Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады

25924
Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады - e-history.kz
1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Республика тарихында жаңа кезең басталды. Қазақ ССР мен КСРО Одағынан сабақтастық құқығы негізінде, жаңа мемлекеттің дүине келу үдерісі басталды. Осы үдерістің негізгі кезеңі болып 1991 ж 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заң қабылданды. Мемлекеттік егенмендік туралы Декларациясының өзекті идеясын дамыта отырып, Конститутциялық Заң халықаралық құқық қағидасы негізінде Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке сай, барлық мемлекеттермен өзара қатынасын, бұдан былай өзі жасайтындығын бекітті. Бірінші рет бірегей қазақстандық азаматтылығы орнатылды. Алуан түрлі жекеменшік формасын Декларациясымен жариялау, мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және соттық болып бөліну қағидаттарын заңдастырды, мемлекеттің бағамы өзінің қаржылық-несиелік, салықтық және кеден саясатымен тұрақты экономикалық жүйесін бекітті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында Конститутциялық Заң сондай ақ алғашқы рет жеке Қарулы күштерін құруды қарастырды. Жаңа, Декларация нормаларын салыстыру бойынша Конститутцияның қорғаудың жоғарғы сот органы болып, Қазақстан Республикасының Конститутциялық Соты болып танылды. Шын мәненде бұл Заң тәуелсіз Қазақстанның оның ресми егенмендігінің заңнамалық қалыптасу кезеңіндегі Уақытша Конститутциясы болды, себебі 1978 жылғы Қазақ КСР Конститутциялық нормалары және Республика аумағында қолданыстағы заңнамалық актілер мойындалып отырды, себебі ол 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Конститутциялық Заңына қарама қайшы келмеді. Оның мазмұнының өзі 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конститутциясының тікелей негізі болып табылды. Орта Азия мен Қазақстан республикалары көшбасшыларының ашхабадтық кездесуінде беловеж келісімін, мәселелің құқықтық аспектілерін талқылап және жаңа мемлекетті құруға толыққанды қатысуға дайындығын айтты.