Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Астана – Нұр-Сұлтан» мультимедиалық веб-деректі жобасы таныстырылды

1808
«Астана – Нұр-Сұлтан» мультимедиалық веб-деректі жобасы таныстырылды - e-history.kz
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында журналистерге алғаш рет «Астана – Нұр-Сұлтан» атты мультимедиалық веб-деректі жобасы таныстырылды

Қазақстанның қалыптасуынан бастап, астанасының Нұр-Сұлтан атына ие болуына дейінгі тарихын баяндайтын «Астана – Нұр-Сұлтан» жобасына  жоба жетекшісі 3 жылдай уақытын арнапты. Осы уақыт аралығында, әсіресе, Ұлттық мұражай қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста қажырлы еңбек еткен.

«Біз өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Елімізде елеулі тарихи оқиғалар орын алуда. Біз ел дамуындағы жаңа асулы кезеңнің куәсі болып отырмыз. Қазақстан мен оның астанасының қалыптасуы  Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екені сөзсіз. Оның қала мен республиканың дамуына сіңірген еңбегіне баға жетпес», – деді «Қазконтент» АҚ төрағасы Думан Қожахметов.

Жобаның ең басты артықшылығының бірі – ақпаратты мультимедиялық цифрлы форматта қабылдайтын өскелең ұрпақ үшін ыңғайлы мәлімет көзі болуында.

«Бұл веб-деректі жоба – Қазақстанның қалыптасу тарихына басты оқиғалардың тізбегі арқылы қарауға жасаған талпынысымыз. Цифрлық әлемде өмір сүріп, ақпарат алып отырған өскелең ұрпаққа еліміздің тарихын хронологиялық ретімен, қарапайым әрі оңай сөздермен түсіндіруге тырыстық. Алға қойған мақсатымыз – тарихты түсінікті, анық, артық пафоссыз, ең бастысы, шынайы баяндау болатын», – деп атап өтті Думан Қайырлыұлы.

«Астана – Нұр-Сұлтан» веб-деректі жобасы 1991 жылдан 2019 жылға дейінгі барлық елеулі оқиғалар мен мұрағаттық фото және бейнематериалдардан құрастырылған. Мультимедиялық веб-деректі жоба форматы қолданушыны мемлекет қалыптасуының алғашқы қадамдарынан бастап елорданың Нұр-Сұлтан атауына ие болған күніне дейінгі хикая атмосферасына толықтай еліктіреді.

Веб-деректі жобаны қазақ және орыс тілдерінде Astana-Nursultan.web-doc.kz сілтемесі бойынша көруге болады.

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?