Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Астана» ұлттық сурет галереясында графика және мүсін залы ашылды

2811
«Астана» ұлттық сурет галереясында графика және мүсін залы ашылды - e-history.kz
«Астана» ұлттық сурет галереясында графика және мүсін залының салтанатты тұсаукесері өтті. Экспозицияда ұлттық бейнелеу өнеріне зор үлес қосқан суретшілердің еңбектері көрсетілді.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында («жылымық жылдары») Қазақстанның көптеген дарынды суретшілері, графиктері, мүсіншілері өздерінің өнерімен жарқырап шықты. Бұл — суретшілер Құлахмет Ходжиков, Евгений Сидоркин, Мақым Қисамединов, Исатай Исабаев, Хасен Абаев, Валентин Антощенко-Оленев, Михаил Антонюк, Константин Баранов, Николай Гаев, Николай Аштема, Шоқан Төлеш, мүсіншілер Хәкімжан Наурызбаев, Анатолий Билык, Гюнтер Гуммель, Ескен Сергебаев, Еркін Мергенов. Олардың есімдері бүкіл Қазақстанға кең таралды. Бейнелеу өнерінің шеберлері бүкілодақтық көрмелердің лауреаттары болып атанды. Олардың еңбектері ірі еуропалық симпозиумдарда шеберлігімен көпшілікке танылып, Қазақстан бейнелеу өнерінің қорын толтырды. 

aba6a6e91b54d3588ac5863f91eaa4e0.jpg

db2a3a0cee171d3a8c2e472b5623bde4.jpg

Аталған классиктердің еңбектері «Астана» ұлттық сурет галереясының графика және мүсін залында көрсетілді. Көптеген туындылар Қазақстанның тарихы, мәдениеті, әдебиетіне арналады.

 

001fd70c7169ae16ee931c56aa601990.JPG

Валентин Антощенко-Оленев 

ae7f70fdfcda84aaa1998c0278614776.jpg

Михаил Антонюк 

cbc5f03bdf1e85d4020ea201bfc0d74b.jpg

Исатай Исабаев 

Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевтың шәкірті Бақытбек Мұхамеджанов көрмеге келушілердің бірі болды. «Хәкімжан ақсақал көркем училищедегі мүсін өнері бөлімінің ашылуына қол жеткізді. Мен Темір Жүргенов атындағы Алматы театр және кино институты көркем факультетінің мүсін өнері бөліміне оқуға түстім. Мұнда Хәкімжан Наурызбаев сабақ берді. Ол кісі диплом жұмысымның жетекшісі болды. Өте жақсы мұғалім болды», — дейді мүсінші, профессор Бақытбек Мұхамеджанов. 

8fb5ef69ca7ef21fadb549172131dd83.jpg

Хәкімжан Наурызбаевтың «Жамбыл портреті» мүсінінің қасында Бақытбек Мұхамеджанов тұр 

Хәкімжан Наурызбаев 300-ден астам туындылардың авторы болып табылады, жұмыстарының арасында Алматыда орнатылған Абай Құнанбайұлы мен Шоқан Уәлихановқа арналған белгілі ескерткіштер бар. «Наурызбаевтың жұмыстары өте көп болды, негізінде, ірі ескерткіштер. Мысалы, Алматы қаласындағы Абай ескерткіші Абай даңғылы мен Достық көшелерінің қиылысында орналасқан. Оны ақынға арналған, Қазақстанда орнатылған ең үздік ескерткіш деп санаймын. Хәкімжан ақсақал Абайдың портретін ғана емес, ақын бейнесін жасады. Жамбыл, Әуезов, Сейфуллин мүсіндерінің авторы болды. Негізінде портрет жанрында жұмыс істеді, оның осындай жұмыстары мықты болды»,— дейді Бақытбек Мұхамеджанов. 

Бұл танымал Анатолий Билыктың мүсіні. Оның аты аңызға айналды. Майталман мүсінші Анатолий Билыктың есімі Қарағанды қаласының құрылысымен тығыз байланысты. Анатолий Билык өз жұбайымен бірге Қарағандыға Украинадан көшіп келеді, осы кезде Қарағанды бірнеше көшелерден тұратын шағын ғана қала болды. Осылай, мұнда қалады... «Шахтер даңқы» монументі, металлургтарға арналған ескерткіштер — шебердің қолынан шыққан кейбір туындылар ғана. 

1f6d5d9cba0371ff86df2406f4c7ab1c.jpg

Қазақстан суретшілерінің графикалық парақтары, линогравюра сериялары, литография жұмыстары көрмеге қойылған. Өкінішке орай, қазіргі баспаларға суретшілер-графиктер керек емес, көркем графиканың жанр ретінде жойылып кету қаупі бар. Қазіргі таңда Сидоркин, Исабаев, Қисамединов, Абаев сияқты кәсіпқой шеберлер жоқ екен. 

Евгений Сидоркиннің графикалық жұмыстары өте қызықты. Ол И.Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітіріп, өз жұбайы — атақты суретші Гүлфайрус Исмаиловамен бірге Қазақстанда келді. Бұрын қазақстандық мәдениет, тарих, әдебиетті танымаған суретші бейнелеу өнері саласында осындай керемет жауһарларды жасап шығарды. Сидоркин өз шығармашылық жолын тауып алды. Ол оқыған әдеби шығармалардағы бейнелер, сюжет желісін керемет жеткізе білген. 

980709999ba06fa9112cb5c8eceb1e96.jpg

d9ba2d7f0ece5588797e8c09d21353c8.jpg

Бейнелердің айқындылығы, көркемділігі — Евгений Сидоркиннің шығармаларына тән белгілер. Қазақстан Республикасының халық суретшісі Е.М. Сидоркиннің баспалық және өзіндік графикасы: «Сәкен Сейфуллинді оқығанда», «Қазақ халық ойындары» серияларынан, «Қазақ жырларына», М.О.Әуезовтін «Абай жолы» романына арналған туындылары ұсынылған. Отыз жылдың ішінде суретші қазақ халқының көпеген аңыздарына өз иллюстрацияларын жасады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Қамбар батыр», «Қобланды», «Айман-Шолпан», «Алпамыс батыр» жырларына да өз иллюстрацияларын жасады. 

bb7aed96d5219b961a2c02e93eeac1bf.jpg

dd0d2301ad9596639c6ca7807a597084.jpg

Мақым Қисамединов деген атақты график-суретші бар. Ол Махамбет Өтемісұлының тамаша графикалық портреттерін жасаған болатын. Ол ақынның қайратты және трагедиялық бейнесін ашып көрсетті. Оның графикалық еңбектері ақынның 200 жылдығына арналған «Менің атым — Махамбет» кітабына енді. Гетенің «Фауст» кітабына арналған графикалық жұмыстардың сериясы да керемет болып, Лейпциг қаласындағы халықаралық байқауда жоғары марапат алды. 

845139ab9e40956f55de5bbeeb977f8d.jpg

Әйгілі суретші Исатай Исабаевтың туындылары Қазақстан бейнелеу өнерінің алтын қорына жатады. Ол мыңнан астам графикалық және бейнелеу өнеріндегі жұмыстардың автры болып саналады. XX ғасырдың 60-шы жылдардағы мүсіншілер, суретші-графиктердің еңбектері Қазақстан мәдениетінің асыл қазынасы болып табылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?