«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

200 жыл бұрын қазақтардың саны канша болған?

6965
200 жыл бұрын қазақтардың саны канша болған?
ХІХ ғасырдың басындағы қазақтардың саны туралы мәліметтер көп емес, сондықтан Орынбор губернаторы князь Г. Волконскийдің жазбасы біз үшін қызығушылық тудыруда

Волконскийлер әулеті 1246 жылы Ордада қинап өлтірілген Рюриктердің ұрпағы Әулие кінәз Михаил Всеволодович Черниговскийден тарайды. Олар патша сарайы қасында әскери, елшілік қызметтерді атқарды. Федор Федорович кінәзі 1650 жылы боярин дәрежесін алды. Әкесі, кінәз Семен Федорович (1703-1768), Жетіжылдық соғысқа қатысып генерал-аншеф шеніне дейін көтерілген. Григорий Семенович Волконский (25 қаңтар 1742 - 17 маусым 1824) – 1 және 2 орыс-түрік соғыстарының қатысушысы. Көптеген марапаттарға ие болған.

1803 жылдың шілде айында Александр І кавалерия генералы кінәз Волконскийді Орынбор әскери губернаторы қылып тағайындады.  Осыдан басқа Волконский Орынбор инспециясының инспекторы қызметін атқарады, қосымша міндет болып оған Орынбор губерниясының азаматтық бөлімшесін басқару да жүктеледі.

1804-1805 жылдары әскери губернатор Орынбор губерниясы мен оған тапсырылған әскерилерді 2 рет тексерістен өткізеді.

Орынбор әскери губернаторы қызметінде жүріп кінәз Волконский « 3 ордадағы (жүздегі) қырғыздардың саны  және олардың айналысатын сауда түрлері туралы тізімдемені» құрады.

Бұл дереккөзде казақтардың 3 жүз бойынша (деректе 3 орда деп көрсетілген) ру-тайпа, әулеттер сандары мен олардың көрші елдермен сауда қатынастары туралы хабар беру көзделгені анық.

«Ұлы, Орта, Кіші жүздерге бөлінген қырғыз-қайсақтар туралы»

3 ордадағы (жүздегі) қырғыздардың саны  және олардың айналысатын сауда түрлері туралы Орынбор әскери губернаторы кінәз Волконскийдің тізімдемесінде қазақтардың рулық-тайпалық құрамдары, әулеттер мен елдердің жалпы сандары, оларды басқаратын сұлтандар мен старшындар туралы  1805 жыл бойынша тың мәліметтер келтірілген.

Құжаттың түпңұсқасы орыс тілінде берілген.

Ұлы жүз қазақтары.

Дулат тайпасының 4 руы 40 000 шаңырақтан тұрады. Олардың басында Әділ сұлтан мен оның старшындары тұр.

Сырғалы тайпасының 5 тармағындағы 20 000 шаңырақты Ералы Бөкеев старшындармен бірге басқарады. Сары батыр старшынның басқаруындағы Сары үйсін Жалайыр тайпасының 2 тармағындағы түтін саны 70 мыңға дейін жетеді. Қаңлыларды басқарған Әуже Мамет болған.

Орта жүзде наймандардағы шаңырақ саны 35 мың. Олар, кезінде қытайлардан «ван» шені мен ақшалай төлем алып отырған, султан хан Баба басқаруында болды.

Арғындардың құрамында 30 мыңдай үй болған. Елдің басшылары Тіленші би, Шоң би, Байдалы би, олардың үстінен қарап, бақылап отыратын Бөкей және Ыбан сұлтандар.

Тарақтылар 4 мың үйге дейін жетті, аз ғана елдің тізгінін Бай қозы қолына алды.

Қоңыраттардан шыққан 15 мың найманға Құлан би мен Талқан батыр, Жанбай би мен Айшуақ  Есімов бас болды.

Арғынның 9 мың түтінін Бейбақыл мен Қараменді, ал енді арғындардың екі тармағынан тараған 11 мың үйдің билеушілері Уәли хан Абылайұлы мен Құлбек, Байжігіт, Ақан би, Шәуекел батырлар.

Қайып сұлтанды 2 мың үйлі арғынның қанжығалысына ие болған. Қыпшақтардың 1000 түтінін старшын Төлеген батыр өз қарамағында ұстады. 1000 мың керей старшындар Түнгіш мен Бекболаттың соңынан ерді. Қыпшақ руының 4 тармағының 3000 шаңырағы Наметек старшын мен Шимұратқа бағынды. Теңбұғы – қыпшақ елі 6 тармақта – 2000 отбасы,басқаратындар: Шолпан мен Төлеген старшиналар. Тастемір, Қонақбай, сұлтан Жәңгір  – кыпшақ руының 4 тармағында 2000 отбасы болған екен. Керейлер 4 тармақта 4000 отбасын құраған екен. Олардың басында Балықбай  мен Ыстық Рүстем сұлтан бар.

Шақшақ арғындардың 5 тармағында – 6000 отбасы. Басшылары – Мұса батыр, Меңлібай батыр, Жұма сұлтан.

Торы айғыр қыпшақтың 4 тармағында 3500 үй, басшылары – Ысырап би, Қазыбай би, Киікбай батыр, сұлтан Усен Кайыпов.

Ұзын қыпшақтың 6 тармағы 2000 шаңырақтан тұрады. Басқаратындар: Маңдай батыр мен Дербіші. Бағаналы наймандар 12 тармақтағы 6000 шаңырақты Түрікмен би, Тулақ батыр, сұлтан Тоқтамыс батыр биледі. 4 тармаққа таралған наймандар 4000 шаңырақпен Өтеміс батырға бағынды.

Тобықты арғындарда  2 тармақтағы  2000 шаңырақты Маман би, Жанбай би, сұлтан Керәлі батыр хан ұстады.

Орта жүздегі 100 тармақта 159 400 шаңырақ, Кіші жүзде 165 700 шаңыраққа дейін, Ұлы жүзде 69 900 шаңырақ болған.

Сонымен, 3 жүз бойынша шаңырақ саны 395 000, адам саны  1 млн. 200 мыңды құраған. 

Кінәз Волконскийдің деректеріне сүйенсек Қазақстандағы халық саны 1 млн. 200 мың адамға дейін жеткен. Ғалымдар бүгінгі заманауи зерттеулерде бұл тақырыпқа толығырақ тоқтала кетсе деген тілек білдіреміз.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ