Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Алаш» сериясы. Алмас Сырғабайдың шығармашылық әлемі

1958
«Алаш» сериясы. Алмас Сырғабайдың шығармашылық әлемі  - e-history.kz
Ол өз ісіне түбегейлі беріледі. Оның шығармашылық қайраты қарындаш, бояу, қағаз бетіне бағытталған. Ол – оның өнері, алла берген тума таланты

Атақты суретші Пабло Пикассо: «Барлық адам балалық шағында суретші болады. дегенмен біршамасы ғана өскенде сол бағытынан айнымайды», – деген. Суретші Алмас Сырғабай жастайынан Әлихан мен Алаш тұлғаларымен «ауырды», сол қайраткерлердің шығармашылығы мен ұлт тарихындағы орнын зерделеді. Санасында жетілді. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан тұсында картинка болып жаңғырды. Міне, суретші мен алаш тақырыбы осындай... 

Елорда төріндегі зәулім ғимарат (Ұлттық кітапхана) бізді құшағына шақырып тұрғандай әсерге бөлейді. Өйткені онда біздің, яғни алқалықтардың суретші ағасы бар. Түскі үзілісте болсын, кешкі бос уақытта болсын, ағаның кабинетіне асығып тұрамыз. Күнде бір картинканың тұсауын кесіп, ағаның әсерлі әңгімелерін тыңдаймыз. Суретші ағаның жайсаң мінезі мен нәзік жүрегі бауырларын баурап алып отырады. Ол бәрімізді бауырына баса отырып, «Сендер мықтысыңдар, талантысыңдар» деп арқамыздан қағады. Бәріміздің сырымызға үңіліп, жанашырлық танытады. Жеткен жетістігімізді көріп, марқаяды... 

f5aa42fd34f1b07dda71278406ba20b2.jpg

Әлекең (Алмас ағамды осылай атаймын): «Алаштың қайраткерлерінің қуатына қайран қалам», – дейді. Осы таңдаңысының барлығын қылқаламнан сурет болып төгілдіртеді. Бұл – суретшіге тән ерекшелік. Суретші ағамның картинкаларының әрбірі ұлттық болмысты суреттеп, қазақы ерекшеліктің исін аңқытады. Әсіресе өзінің «Менін» сол картинкалардан біз де тани аламыз. Суреттің ішкі әлемінде ағамның қайсар мінезі, салмақты ойы, өмірге деген ұмтылысы көрініс тауып отырады. Ағаның сурет салған кездегі құштарлығын жазушының көркем проза жазудағы шеберлігімен бағалауға толық негіз бар. Ол өз ісіне түбегейлі беріледі. Оның шығармашылық қайраты қарындаш, бояу, қағаз бетіне бағытталған. Ол – оның өнері, алла берген тума таланты. Суретшінің ғұмыры, әлемі – суретшінің өзі. 

Әлекең суреттерінің ішіндегі қатты әсер қалдырған, мен үшін шоқтығы биік картинкалары – «Алаш» сериясы. Алаш қайраткерлерінің, халық қаһармандарының суретін беруде ұлттық код ұйықталған. Ұлт болмысын осылайша «Алаш» сериясында ерекше суреттеліп, мән-маңызын арттыра түсірген. Суретшінің қиялы қанатты, ойы өрнекті, қарындашы қарымды, суреті рухты... 

95c4416966f5259c5572085c459d67e5.jpg

«Алаш» тақырыбы сериясындағы суреттерін көргенде рухтанып, жан сарайынды рахат сезімге шомылып, суретті картинканың түпкі сыры сол дәуірдің болмысына жетелеп кететіндей. Осындай да Әлекең салған суретпен Әлиханның заманын көріп келуге асығатындай боласың. Әйткені ұлы бабамның көрген шерлі мұнын мен сезіп білсем, ар алдында, ұят алдында бабам үшін ерінбей еңбектенем бе деп ойланамын. Әлекеннің «Алаш» сериясы осы жаңалығымен мәңгілік қазақ суретінің шоқтығына көтеріле бермек.

Алтынбек Құмырзақұлы.

Микеланджелоның даңқын аспандатқан – атақты «Кентаврлар шайқасы» картинасы болса, Алмас Сырғабайдың суретшілік имиджін қалыптастырған – қазақтың тарихи тұлғалары. Олар: Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлері және Мұқағали Мақатай.

Елдос Тоқтарбай.

Алмас Сырғабай – мықты суретші. Бұл мықтылығын мен ғана емес, бүкіл қазақ жұрты біледі. Өйткені ғасыр ақыны Мұқағалидың арман тұлпарын қыл қаламмен сөйлетіп, xалыққа жеткізе білуі ақынның жан дүниесіне деген үндестігі болса керек. Ғасыр ақыны өлеңмен сурет салып бүкіл табиғатқа тіл бітірсе, Алмас аға қылқаламның құдыретімен бүкіл адамға ортақ тілмен табиғатты да, өлі бейнені де сөйлете білген нағыз шебердің өзі екенін бәріңіз білерсіздер.

4c0993bb93c0d77b9258821f2888935c.jpg

Тұнып тұрған адамшылық, қазаққа тән жайдарлық, азаматқа тән мінезділік, адамдыққа тән жанашырлық, мейірімділікке тән бауырмалдылық, өзгенің жолы болсын дейтін көпшілдік... Міне мұның бәрі-бәрі Алмас ағаның бүкіл болмысында бар.

Айжамал Көпеева.

Мұқағалимен «ауыратын» бұл суретшіні бұрыннан білетін едім. Сырттай. Алматыда өткізген көрмелерін естіп, даңқына қанық болдым. Өнер адамы – өнер деген ұлы мұхиттың ішінде адаспай өзін тапқан адам. Сүрлеу-соқпағын жасап, сол жолда аянбай қызмет қылатұғын жан. Әлекеңнің Мұқағали десе ішкен асын жерге қоярын көбі біледі. Мен де білемін. Бала шақтан жастанып оқыған ұлы шайырдың жырлары оның қылқаламының басты тақырыбына айналған. Егер сіз ақбоз ат, қаламұш, кітап, дәптер, қағаз, аққулар, көл, тау, қарағай, шырша, құстар, тұмса табиғат, тағысын тағыларды ұлы ақынның фонынан көрсеңіз, онда ол суреттер Алмас Сырғабайдыкі деп есептей беріңіз.

33748f282e82cd003b05cb5a09f96835.jpg

Күндердің күні Астанадағы кітапханадан Әлекеңнің көрмесіне ойда-жоқта жолым түсті. 31 мамырдағы қаралы тарихқа арналған көрменің мазмұны, қойылған туындылар мен көрсетер сабақ барынша ашылған. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш ұлт-азаттық күресінің қаһармандары, Алаш Орда ұлттық үкіметінің мүшелері және ұлттың біртуар перзенттерінің портреттерінің орындалу техникасының жоғарылығымен, орналасу ретімен мені тәнті етті.

Келе-келе танысып білістік. Ақбас Алатаудың, хан қаһарындай суық Хан-Тәңірінің шыңдарына бала жастан көз салып өсіпті. «Бала өлгенше шал өлсін» деп қасарысқан қайсар рухты шалдардың ұрпағы екен. Әуезовтің «Қилы заманында» суреттелетін киелі мекен, көрікті өлке – Әлекеңнің атажұрты, анабұлағы. Енді айтыңызшы: атақты Қарқара мен Асы жайлауларында туған адамның суретші болмауы мүмкін бе?

Әлекең – сан қырлы дарын иесі. Қырағы фотографтығы, кітапты безендірудегі шеберлігі, мұқаба жасаудағы ойлылығы, ұйымшылдық һәр басшылық қабілеті, қыл аяғы көркем мінезі оны өз қатарының талайынан асқақтатып тұрады-ау! Осы қалпынан танбаса, Болатхан баласының мынау жалпақ әлемге әйгілі ұлт суретшісіне айналғанын күнін көру маңдайымызға жазылар.

Заңғар Кәрімхан.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?