Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

Бүгін РСФСР құрамында Түркістан Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы құрылды.

26119
Бүгін РСФСР құрамында Түркістан Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы құрылды. - e-history.kz
Ресей империясының отарлаушылық бұғауында болып келген халықтар кеңестік революцияға ұлттық мемлекеттік құру мәселесін шешеді деп сеніп, оған қатысты. Жергілікті жерде Кеңестік негізде құрылған автономия экономикалық, саяси және мәдени дамудың әр түрлі деңгейінде тұрған Ресей халықтары үшін ұлттық мемлекеттіліктің тиімді формасы еді. Осы тұжырымдарға сәйкес 1918 жылы 30 сәуірде Орта Азияда алғашқы кеңестік мемлекет-Түркістан АКСР құрылып ол РКФСР құрамына енді. ТССР құрамына Түркістан облысы, Каспий бойы аймағы, Самарқан, Ферғана, Сырдария, Жетісу аймақтары кірді. Сьезд шақырылып, Орталық атқару комитетінің Төрағалығына П.А.Кобозев, А.Ф.Солькин сайланды. Халықтар Кеңесі төрағасы Ф.И.Колесов болды. 1918 жылы мамыр айында Түркістан әскери округы құрылды.