«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

1899 Бегалиева Мәдина Қожбанқызы дүниеге келді

1899 Бегалиева Мәдина Қожбанқызы дүниеге келді1899 Бегалиева Мәдина Қожбанқызы дүниеге келдіКод PHP" style="max-width: 480px; position: relative; z-index: 1;">
Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер, қоғам қайраткері.

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында туған. Хан ордасындағы (қазіргі Орда ауылы) үш жылдық педагогикалық курсты, Ордадағы Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партия мектебін, Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясын бітірген. 1922–1935 жылдары — Бөкей, Орал губерниялары және Сырдария округінің Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитеттерінде әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақстан өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Өлкелік өнеркәсіп одағы төрағасының орынбасары. 1935–1943 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытында инженер болды. 1943–1948 жылдары Атырау облыстық Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, республикалық бақылау органында бақылаушы болып істеді. 1949 жылдан зейнет демалысында болды.

Қазақша Русский English