Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

АСТАНАДА ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

2065
АСТАНАДА ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ - e-history.kz
Шығыстағы мұсылман елдер арасындағы тұңғыш демократиялық республика – Әзірбайжанның құрылғанына 99 жыл

Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Елшілігі ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты кеш өткізді. 1918 жылғы 28 мамырда Тифлисте ұлттың бетке ұстар элитасы – әзірбайжан халқының уәкілетті өкілдерінің уақытша Ұлттық кеңесі құрылды. Дәл осы кеңес, оның басшысы Мамед Эмин Расулзаде, Әзірбайжан Демократиялық Республикасының (ӘДР) тәуелсіздігін жариялаған болатын.  Ол, дауыс беру құқығына әйелдер де ие болған мұсылмандық шығыстағы алғашқы демократиялық республика болды.

Тәуелсіздік Декларациясын жариялау. Тифлис, 1918 ж., 28 мамыр

Осы күні Кавказдағы Ресей императорының бұрынғы наменгері сарайының залында Тәуелсіздік декларациясына қол қойылды. Осы күні қол қойылған құжатта: «Осы күннен бастап әзірбайжан халқы егеменділік құқығының иесі, ал, Шығыс және Оңтүстік Күнгей Кавказды қамтып жатқан Әзірбайжан, - толық құқықты тәуелсіз мемлекет болып табылады. Тәуелсіз Әзірбайжанның саяси құрылысының формасы Демократиялық Республика. ӘДР барлық халықаралық қатынас мүшелерімен, әсіресе, көршілес халықтармен және мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас орнатуды көздейді. ӘДР өз аумағында ұлтына, дініне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтарының азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз етеді. ӘДР өз аумағындағы барлық халықтарға еркін дамуы үшін кең еркіндік береді. Құрылтайшылық кеңес шақырылғанға дейін бүкіл Әзірбайжанның басшылығында халықтың дауыс беруі арқылы сайланған Ұлттық Кеңес және Ұлттық кеңес алдында жауапты Уақытша үкімет тұрады»,-деп жазылған. Бұл декларацияға Әзірбайжан Ұлттық кеңесі әзірбайжан және француз тілдерінде қол қойды. Әзірбайжан тәуелсіздігінің бірінші жылдығы 1919 жылдың 28 мамырында тойланды.

Декларацияның әзірбайжан (сол жақта) және француз (оң жақта) тілдеріндегі түпнұсқаларының көшірмелері

Мемлекет бар болғаны екі жыл ғана өмір сүрді. Оның орнында құрылған Әзірбайжан ССР-і Совет Одағының құрамына кірді. Өз тәуелсіздігіне ол 1991 жылы ғана қол жеткізді. Қабылдау аясында әзірбайжан кілемдерінің көрмесі, сонымен қатар әзірбайжан шараптарының және ұлттық тағамдарының дәмін тату өткізілді. Әзірбайжаннан келген музыканттардың айрықша авторлық импровизациясындағы әзірбайжандық этникалық музыканы орындаулары іс-шараның шырқау шыңы болды. Әзірбайжан мен Қазақстан – ағайындас елдер және стратегиялық. Бұл туралы ресми қабылдау кезінде Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамедов сөз етті. Қоғам қайраткерлері, жергілікті зиялы қауым өкілдері, ұлттық диаспоралар мен БАҚ өкілдері қатысқан іс-шара Астанада Әзірбайжан Елшілігінің жаңа ғимаратында өтті.

Өткен ғасырдың соңында көптеген елдер өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ете алмаған кезде, Әзірбайжан, жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Алиевтің басшылығымен оның идеясы мен стратегиясын жүзеге асыра алды.  ӘДР күрделі тарихи тапсырманы абыроймен атқара білді. Алғашқы Парламент пен Үкімет, Әзірбайжанның мемлекеттік аппараты құрылды, Туы, Әнұраны мен Елтаңбасы қабылданып, шекарасы бекітілді. «Әзірбайжан мен Қазақстан халықтары түбі сонау ғасырларға кететін терең тарихи тамырға ие. Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастар тәуелсіздік кезінде де табысты дамуын жалғастыруда. Бүгінде біздің қарым-қатынастарымыз стратегиялық сипатқа ие. Қазіргі уақытта Қазақстанда әзірбайжан диаспорасының халқы тұрып жатыр, олар Қазақстан Республикасының азаматтары және қазақстандық қоғамға интеграцияланғандығы біздің көңілмізге қуаныш ұялатады. Диаспораның көшбасшыларының бірі Абульфаз Хамедов жақында Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, бұл әзірбайжан қауымына көрсетілген үлкен сенімді білдіреді»,- деді Елші.

«Сіздер білесіздер ме, – деп сөзін жалғастырды Р. Маммадов, – осы жылғы сәуірдің басында біздің ағайындас мемлекет Қазақстанның Президенті, бүкіл түркі әлемінің ақсақалы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ресми сапармен Әзірбайжанға барды. Соның нәтижелері – міне, олар – біздің мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастың деңгейінің көрнекті көрсеткіші болып табылатын, Әзірбайжанда қол қойылған уағдаластықтар нәтижесі». Ағайындас халықты құттықтау үшін Қазақстан Үкіметі атынан салтанатты шараға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов келді. Ол өз сөзінде, дипломатиялық қарым-қатынас жылдары ішінде екі ел арасында жемісті, конструктивтісаяси диалог орнағандығын, мықты шарттық және құқықтық база жасалғандығын атап өтті. «Бүгін қазақстандық-әзірбайжандық қарым-қатынастар ынтымақтастықтың барлық саласындағы жоғары деңгей мен даму динамикасын көрсетуді жалғастыруда. Біз сенімді саяси серіктестер болып табыламыз. (…) біздің республикаларымыз арасында қандай да бір саяси немесе басқа келіспеушіліктің жоқтығын атап өткен маңызды», – деп атап өтті министр.

Ұлттық музыкалық аспаптарда екі елдің әнұранын ерекше ойнап берген Әзірбайжаннан келген музыканттар

Әзірбайжан да, Қазақстан да – бүгінгі күні халықаралық қоғамның толыққанды және толық құқықты мүшелері. Және әлемде шыдамдылық пен мәдениеттер алуандылығына тапшылық болып тұрған кезеңде, екі республика – түрлі халықтардың, ұлттардың, діндер мен конфессиялар өкілдерінің бейбітшілік пен келісімде өмір сүруінің жарқын үлгісі болып табылады. Екі мемлекет те саяси форумдарды, спорттық жарыстарды, жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған алаңға айналды. Бүгін Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары аяқталып жатса, келесі айда Әзірбайжан астанасы Гран-при Формула-1 қабылдамақшы. Астанада осы жазда ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі басталады және осы көрме аясында 9 шілдеде Әзірбайжанның ұлттық күні өткізіледі.  

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?