Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

1916 жылы Николай ІІ-нің майдандағы қара жұмысқа Қазақ және Түркістан өлкелерінің 19-дан 43 жас аралығындағы жігіттерді шақыру жөніндегі жарлығы шықты

26156
Бұл жарлық қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына түрткі болды. Жалпы майдан тылындағы қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам шақырылған. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болған. Осы тарихи кезеңде «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М. Дулатовтар халықты қарсылық көрсетпеуге шақырса, Т. Бокин бастаған интеллигенция өкілдері жарлыққа қарсы шығып, көтеріліске бастаған.