Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Білім министрі ұлттық тарихты зерделеу жоспары жайлы

2015
Білім министрі ұлттық тарихты зерделеу жоспары жайлы - e-history.kz
Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағаклық етуімен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобыныңы III отырысы болып өтті.

Онда «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеуге уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысы қарастырылып, сонымен қатар жұмыс тобының бірінші және екінші отырыстарында алға қойылған міндеттердің орындалысы талқыланды.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарды жаңғырту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімдеді. Ол атап өткендей, жаңа 2013-2014 оқу жылының басталуы қарсаңында барлық мемлекеттік ЖОО-да Қазақстан тарихы кафедралары ашылып, «Тарих» мамандығы бойынша жоғары білімді, жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды және PhD докторларын даярлауға бөленетін мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылған.

Бейіндік ведомствоның басшысы ғалымдар тобы көне заманнан Тәуелсіздік алғанға дейінгі және Қазақстанның жаңа ұлт тарихы жөніндегі базалық оқулықтарды жазып шығу жөніндегі жұмыстары бастап та кеткендігін жеткізді. Тарихшы ғалымдар 2014-2016 жылдарға арналған «Халық тарих толқынында» тарихи зерделеу бағдарламасын әзірлеуде.

Одан әрі Аслан Сәрінжіпов төмендегі бағыттар бойынша жүргізіоліп жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Оның біріншісі – «Ұйымдастыру және жоспарлау» шарасы шеңберінде 7 іші іс-шара қарастырылған. «Қазіргі кезде Мемлекет басшысының атына ұлттық тарихты зерделеу бойынша барлық жұргізілген жұмыстар мен жаңа тұжырымдамалар туралы жан-жақты баяндама дайындаудамыз. Баяндаманы дайындау мәселесі Министрліктің кеңейтілген алқа отырысында талқыланды. Арнайы топ құрылып, баяндаманың құрылымы әзірленді, қазір материалдар жинау жұмысы жалғастырылуда».

БҒМ басшысының айтуынша, министрліктің кеңейтілген алқа отырысы мен ұлттық тарихқа арналған дөңгелек үстел биылғы жылғы 22-тамызда өткізілген. «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастырудың нақты мәселелері талқыланды. 2013 жылғы 29-маусым мен 2-шілде аралығында, өзіміз жоспарлағандай, Қазақстанның 6 аймағында – Алматыда, Оңтүстік, Шығыс, Батыс, Орталық және Солтүстік өңірлерде және Қарағанды қаласында тарихшылардың мәжілісі өткізілді. Оған әкідіктердің, тарихы бейіндік ғылыми ұйымдар мен ЖОО-ның, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-ның өкілдері, барлығы 177 астам адам қатысты. Мәжілістерде Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері баяндама жасады. БАҚ-ы кеңінен насихаттау және талқылау жұмыстарын ұйымдастырды».

Министрдің сөзіне қарағанда, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге баса назар аударылған. «Тарих бойынша білім беруге мәселелерін шешуге қызығушылық танытқан барлық 6 қоғамдық ұйым ведомствоаралық жұмыс тобы қалыптастырған ұжымдық талқылау (жалпы жиналыс) ұйымдастырды. Осы жұмыстардың нәтижесінде ұлттық тарихты зерделеу мен насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі оқиғалар реті дайындалды». Оқиғалар ретінде Қазақстан тарихының түрлі аспектілері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, ғылыми мамақалар жариялау көзделген. Сондай-ақ тарихшы ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің республикалық БАҚ беттерінде, теле-және радио бағдарламаларда Қазақстан тарихы бойынша сөз сөйлеуі қарастырылған.

Іске асырылуы тиіс, Нұр Отан» ХДП, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан жастары Конгрессі, Қазақстан студенттері Альянсы, Қазақстан тарихшылары Конгрессі, Қазақстан дінтанушылары Конгрессі, Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы, ғылыми ұйымдар мен ЖОО қатысатын 127 шараға Қазақстанның барлық өңірлері қамтылған, дедйді А. Сәрінжіпов. «Бұдан басқа, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапрысыс негізінде 16 әлеуметтік жоба ұсынды. Олар «Халық тарих толқыныда» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуы мүмкіндігі бойынша біліктілік сараптамасынан өткізіледі.

Министрлік 2011 жылы құрылған Тарихшылардың ұлттық конгресінің жұмысын жандандыруға септігін тигізеді, атап айтқанда Конгресстің міндеттерін жүзеге асыру жоспары әзірленді.

Қазақстан тарихшыларының «Халық тарих толқынында» Екінші Конгрессін 2015 жылғы 25-қазанда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады А.Сәрінжіпов. «Бірінші ақпараттық хат таратылды, Конгресстің форматы, қатысушылар саны мен бағдарлама жобасы айқындалып, ұйымдастырушылық-практикалық шаралар жоспары әзірленді, сондай-ақ Конгресстің сайты ашылды», - деді ол.

Жас тарихшылардың жұмысын үйлестіру мақстатында Астана қаласында Қазақстанның жас ғалымдар қауымдастығы құрылды. Төрағасы – тарих ғылымдарының кандидатыҚанат Еңсенов. «Жарғы әзірленіп, аталған қоғамдық бірлестік мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Қауысдастықты ғылыми қызмет субһектісі ретінде тіркеуге арналған құжаттар алынды, енді жұмыс жоспары жасалуда».

Қазақстан тарихының түрлі аспектілерімен шұғылданатын шетелдік ғалымдардың мәліметтер базасын құру жұмысы аяқталды, деді министр. «Базада әлемнің 14 елінің: Ресейдің, Украинаның, АҚШ-тың, Түркияның, Үндістанның, Венгрияның, Голландияның тағы басқа да елдердің 28 ғалымы бар».

Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмысты жандандыру үшін, тарих ғылымдары салысындағы шетелдік ғалымдармен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ведомствоаралық жоспар жасалған, дейді А. Сәрінжіпов. «Қазақстардың және Қазақстанның ұлттық тарихы жөніндегі шетелдердегі және өз еліміздегі барлық тарихи құжаттарды жинап, цифрлар, жүйелеу үшін Р.Сулейменов атындағы Шығыстану институты жанынан Мұрағат материалдарын зерттеу жөніндегі Ақпараттық орталық құрылды», деп атап өтті БҒМ басшысы.

По информации главы МОН из организованных научных командировках ученых-историков в зарубежные архивные центры, ведущие библиотеки 10-ти стран – это Иран, Индия, Китай, Египет, Турция, Монголия, Великобритания, Германия, Узбекистан, Россия. «Уже завершены командировки 21-го ученого-историка и представителей республиканских архивных учреждений, два человека завершат в конце сентября. Все они были обеспечены финансами, а также условиями работы через Посольства Республики Казахстан», - добавил он.

«Участниками экспедиций проделана большая работа по выявлению, фотофиксации и копированию тюркских камнеписных и рукописных источников по восстановлению исторической памяти, истории становления и развития Тюркского каганата, выявлены сведения по существованию исторической преемственности и единых этногеографических связей тюркских племен до эпохи Чингисхана», - сказал министр.

А. Сәрінжіпов: «Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласының екінші бағыты бойынша 14 шара жоспарланған. Тарих саласында бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханалар құрылған. Жаңадан құрылған ғылыми орталықтар мен зертханалардың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тиісті ғылыми бағдарламалар мен жобалар ұсынылды. Олар «Халық тарих толқынында» бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады».

«Мына ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде: Қазақстан аумағындағы діни-наным-сенімдер; Қазақстан Республикасындағы полиэтностық, конфессияаралық қатынастар тарихы; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жұмысын жүйелі зерделеужәне оның қазақстандық мемлекеттікті қалыптастырудағы рөлі; сондай-ақ а также на тему «Қазақстардың рухан әлемі: Әл-Фарабиден Абайға дейін» тақырыптары, - деді спикер.

Қазіргі кезде аталған тақырыптар бойыгша 2014-2016-жылдарға арналған ғылыми жобалар әзірленген, олар «Халық тарих толқынында» бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. «Ұлттық тарихты зерделеу бойынша жиналған мұрағаттық және ғылыми-зерттеу материалдарын жинақтау және сапалы ғылыми талдау жасау жөніндегі міндеттерді атқару үшін Сараптамалық жұмыс тобы жұмыс істейтінін атап өту керек. Сараптамалық жұмыс тобы сондай-ақ барлық ғылыми жобалар мен бағдарламаларды талдап, «Халық тарих толқынында» жалпы бағдарламасын әзірлеуге қатысатын болады. Тек содан кейін ғана бұл жобалар мен бағдарламаларды МҒТС мен ұлттық ғылыми кеңестің сараптамасына береміз. Одан кейін – ВАЖТ қарайды», деді ол.

А. Сәрінжіпов: «Оқу-әдістемелік жұмыс саласында 13 шара қарастырылған. Талдау көрсеткендей, 41 мемлекеттік ЖОО-ның 22-інде мамандандырылған Қазақстан тарихы кафедралары бар. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, қалған 19 мемлекеттік ЖОО-да 1-қыркүйекке қарай бұрындары жабылып қалған Қазақстан тарихы кафедралары қалпына келтірілді, сондай-ақ өз алдына жеке Қазақстан тарихы кафедралары ашылды. Жаңа кафедралардың кадрлық әлеуеті 128 ПОҚ құрайды, оның ішінде 9 ғылым докторы, 73 ғылым кандидаты бар, біліктілік деңгейі 64 % құрайды».

Бүгінгі таңда 59 жоғары оқу орнында Қазақстан тарихы кафедрасы бар, оның ішінде 9 ұлттық, 31 мемлекеттік, 1 халықаралық, 9 акционерлік, 9 жекеменшік жоғары оқу орнында, деп атап көрсетті министр.

«Білім және ғылым министрлігі Жалпы тарих, Ежелгі дүние тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Жаңа тарих, Жаңашыл тарих, Орталық Азия тарихы бойынша оқулықтар мен оқу материалдарын жазудың Жоспарын әзірледі. Қазақстан оқулықтарын жазу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілді, оқулықтардың тараулары бойынша зерттеу топтары жасақталды. Қазіргі таңда Қазақстанның жаңашыл тарихы және ежелгі дәуірден бастап тәуелсіздік алғанға дейінгі ел тарихына арналған екі базалық оқулық бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Оқулық мен хрестоматияның сүйінші даналары ағымдағы жылдың қараша айында дайын болады. Ал Жалпы тарих, Ежелгі дүние тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Жаңашыл тарих, Орталық Азия тарихы бойынша оқулықтар мен оқу материалдарын әзірлеу жұмыстары күнтізбелік жоспар бойынша 2014 жылы басталады», деді ол.

Ағымдағы жылы тарих мамандықтары бойынша кадрларды дайындауға мемлекеттік грант 210 грантты құрады. Тарих мамандықтары бойынша кадрлар дайындаудың мемлекеттік білім тапсырысын 2014-2015 жылдан бастап ұлғайту туралы тапсырманы орындау мақсатында бұл мәселе 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде қаралады», - деді А.Сәрінжіпов.

«Шетелдерде кадрлар дайындау мәселесіне де үлкен назар аударылуда. Бұл мәселе бойынша мәліметтер 2014 жылғы 1 наурызға дейін беріледі. Қазіргі уақытта «Қазақстан тарихы» пәні барлық тарихи емес мамандықтарға 3 кредит, немесе 135 сағат көлемінде міндетті жалпы білім компоненті ретінде оқытылуда. Оқу сағаттарын ұлғайту мәселесі 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін шешімін табатын болады», - деді министр өз сөзінде

Білім министрінің айтуынша, ақпараттық жұмыстар саласында 31 шара жоспарлаyған. Бұл бөлімнің негізгі орындаушысы ретінде Мәдениет және ақпарат министрлігі анықталып отыр. Білім және ғылым министрлігі 19 тармақтың тең орындаушысы болып саналады. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Орталық коммуникациялар қызметі бірлесіп әзірлеген медиалық жоспарға сәйкес, Білім және ғылым министрлігі ұлттық тарих мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді атсалысуда. А.Сәрінжіповтың айтуынша, ұлттық тарихты зерделеу тақырыбы қазақстандық БАҚ беттерінде ең көп талқыланып жатқан мәселенің біріне айналды.

«2013 жылғы 1 маусымнан бастап 13 қыркүйекке дейінгі аралықта мерзімдік басылымдардың беттерінде 3000 жуық материал жарияланды, оның ішінде қазақстандық БАҚ беттерінде – 2780, шетелдік БАҚ беттерінде – 127 материал. Мемлекеттік тілде – 855 материал, орыс тілінде – 1957, шет тілде – 95 материал. Телеарналардың эфирінде 489 сюжет көрсетілді, ақпарат агенттіктерінің таспаларында 802 жаңалық жарияланды», - деді министр.

Орталық коммуникациялар қызметі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесе отырып, ұлттық тарих тақырыбымен айналысатын республикалық және өңірлік журналистердің пулын жасақтады. Ол пулға 10 телеарна, 16 газет, 8 интернет-ресурс және 2 журналдың атынан 83 адам кіріп отыр, деді баяндамашы өз сөзінде.

«Біздің міндетіміз - журналистер пулын ұлттық тарихты зерделеу бойынша мазмұнды және сапалы материалмен қамтамасыз ету. Министрліктің баспасөз қызметі журналистермен тарихшы-ғалымның бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді».

«Тағы бір айта кететін мәселе, Мемлекет тарихы институтының негізінде апта сайын «Ұлттық тарих мәселелерін БАҚ беттерінде жариялау» тақырыбы семинар-тренинг өткізілуде. Ғылыми-зерттеу институттары ресми веб-сайттарын жаңарту, әлеуметтік желілерде аккаунттар ашу жөніндегі жұмыстар жүргізді. Тарихшы-ғалымдардың ақпараттық хабарлары, фото және видематериалдары тұрақты жарияланып тұратын болды. Атап айтқанда, Мемлекеттік тарих институты қазақ, орыс және ағылшын тілінде жұмыс істейтін жаңартылған веб-cайтын іске қосылды. Ол сайтта мобильді нұсқаға, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға сілтемелер, кері байланыс қызметі, форум бар.

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты өзінің ресми сайтына түбегейлі редизайн жүргізді. Қазақ жәрне орыс тілдерінде «Халық тарих ағымында» атты тарау ашылды, институттың әлеуметтік желілердегі аккаунттары жұмыс істей бастады. Аккаунттарды ағымдағы жаңалықтармен толтыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отыр.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығатын «Mangi el» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналының тұжырымдамасын жасады. Журнал Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркеуден өтті, журналдың дизайны, макеті, логотипі жасалды, басылымның айдарлары анықталды. Журнал жылына екі рет 1000 данамен жарық көретін болады.

БАҚ беттерінде сарапшылардың, ғалымдар мен тарихшылардың пікірлері білдірілген көп материалдар жариялануда. Министрлік 48 адамнан құралған негізгі спикерлердің тізімін жасап отыр. Олар орталық және өңірлік газеттерде белсенді мақалалар жариялауда, ТВ бағдарламаларға қатысуда, әсіресе Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері белсенді жұмыс істеуде.

Ғылыми-танымал фильмдер түсіру және оларды «Қазақстан» телеарнасының эфирінен көрсету кестесі жасалды. Атап айтқанда, «Қазақстанның археологиялық мұралары» циклы бойынша «Қазақ даласының құпиялары» атты 8 сериялы деректі фильмнің көрсетілімі жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, шетелдік ғалымдардың Қазақстанға жұмыс сапарларының қорытындылары, олардың археологиялық қазба жұмыстарына қатысулары, Қазақстанда өткізіліп жатқан ғылыми-қолданбалы конференциялар туралы мақалаларды «Astana Calling» журналында дариялауға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, шетелдік ғылыми журналдарда Қазақстан тарихы бойынша шет тілдерге аударылған материалдарлы жариялау жұмыстары ұйымдастырылмақ», -деді министр.

«Сөз соңында, арнайы жұмыс тобының 2014-2016 жылдарға арналған «Халық тарих ағымында» атты тарихи зерттеулер бағдарламасын әзірлеуді аяқтап қалғанын айтып өткім келеді. Бұл бағдарлама ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі биыл басталып отырған үлкен жұмыстардың жалғасы болмақ және оған ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдар кіреді», деп түйіндеді өз сөзін А.Сәрінжіпов.

Ақпарат көзі: http://ortcom.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?