Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Исламтану жаңа белеске көтеріледі

1998
Исламтану жаңа белеске көтеріледі - e-history.kz
Араб каллиграфиясы өзінің жұмбақ-құпиялылығымен ерекшеленеді, аталған өнер түріне қызығушылық жоғары, себебі ол ислам дінін тереңінен танудың бірден-бір жолы

Қазіргі таңда терроризмнің белең алып тұрғаны бәрімізге белгілі, қарымы мен қаруы мықты алып елдердің өзіне бастарына бұлт төніп тұр. Қорқыныштысы сол күніне бір террористік оқиға болатын заманға айналып барады. Тағы бір өкініштісі терроризм десе ойға алдымен ислам діні келіп, исламмен байланыстыратыны жүректі ауыртады.

Бүгінде ислам дінінің аты мен таза кіршіксіз дін екеніне күмән келтіріп, сызат түсірушілердің саны артуда. Осы тұрғыда біз бүгін ислам дінінің тарихы мен мәдениетін зерттеу орталығы жөнінде сөз етпекпіз, қандай ұйым, немен айналысады тағысын тағы.

 

Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы – Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында Түркияда (Ыстанбұлда) 1979 жылы құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты – ислам елдерінің тарихын, өнерін, мәдениетін зерттеу. Исламның шынайы бейнесін көрсету және сол мақсатта бүкіл адамзат тарихындағы ғылым, өнер және мәдениет дамыту жолындағы ислам дініне сай халықаралық жобаларды жүзеге асыру.

Біздің еліміз ИРСИКА-ның құрылтайшы әрі тұрақты мүшелерінің бірі болып табылады. Ұйым ислам дініне байланысты дүниелерді зерттейді, бүгінгі таңда орталық жүзден аса халықаралық конференциялар мен 200-ге жуық ғылыми мақалалар жарияланды. Орталық бірнеше бағытта жұмыс жасайды, солардың ішінде жақсы қолға алынып, бір ізге түскені құсни хат өнері (каллиграфия). Осы жерде келесі бір тіркес ойға келеді: «Құран Кәрім – Меккеде түсті, Каирде оқылды, Ыстанбұлда жазылды» деген. Соған қарағанда бекер айтылмаған болуы керек. Сөзімізге дәлел Ыстанбұлда үш жыл сайын каллиграфшылар сайысы ұйымдастырылады, жүлде қоры қомақты. Мысалы, өткен жылғы сайысқа әлемнен 600-ге жуық каллиграфшы өздерінің 1000-нан аса жұмыстарын ұсынған. Ішінен үздігін іріктеп таңдап алынған соң бір жүйелі каталог жасалынып шығарылады.

Жалпы каллиграфия жайлы сөз айтсақ, оның түрі көп, мұсылман әлеміне кеңінен тараған 12 түрі бар. Бұл құранды оқып білу дәстүрі ислам дінімен бірге қалыптасып дамыған және даму үстінде. Бұл жерде құранды, оқу бір бөлек оны жазу екінші мәселе, себебі құран жатқа білетін адам жазуын біле бермейді. Ислам діні дәуірлеуімен тұстас араб каллиграфикасы да дами түсті.

Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с) дүниеден өте сала, Құран кітабы бір арнаға басылған. Осы тұрғыда орталық Құранның Кәрімнің тасқа басылған тұңғыш нұсқаларын тексерумен, оларды жазумен де айналысады. Біз білетіндей әлемдегі ең көне құран кітабы Ыстанбұлдағы Топкапы сарайының музейінде орналасқан, көпшілік көре алады. Екіншісі, Каирдегі кітапханада. Одан бөлек Ташкент, Сана қалаларында да көне нұсқалары бар. Мекеме өз кезегінде аталған Құрандардың ескі нұсқаларының бәрін тексеріп, таза түпнұсқа екенін анықтады.

Бұл саланы игеру мәселесіне келсек, аталмыш өнерді меңгеруде ең бастысы адамның қарым-қабілеті. Ынты-жігермен қоса, көп еңбектену және ыждағаттықты талап етеді.

Құсни хат қазаққа да жат емес өнер түрі, кезінде қазақ, алаш ардақтылары мен зиялылары алдымен діни сауаттарын ашқан, төте жазу, құран сүрелерін жаттау секілді. Кейін келе қолданыстан шығып, ұмытыла бастады. Қазіргі таңда Қазақстанда осы үйренуге ынталанушылар баршылық, атап айтсақ бүгінгі күнге дейін «ИРСИКА» орталығынан 150-ге жуық азаматтарымыз каллиграфия өнерін меңгеріп шыққан.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастауынан қолға алынып жатырған рухани жаңғыру жолында ұлт болашағы үшін жасалынып жатырған кемелді істің бірі осындай діни құндылықтарымызды қайта жаңғырту, одан әрі дамыту.

Осы істің бастауының бір ғана дәлелі осы жазда ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Ислам тарихы, өнер және мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы (IRCICA) мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесе Астанада каллиграфия көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге түрлі байқауда жүлдегер атанған 30-ға жуық шығарма қойылды. Көрме тамашалаушылары Құран Кәрімнің ескі нұсқаларымен қатар, көптеген ислам дінінің тарихы мен мәдениетіне қатысты дүниелермен танысып көре алды.

Одан бөлек жуырда анығы 9 қыркүйекте ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығының (ИТӨМҒО) жаңа оқу залы ашылды. Жаңа оқу залының ресми ашылуына ИТӨМҒО-гің бас директоры Эрен Халиттің өзі арнайы қатысты.

Оқу залының ашылуы оқырғандарға, ислам мәдениеті мен әлемдік діни әдебиеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беруімен қатар мәдениет жалғасын тауып, ғылым негізінде жаңа бағыт алады деген ниетпен ашылды.

Залда «Әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде ислам мәдениеті мен әлемдік дін туралы» орталықтың басылымдары қойылған. Нақты айтар болсақ, Меккенің осыдан 110 жыл бұрынғы панорамасы және екінші бетінде Мединенің панорамасы бейнеленген. Осман империясы дәуіріндегі түрлі діни және басқа да мемлекеттік тарихи маңызы бар құжаттар топтамалары. Одан бөлек алдағы уақытта жалпы саны 80 000 және 200 000 цифрланған кітап көшірмелерінің электрондық нұсқалары кітапханаға берілетін болады.

Сөз соңында ерекше атап өтетін мәселе, аталған жобаның барлығы тікелей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылуда, сөзімізге дәлел жақында ғана Ислам ынтымақтастығы ұйымының І саммиті Елбасымен қолдауымен Астанада өткен болатын, жаңадан ашылған оқу залы сол жұмыстың жемісі десекте болады.

Суреттер ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан алынды

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?