Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

1909 жылы 9 мамыр күні қазақтың тұңғыш кәсіби кинооператоры, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тынышпаев Ескендір Мұхамеджанұлы дүниеге келді

25836
1909 жылы 9 мамыр күні қазақтың тұңғыш кәсіби кинооператоры, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тынышпаев Ескендір Мұхамеджанұлы дүниеге келді - e-history.kz
Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш инженер-теміржолшысы Мұхамеджан Тынышпаевтың отбасында дүниеге келді.
Кинодағы еңбегін 1928 жылы бастады. «Востоккино» студиясының қазақ бөлімінің ашылуына және «Соңғы жаңалықтар» қазақ киножурналының құрылуына қатысты. Е.Тынышпаев Қазақстанның тарихы туралы бірқатар жоғары көркемдік ойын және деректі фильмдер түсірді. Оған мыңдаған фотошедеврлер тиесілі. Ол кинооператордан авторлық фильмдердің режиссерына дейінгі жолды өтіп, қазақ киносында алғаш рет трюктар түсіре бастады. Оны қазақ киносының ақсақалы деп атайтын. Себебі Е.Тынышпаев Шәкен Аймановпен, Мәжит Беғалинмен, Кененбай Қожабековпен, Ораз Әбішевпен және қазақ киносының өзге де майталмандарымен бірге ұлттық кинематографияның дамуына белсене қатысты. Ол «Қазақфильмнің» құрылуына етене араласып, онда ұзақ жылдар бойы бас оператор болып жұмыс істеді. Е.Тынышпаев «Кеңестік Қазақстан» киножурналы үшін 10 мыңнан астам сюжет түсірді. «Біз Семиречьеденбіз», «Оның уақыты келеді» көркемдік фильмдер - оның үздік жұмыстары.