Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бақыттың деңгейі өзгеріссіз қалады

2035
Бақыттың деңгейі өзгеріссіз қалады - e-history.kz
Дін, ер мен әйел қарым-қатынасы, еңбек уәждемесі, демократия мәселесі, ел басқару жүйесі, капитал, саяси өмірдегі ахуал, төзімділік, қоршаған ортаны қорғау сияқты және басқа да көптеген аспектілер бар

27 қыркүйекте Біріккен Араб Әмірліктері Университетінде жұмыс істеп, факультеттің Әлеуметтік Зерттеулер үйлестірушісі профессор Татьяна Карабчукпен сарапшылық кездесу өтті. Ол «Құндылықтарды дүниежүзілік зерттеу деректері негізінде бүгінгі Қазақстандағы құндылықтарды сараптау: Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресеймен салыстыру» тақырыбында сөз сөйледі.

World Values Survey – әлемді қамтитын әлеуметтік жоба. Жоба негізін қалаушы – Рональд Инглхарт. Ол саяси ғылымдар саласындағы ең беделді сыйлық – Юхан Шютте сыйлығының иегері. Құндылықтарды дүниежүзілік зерттеудің қазіргі президенті Кристиан Харпфер – «Eurasia Barometer» негізін қалаушы, демократияландыру және қоғамдағы саяси мәдениет туралы көптеген жарияланымдардың авторы. Зерттеу 1981 жылдан бастап әр 5 жыл сайын өткізіліп тұрады. Соңғы зерттеуге 108 ел қатысты.

Бұл зерттеулер тұрғындардың көп бөлігінің аксиологиялық жүйесіндегі өзгерістерді бекітіп, адамдардың өмір жағдайы мен дүниетанымдарының өзара әсерінің қалай жүретіндігін көрсетеді. Дін, ер мен әйел қарым-қатынасы, еңбек уәждемесі, демократия мәселесі, ел басқару жүйесі, капитал, саяси өмірдегі ахуал, төзімділік, қоршаған ортаны қорғау сияқты және басқа да көптеген аспектілер көтеріледі.

World Values Survey деректері әлеуметтану, философия, саясаттану, психология және басқа да салаларда зор құндылыққа ие. Олардың қорытындылары Time, Newsweek, The New York Times, The Economist, The World Development Report, Human Development Report және т.б. мақала, кесте, жинақ, кітап ретінде басылып шығады.

World Values Survey құндылықтар өзгерісінің тұрғындар өмірінің әлеуметтік және саяси аспектілеріне әсерін зерделейтін әлемдік көшбасшы университеттер мен ғылыми орталықтардың зерттеулер желісінің көмегімен жиналады. Интервью алты құрлықтағы әр елдегі жүзден астам жұртшылық үшін (жер шары тұрғындарының 90 % құрайды).

Ұлттық репрезентативті сауалнамалар бірыңғай стандартталған сауалнама бойынша жүргізіледі, олар ұлттық тілге аударылады және төмендегі аспекттерден тұрады:

• Дін

• Гендерлік рөлдер

• Жұмыс құндылықтары

• Демократия

• Басқару

• Әлеуметтік капитал

• Саяси қатысу

• Төзімділік (Толеранттылық)

• Қоршаған ортаны қорғау

• Субъективті әл-ауқат

Қоғамның тарихи дамуында дәстүрлі құндылықтардан секулярлы-рационалдыға және күн көріс құндылықтарынан өз ойын білдіру құндылығына ауысу тенденциялары байқалады. Дәстүрлі құндылықтарға басымдылық берілетін елдерде маңызды орынды дін, отбасы алады; әлеуметтік конформизм байқалады. Ал секулярлы-рационалды қоғам табысқа жетуге, капитал жинақтауға, дарашылдыққа ұмтылуымен, зайырлы мемлекетті қалауымен сипатталады.

Күн көріс құндылықтары экономикалық және физикалық қауіпсіздікті, материалдық құндылықтарды, төзбеушілік пен шовинизмді қамтиды, ал өз ойын білдіру құндылығы – жеке тұлғаның, адам бостандығы мен құқығының зор құндылығын мойындау, экономика, гендер мәселелеріне үлкен қызығушылық білдіру.

Келтірілген кестеден Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мен Беларусьтың құндылықтар бағдарының шамамен бірдей екендігі көрінеді. Мысалы, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанда сұрастырылғандардың көпшілігі отбасын «өте маңызды және маңызды» деп көрсеткен. Жұмыстың жоғары маңыздылығын Қазақстанда сұрастырылғандардың 85%, Қырғызстанда бұл сан 95 % жақындайды, ал Беларусьта бұл сан осы сауалнама бойынша сұрастырылған жоғарыда келтірілген барлық елдердің ішіндегі ең аз үлесті құрайды – шамамен 75 %. Осылайша, осы елдер арасындағы айырмашылықтар диапазоны аса үлкен емес.

Дінді маңызды деп тану жөнінен Қырғызстан мен Өзбекстан көш бастап тұр - «өте маңызды және маңызды» деп танитындар шамамен 80 % құрайды. Бұл сауалнамада Беларусь, Қазақстан, Ресей шамамен бір деңгейде – 45-55%. Қазақстан халқы өзге ұлт өкілдеріне өте толерантты, Қырғызстанда өзге ұлттарға төзбестік қазақстандықтан екі есеге жуық жоғары. Екі жағынан жауап берген қазақстандықтардың 30 % жуығы мигранттарды өз көршілері ретінде көргілері келмейді, осы елдер ішінде Беларусьтың көрсеткіші ең жоғары – 35 % жақындайды.

Лекциядан соң Татьяна Карабчук, Ботагөз Ракишева және Алуа Жолдыбалина тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, Карабчук, WVS зерттеулер нәтижесі бойынша баға бермейтіндігін, бірақ жиналған фактілерді ұсынатындығын айтып өтті.

Бұл сауалнамалардың объективтілігі күмән келтіруі де мүмкін. Кейбір қатысушылар деректерді ақиқатқа онша сәйкес келмейді деп таныды. Бірақ, қатысушылар тек өздерінің субъективті ойларын ғана білдіре алады, ал WVS халықтың көп бөлігін қамтуы – мықты контраргумент болады.

Бұдан басқа, зерттеу әдістемесі өзгеріп, дамиды, алайда, кейбір параметрлер, мысалы, бақыт деңгейі өзгеріссіз қалады.

Фото: Артем Чурсинов

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?