Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғылыми – іздеу экспедициялары

12999
Ғылыми – іздеу экспедициялары  - e-history.kz
Ұлттық кітапхана Қазан, Уфа, Үрімші (СУАР, ҚХР) қалаларындағы кітапханаларға ғылыми-іздеу экспедицияларын ұйымдастырды.

Ұлттық кітапхана ҚР «Мәдени мұра» 2004-2006 жж., мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыра отырып, еліміз үшін тарихи-мәдени құндылығы бар, Қазақстан кітап ескерткіштерінің бірегей мәліметтер базасын құру мақсатында Қазан, Уфа, Үрімші (СУАР, ҚХР) қалаларындағы кітапханаларға ғылыми-іздеу экспедициясын ұйымдастырды.

Татарстанға барғандағы экспедиция қорытындысы болып, көрнекті татар ғалым-кітап зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, Татарстанның ҒА академигі Абрам Ғибадоллаевич Каримуллинмен құрастырылған және Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасында сақталған, қазақ кітабының бірегей кітапнамасын алу болып табылды.

Кітапнамада қазақ тілінде жазылған, 478 кітап атауынан тұратын және ғалымның өз қолымен жазылған, 1831 жылдан 1917 ж аралығындағы кезеңде татар баспагерлерімен араб шрифтімен шығарылған, картотекадан тұрады. Картотекада «Поволжье және Приуралье татарларының Орта Азия және Қазақстан халықтарымен кітап байланысы» атты жарияланбаған мақаласы қоса берілген. Кітапнама негізінде қазақ кітаптарының көшірмелері жасалынып, сондай-ақ түркі тілдес елдердің тарихы мен әдебиетіне қатысты, баспа басылымдары алынды. 

Қазан кітапханасындағы ғылыми-іздеу экспедициясының қорытындысы бойынша мамыр айының аяғына дейін ҚР ҰК 21 кітаптың көшірмесін алады, олардың арасында Ахмет Яссауи, Бақырғани, Жұмабаев. Жеке топтамадан 5 қолжазба алынды: XIX ғасыр жинағы, Яссауи "Диуани хикмет", "Короглы": Дастан), Науаи, Физули, Қисса-дастан (авторы белгісіз), Өлең жинағы бар.

Ғылыми – іздестіру жұмыстары сондай-ақ Үрімші қаласындағы  Синьцзянь университетінің автономдық аудандық және қалалық кітапханада, ҚХР СУАР қоғамдық ғылым Академиясының ғылыми кітапханасында жүргізілді. Қытай, қазақ және ұйғыр тілдеріндегі көптеген дерек көздерді өңделді. Алынған кітаптардың арасынан Пекинде 2002-2004 жж басып шығарылған, «Ежелгі қытай жылнамасындағы қазақтар туралы материалдар» үштомдылығы үлкен қызығушылық тудырды. Кітап қазақ тілінде араб графикасымен (төте жазу) жазылып, бірақ қытай тілінен тәржімаланған.

Хронологиялық қамту: XVII ғасырдың ортасынан бастап және қазіргі уақытқа дейін. Материал баяндаудың әртүрін ұсынады: шежіре, тарихи, жылнама, мемуар, өмірбаян. Сондай-ақ «Қазақстан тарихының ғажайып адамдары» сериясынан бірнеше кітап, мысалы талантты ақын Әсет Найманбаев туралы  кітап алынды, Ұйғыр тіліндегі  «Ежелгі қытай керуен жолдары» кітабының маңыздылығы кем емес. Осы жылы ғылыми-іздестіру жұмыстары Шығыс Еуропа кітапханалары бойынша алда тұр.