Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

КарЛагтың құрылған күні - 19 желтоқсан

3417
КарЛагтың құрылған күні - 19 желтоқсан - e-history.kz
Адамзат тарихында қасіретімен ғана есте қалған КарЛаг ашылған күні - 19 желтоксан. Дәл осыдан 82 жыл бұрын ашылған лагерь миллиондаған тағдырды өзінің темір торында ұстады.

 Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері ұйымдастырылып, орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосында орналасты. Карлагтың аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатты. Аталмыш лагерді ұйымдастырудағы басты себептердің бірі - Орталық Қазақстанда жедел қарқынмен өсіп келе жатқан көмірлі-металлургиялық өндіріс орындары: Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған және Балқаш мыс балқыту комбинаттары үшін ірі азық-түлік базасын құру болды. Осыған орай жергілікті тұрғындарды ықтиярсыз қоныс аудартып, бос қалған жерге көптеген тұтқындар колоннасын орналастырды. Бұл колонналар басқармасы тікелей Мәскеуге және НКВД-ға бағынды және оның өзінің билігі, қару-жарағы, көлігі, поштасы мен телеграф байланысы болды. Долинканың аймағы жан-жағынан темір торлармен қоршалып, оған кіру арнаулы рұқсат қағазы арқылы жүзеге асты. Лагердің іші тағы да екі аймаққа бөлініп, әрбір бұрышына күзет мұнарасы қойылды. Жалпы Қарлаг жұмыс істеген уақытта мұнда 1 миллионнан астам адам тұтқында болды. Лагерь 1959 жылы таратылды.

032499469486c9703c4407f918b54a9c.jpg

Лагерьдегі тергеу сәттері.

1a6e4ab087fba6fd216c9ba9d8b55224.jpg

Жазасын күтіп отырған "халық жауы".

8d72a8f66cef0a244d18171f48d0aa87.jpg

Жаза қолдану.

ffc85ef6b5c180b17721b53c9e7094d1.jpg

Аяғы ауыр әйелдердің нәрестесін шетінетуге арналған құдық. Осы су толы құдыққа (әлі сақтаулы - авт.) толғағы жеткен әйелді босандырып, нәрестесін өлі туғызатын.

934714a3c31b2bf199c6734e78502350.jpg

Камера ішіндегі әйелдер.

40ea152c764bc49da91074371b365cb5.jpg

Жазалауға арналған бөлме. Бұл жерде биік орындыққа аяғын жерге тигізбей отырғызу, төбесінен су тамшылату, дарға асу секілді жазалар қолданылған.

d621a53d9af52a699ed4aec583428673.jpg

КарЛагтағы балалар зираты.

Бүгінде Қарағанды облысының Долинка кентінде жоғарыда көрсетілген камералар, бөлмелер мен азапты көріністердің диоромасы сақталған. Музейдегі бұл көріністер тек зұламат күндері азап шеккен жандардың рухына қойылған ескерткіш болып табылады.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Ақпарат көзі: baq.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?