Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

КСРО халқының 1941-1945 жылдардағы ҰОС жеңіске жеткен күні. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады.

26413
КСРО халқының 1941-1945 жылдардағы ҰОС жеңіске жеткен күні. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады. - e-history.kz
Соғыс кезінде көптеген ҒЗИ орталықтары, Мәскеу, Ленинград, Киев және басқа қалалардың оқу орындары Қазақстанға қоныс аударды. Ішінде физиология, микробиология, биохимия, шығыстану институтары болды.
Бүкіл соғысты басынан өткергенқазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар алды. Олардың бесеуі - бір, төртеуі - екі, екеуі - үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И.В.Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Жалпы Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді. 1941 жылы аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған атқыштар батальоны мен И.В.Карпов басқарған 1075-атқыштар полкі Мәскеу түбінде ай бойы үздіксіз ұрыстар жүргізе отырып, өз позицияларын сақтап қана қоймай, сонымен қатар дұшпанға қарсы пәрменді шабуылға шығып отырды. Төрт қазақстандық Т.Ж.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және С.Д.Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұрыс кезінде қаза тапқан пулеметші М.Мәметова және мерген Ә.Молдағұлова Батыр атағын алды. Батыр атағын алғандар қатарында атқыштар Т.Тоқтаров, С.Баймағамбетов, С.Лутфиллин, Мин Сен Юр, артиллеристер С.Мүткенов, И.К.Новиков, ұшқыш Н.Әбдіров, минометші Қ.Сыпатаев, атты әскер М.М.Қаратаев, сапер П.И.Гончаров, политрук М.Ғабдулин, торпедалық катер командирі Б.П.Ущев және басқалар бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды. Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.