101 жыл бұрын (1913-1990) ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Павлодар қаласының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекхожин Қалижан Нұрғожаұлы дүниеге келді. Павлодар қаласында туған. 1938 жылдан соғысқа аттанғанға дейін Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында, Тіл және әдебиет институтында, соғыстан кейін Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеді. 1949 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Алғашқы лирикалық туындыларында замандастарының қиындыққа толы күрделі өмірін жырлады. «Орман қызы», «Кек», «Ақсақ құлан», «Александр Невский», «Жиырма сегіз», «Мариям Жагорқызы», «Тұрлаулы тағдыр», «Сері күйші» атты поэмалардың авторы. Ол «Қазақ совет әдебиеті» атты орта мектепке арналған оқулықты жазуға қатысты. Көркем аударма саласында А.Пушкин, М.Горький шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Бекхожиннің өлеңдері мен поэмалары ТМД елдері халықтарының тілдеріне аударылып, кеңінен танылған. Екі рет «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.
Бүгін тарихта
Ақын, ҚазКСР-ның халық жазушысы Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин дүниеге келді
"Мәдениет туралы" заң қабылданды