Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Еліне жол ашқан – Гейдар Алиев

2062
Еліне жол ашқан – Гейдар Алиев - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы кітапханасында Әзірбайжанның жалпы ұлттық көшбасшысы Гейдар Алирза оғлы Алиев туралы қазақ тіліндегі кітаптың тұсаукесері өтті

Гейдар Алиев – қазір демократиялық және өркендеуші мемлекет – Әзірбайжан Республикасының негізін қалаушы. «Еліне жол ашқан» кітабы оның 95 жылдығына арналған. Басылымның алғысөзін қазақ тілінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жазған. Гейдар Алиев Нұрсұлтан Назарбаевтың жақсы досы болған.

Кітапта мемлекет басшыларының, әлемге белгілі саясаткерлердің, экономисттер мен бизнесмендердің естеліктері келтірілген. Сонымен қатар, оның беттерінде КОКП ОК Саяси бюросының бұрын құпияда сақталған құжаттары мен суреттері ұсынылған. Кейбір фотосуреттер тұңғыш рет жарияланған. Басылым Әзербайжан тарихын ерте заманнан бастап суреттеп, өз халқының біртума ұлы Гейдар Алиевтің саясат алаңына шыққан кезеңіне дейін сипаттайды.

Әзірбайжан республикасы Президентінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Әли Гасанов Қазақстанға алғысын білдіріп, екі елдің мықты достығын атап өтті.

– Қазақстанда көшбасшысы бар халық – ие. Халқы басты құндылық болып табылатын елдің – болашағы жарқын. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болдық. Әзірбайжан мен Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен терезесі теңесті: бұл біз үшін мақтаныш. Ірі мемлекеттер өз саясатын жүргізеді, бірақ, біз сияқты шағын елдер бірігіп, өз мүддемізді қорғау керекпіз.  Қазақстан мен Әзірбайжанның бұдан әрі де ортақ құндылықтарды алға жылжытатындығына мен сенімдімін.

Әзірбайжанның Милли Меджлис депутаты, «Әзірбайжан-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы Әділ Әлиев:

– Әзірбайжандықтарды күштеп қоныстандырған кезде қазақтар біздің халқымызды достарындай қарсы алды. Мен үшін бүгін осы жерде болу – зор мәртебе. Г.Әлиевтің идеялары бүгін де халқымызға жол табуда. Ол туралы, оның еңбектері туралы естелік ешқашан өлмейді. Гейдар Әлиев – бірегей адам. Бакуге кеңес әскерінің енгізілуі зор қайғы болды. Әлиев сол кезде халқына көрсетіп, Мәскеудегі Әзірбайжан ССР-інің тұрақты өкілдігінде конференция өткізіп, Бакуге әскердің кіргізілуін талқылады. Ол бұдан әрі Мәскеуде қала алмай, туған жеріне оралды. Оның бастаған істері жылдан-жылға жалғасын табуда, – деді.

Халықаралық Түркі Академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі Әзірбайжаннан келген қонақтарға алғыс айтты. Түркі академиясы Нахичеванда, Әлиевтің отанында негізі қаланғанын және бұл жай ғана кездейсоқтық еместігін атап өтті. Дархан Қыдырәлі қонақтарды Әзірбайжан Республикасы құрылуының 100 жылдығымен құттықтады.  Гейдар Әлиев айтқандай: «Бір рет көтерілген ту ешқашан құламайды».

Әзірбайжанның Милли Меджлис депутаты, «Әзірбайжан - Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшесі Низами Джафаров кітаптың қазақ және әзірбайжан мәдениеті мен тарихы үшін маңыздылығын атап өтті:

– Осындай кітаптар біздің қоғамымызды байыта түседі. Назарбаев туралы кітап біздің ішкі әлемімізді байтты. Гейдар Әлиев туралы кітап қазақ мәдениетін байытады деп ойлаймын. Әзірбайжан тілі – дамыған оғыз тілі, ал қазақ тілі – қыпшақ тілі. Біздің тілдеріміз бірін-бірі байыта түсулері керек. Мен өзім Әзірбайжанның қазақ ауданынанмын. Бала кезімізде халықтарымыздың бірлігін сезетінбіз.

Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова «Еліне жол ашқан» кітабы туралы айтып берді.

– Бұл кітап әзірбайжандық және қазақстандық ғалымдармен қазақ тіліне аударылды. Кітапта кезінде Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен, одақтық мәндегі Мемлекеттік қауіпсіздік комитетімен құпия болып келген бірегей құжаттар бар. Осыдан жарты жыл бұрын Назарбаев орталығы ғимаратында «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы әзірбайжан тілінде жарық көріп, тұсаукесері өткен болатын. Ал, бүгін Нұрсұлтан Әбішұлының байырғы досы Гейдар Әлиев оқырмандарымен қазақша сөйлесті. 

Кітап негізгі жеті тараудан тұрады. Кітаптың 368 бетінде Гейдар Алирза оглы Әлиевтің өмірбаянын егжей-тегжейлі аша түсетін бірегей материалдар берілген. Сонымен қатар, кітапта Елизавета II, Ганс-Дитрих Геншер сияқты белгілі саяси және қоғам қайраткерлерінің және кеңестік кезеңдегі ресейлік саяси қайраткерлердің айтқан сөздері де келтірілген.

Кітапқа жазған алғысөзінде Н. Назарбаев Гейдар Әлиевтің Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достық қатынастарды нығайтуда үлкен рөл атқарып қана қоймай, сонымен қоса Тәуелсіз мемлекеттер достығының қалыптасуына да зор үлес қосқанын айтады. Тарихшылар, сарапшылар оны Әзірбайжанның мұнай стратегиясының сәулетшісі деп атайды. 1993 жылдан бастап 2003 жылға дейінгі аралықтағы Гейдар Әлиевтің президенттігі кезіндегі әзірбайжан халқының бірігуімен және ішкі саяси тұрақтылыққа қатысты маңызды, жауапты шешімдерді қабылдау – осы елдің тарихындағы маңызды кезең.

«Еліне жол ашқан» кітабы – Халықаралық Түркі академиясы мен Елбасы Кітапханасының бірлескен жобасы. Махмұд Қасымбеков бастаған редакция алқасына Қазақстан республикасындағы Әзірбайжан елшілігінің өкілдері мен Түркі Академиясының мүшелері кірді.

Гейдар Әлиевтің өмірбаяны Әзірбайжан мемлекеттілігіның қалыптасу тарихымен, әзірбайжан халқының тағдырымен тығыз байланысты. Кітап Қазақстанның жоғары оқу орындарына, мектеп кітапханаларына, аудандық және облыстық кітапханаларға таратылады.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?