Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

1906 жылы 10 маусым күні эпидемолог дәрігер,м.ғ.к., Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері Тілеуғабылов Мұхамедрақым дүниеге келді.

26458
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. Орынбор қаласындағы Аймақтық медицина техникумын бітірген.
1938-1941 жылдары - Павлодар облысы ауылдық ауруханалардың дәрігері, Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. 1941-1944 жылдары - Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау халық комиссарының орынбасары. 1944-1946 жылдары - Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау халық комиссарының бірінші орынбасары. 1946-1947 жылдары - Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрінің орынбасары. 1947-1949 жылдары - Алматы обаға қарсы стансасының дәрігері, Алматы медициналық университетінің Эпидемиология кафедрасының ассистенті. 1949-1978 жылдары - Орталық Азиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, директоры. 1978 жылдан зейнеткерлікте болған. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапаталған.