Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

2005 жылы Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында қазақстан мүсіншісі Х. Наурызбаева көрмесінің ашылымы болды.

26169
2005 жылы Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында қазақстан мүсіншісі Х. Наурызбаева көрмесінің ашылымы болды. - e-history.kz
«Тас әуендері» деп аталған қойылым Қостанай өңірінен шыққан суретшінің шығармашылығынан сыр шертеді.
Мұнда негізінен Қазақстан мәдениеті көрнекті қайраткерлерінің жарты ғасырдан астам уақыт бойы істеген мүсіндік портреттері қойылған. Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев (1925-2009) - мүсінші, республикада ұлттық монументалды өнер негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақстан көркемөнеріне еңбегі сіңген қайраткер. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ұлыкөл ауылының тумасы. 1952 жылдан Алматы көркемсурет училищесінде дәріс берді. Шыңыс Қазақстан облысы Қарауыл ауылындағы Абай, Тараздағы Жамбыл, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Оралдағы Мәншүк Мәметова, Қостанай облысы Торғай ауылындағы Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов ескерткішінің, Мәриям Хакімжанова, Қаныш Сәтбаев, Ыбырай Жақаев, Тайыр Жароков, Мұқтар Әуезов, Сәбит Мұқанов және басқалар портреттерінің авторы. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Парасат» орденімен және медалдармен марапатталған.