Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1896 жылы 5 мамыр күні актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серәлі Қожамқұлов дүниеге келді.

1910 жылы 5 мамыр күні т.ғ.д., профессор, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Киікбаев Нығметолла дүниеге келді.

- = -

Қазақ халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтың туған күні

26333
Қазақ халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтың туған күні - e-history.kz
Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев (1940 жылы Орал облысында туған) – әнші (лирикалық баритон), композитор, Қазақстан Республикасының халық артисі (1984 жылы). Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хорлық факультетін Е. Виноградов пен Н. Шарипованың классы бойынша курсты, Әль-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 1970 жылдан бастап Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған (2000 ж.). Хасанғалиевтің «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен» әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Е. Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды. Қазіргі қазақ композиторларының ән-романстарын нақышына келтіре, шебер орындайды. Xасанғалиев - танымал композитор. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982),Югославия (1968),Алжир (1969), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1970).