Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

1937 жылы 8 мамыр күні актер, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеге келді

25838
1937 жылы 8 мамыр күні актер, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеге келді - e-history.kz
Жамбыл облысында туылған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры.
Бірнеше кітаптардың авторы. «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен. Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, « Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», «Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» , «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді. 1990 жылдан «Елім-ай» киностудиясының президенті. «Отан» орденімен, М.В.Ломоносов, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.