Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

Қазақстан жол полициясының құрылған күні

26253
Қазақстан жол полициясының құрылған күні - e-history.kz
Жол полициясы күні Егеменді Қазақстанда Мемлекеттік авто инспекция туралы алғашқы ереже 1992 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілді.
Егеменді Қазақстанда Мемлекеттік авто инспекция туралы алғашқы ереже 1992 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілді. Дәл осы күн Қазақстан Республикасындағы МАИ-дың туған күні деп есептеледі. 1996 жылы 3 қаңтарда Мемлекеттік авто инспекция Жол полициясына қайта аталды. Қазіргі жол полициясының міндеттері қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыстылыққа қарсы күрес, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге, азаматтарды жолдарда қылмыстық қол сұғудан қорғау болып табылады. 2013 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жол полициясы Әкімшілік полициямен біріктірілді. «Әмбебап полиция» деп аталатын бірыңғай қызмет құрылды.