Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жарияланбаған соғыстың жауынгерлері

1938
Жарияланбаған соғыстың жауынгерлері - e-history.kz
Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында совет әскерлерінің Ауғанстанға енгізілгеніне 40 жыл және шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған соғысы: онжылдардан кейінгі көзқарас» атты дөңгелек үстел өтті

Іс-шараны Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатымен бірге С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, «Астана қаласының Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ бірлесіп өткізді.

Іс-шара Борис Түкенұлы Керімбаевтың, аты аңызға айналған «Қара майор», 2-ші Мұсылман батальоны командирінің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабармен басталды. Дөңгелек үстелге қатысушылар марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды...

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының директоры Мейрам Бектембаев  

Дөңгелек үстелдің модераторы Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының директоры Мейрам Бектембаев бұл іс-шараны Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты қаланың әкімшілік орталығында, ҚР Ұлттық музейіне қарама-қарсы орналасқан өзінің жаңа үй-жайында өткізіп отырғанын айтып өтті.

– Ауған соғысының аяқталғанына бүгін 30 жыл толып отыр. Бұл соғыс аға буынның жадында қалды. Бізден жасы үлкен жігіттердің кетіп, көпшілігінің қайтып оралмағаны менің есімде. Соғыс Совет Одағының нағыз трагедиясына айналды, – деді директор.

Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар, елордадағы жоғары оқу орындарының оқытушылары, интернационалист жауынгерлер,  қалалық мұрағат қызметкерлері, студент жастар қатысты. Қатысушылар ауған соғысының басталу, қазақстандықтардың соғыс іс-қимылдарына қатысуы мәселелерін талқылады. Ауғанстандағы әскери іс-қимыл қатысушылары – ардагерлер өз естеліктерімен студент жастармен бөлісіп, өткен оқиғаның қазіргі жастар үшін маңызын түсіндірді.

Генерал-майор Дамир Қасымбекұлы Халиков

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университет бастығының орынбасары – «ҚК Бас Штаб Академиясы» факультетінің бастығы, генерал-майор Дамир Қасымбекұлы Халиков 1983-1985 жж аралығында Ауған соғысына қатысқан.

– Ауғанстан – бұл база. Сонда болған жайт қазір Сирияда, Иракта және басқа да мемлекеттерде болып жатыр. Партизандық және контрпартизандық соғыс формалары, әдістері мен тәсілдері, жалдамалылардың отрядарын пайдалану бұның бәрі Ауғанстаннан бастау алған. Сол жерде болған адам оны еш ұмытпайды, – деп аяқтады офицер.

«Астана қаласының Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ төрағасы Серік Кенжебеков

«Астана қаласының Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ төрағасы Серік Кенжебеков он жылға созылған Ауған соғысының ауғанстаннан әскер шығарумен аяқталғанын атап өтті.

– Жігіттердің көбі қаза болды, бірақ тірі қалғандары өз парыздарын адал орындап, қазір белсенді әскери-патриоттық жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінде Астанада 1300 ардагер тұрып жатыр, олардың ішінде жүз адам мүгедек. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен жауынгер-интернационалистердің көрсеткен ерліктері арқылы біз жастарды отанға деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, үлкенді құрметтеуге үйретеміз, – дейді қоғам қайраткері.

Серік Мүбаракұлы көп жылдан бері бірлесіп істеп келе жатқан жұмыстары үшін, ардагерлерге деген құрметі мен қамқорлығы, ауған қоғалысы мәселелеріне көңіл аударғандары үшін қалалық мұрағат басшылығына алғыс білдірді.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Гуманитарлық факультет деканы Хадиша Әубәкірова алдында айтылған сөздерден кейін айтуға сөз табу қиындығын айтты.

– Біздің студенттерге аға буынның сөзін шындап қабылдап қиын да шығар, өйткені олар әлі бала болғандықтан, көп нәрсені түсінбейді. Өз сабақтарында тарих пәнінің оқытушылары Ауған соғысы, Ұлы Отан соғысы тақырыптарын аша түсуге әрқашан талпынады. Кез-келген заманауи қоғам, шынында, түрлі мүдделер қақтығысы шегінде тұр.  Сол ауғанстанда да соғыс азаматтық соғыс болып басталған. Дін мәселесі негізінде бір елдің азаматтары арасында туындаған қақтығыс соғысқа ұласты, бұған бей-жай қарауға болмайды.

Радикалдық ислам өкілдері мен коммунистік режим жақтастары арасындағы қарсыласулар туралы Ауғанстанды мысалға айтамыз. Кез-келген соғыс – бұл адам өлімі, бүліншілік, аштық қана емес, бұл сонымен қатар, терең әлеуметтік мәселелер – жетімдердің, жастар арасында мүгедектердің пайда болуы және т.б. Азаматтық татулық пен келісім, діни төзімділік – бұл жай ғана бос сөз емес. Сондықтан да бүкіл қазақстандық қоғамның міндеті – бұл азаматтық келісімнің, төзімділіктің, татулықтың бірігуі, нығаюы, – деп қорытындылады ғалым педагог.

Әскери іс-қимыл қатысушылары Дамир Халиков, Мұхамедқали Қазамбаев, Ербол Смағұлов және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Күләш Жұмағалиева баяндама жасады. ҚазАТУ студенттері Юлия Пыжанкова мен Жұлдыз Қоянбаева ауған соғысына қатысқан оқытушылары туралы айтып берді.

Мемлекет ауған соғысына қатысушылардың мәртебесін қолдап, жеңілдіктер көрсетуден бас тартпайды.  2016 жылы Ауған соғысына қатысушылар одағының бастамасы бойынша интернационалист жауынгерлер мәртебесі туралы мәселе көтерілді. 2016 жылғы 21 желтоқсанда әлеуметтік қорғау, қаржы, әлеуметтік экономика министрлерінің қатысуымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. 2018 жылы жұмыс тобы құрылып, ол интернационалист жауынгерлердің әлеуметтік қорғалуы мәселелерін шешумен айналысуда. Бұл мәселелер әлі де өзекті. 15 мемлекеттің ішінде мәртебе мен жеңілдіктер тек Ресей мен Қазақстанда ғана қалған.

Осыдан соң мұрағат қызметкерлері «Жарияланбаған соғыс жауынгерлері» атты жауынгер интернационалистердің жеке қорлары топтамаларының таныстырылымын өткізді. Іс-шараның соңында  кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуы құрметіне орай естелік белгілер тапсырылды.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?