен шығармай, аға буын өз ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтей отырып, өздерінің балалары мен немерелеріне насихаттап жатыр, ал жастар тіл мен тарихқа қызығып қарайды. Қазақстан соның барлығын қолдап, тиісті жағдайлар жасайды. 

Дереккөздері тізімі: 

1. Ю.А. Демьянованың «История депортации в устных рассказах поляков» мақаласы «Из истории депортации поляков в Казахстан в период II мировой войны» кітабынан алынған.

2. С. В. Елеуханованың «К вопросу депортации поляков в Казахстан (30-40-е годы XX века)» мақаласы «Из истории депортации поляков в Казахстан в период II мировой войны» кітабынан алынған. 

3. Иосиф Сталин — Лаврентию Берия: их надо депортировать. Құжаттар, деректер, түсініктемелер. М.- 1992. — 30–31 бб. Спецпереселенцы в Карагандинской области. Мәліметтер мен құжатардың жинағы. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2007. — 325 б.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?