Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

2011 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті

25965
2011 жылы 8 сәуірде Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді және Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде елдің даму нәтижелерін қорытындылап, сөз сөйледі. Президент дамудың маңызды аспектілерін белгілеп, болашақ міндеттерді қойды. Ол сайлауда қолдау көрсеткені үшін, барлық қазақстандықтарға алғысын білдірді. «Біздің Тәуелсіздігіміздің таңында 20 жыл бұрын халқымыздың алдына қойған мақсаттар мен міндеттері орындалды және асыра орындалғанын мақтанышпен айта аламын.Әлем халқының отбасына абыроймен кірген Қазақстан сияқты Ұлт және осындай ұлы елдің Басшысы болуға құрмет түскеніне тағдырға ризамын!»,-деп, айтты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.