Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

Республика күні - Ұлттық мереке

25938

25 қазан - Қазақстан Республикасында Республика күні болып саналады.

Республика күні 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Декларация демократиялық, әлеуметті бейімделген және құқылы мемлекет екенін салтанантты түрде жариялады. Қазақстан сол кезде бірінші рет өзінің әлемдік көзқарасы , жеке салт -дәстүрі бар, сондай- ақ болашақтағы даму жолы бар ерекше, қайталанбас субъект екенін жариялады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік өкіметтің дербестігі мен толықтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралыққатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ ұлттық валютасы бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. 1990 жылғы Егемендік туралы декларация Қазақстанның конституциялық құқықтық мәртебесін халықаралық -құқықтың толыққанды субъектісі ретінде бекітті. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Осы акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991  ж. 16 желтоқсанда  "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.