«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Жұбанов Құдайберген

Жұбанов Құдайберген
  • Аты
  • Жұбанов Құдайберген
  • Қызмет саласы
  • Ғалымдар, зерттеушілер
Тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы, педагог.

 

Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы “Хусайния” медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. 1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде М.Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық, жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т.б. жазған. Мысалы, “Мақпал – Сегіз” дастанының желісі бойынша Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы Ақтөбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум оқушыларының қатысуымен сахнаға шығарылып, қала жұртшылығына көрсетіледі. “Ай” деген өлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланды. Көпшілік көкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық кештерінде айтылып жүрсе, кейбіреулері “Еңбекші қазақта” жарияланған. 1925 жылы Жұбановтың режиссерлігімен Ақтөбе қаласында М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы қойылады.

Ақтөбе губерниясы, Темір уезі (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы ауыл, Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген. Бастапқы білімін әкесі ашқан ауыл мектебінен алып, әрі қарай сол маңдағы Оспан ишанның мешітінде 3-4 жыл оқиды. Келесі бірнеше жыл жергілікті ауыл мектебінде өтеді. 1914-1916 жылдары Орынбор қаласындағы «Хұсайния» медресесінде оқуын жалғастырады, 1916-1917 жылдарда Жұрынның 2 кластық орыс мектебінің бірден 4-5 класына түсіп, оны үздік аяқтайды. Ал 1917-1918 жылдары Күйік қаладағы (Елек) екі кластық орыс училищесінің соңғы курсына қабылданып, орысша білімін жалғастырады.

1928 жылы Ленинградтың шығыс тілдері институтын (экстерн ретінде) бітіріп, жоғарғы білімге ие болады. 1929-1932 жылдары Ленинградта аспирантурада оқиды: – 02.1929-09.1930 (1,5 жыл) шығыс тілдері институтында түрік тілдері мамандығы бойынша; – 10.1930-09.1932 (2 жыл) КСРО Ғылым Академиясында (жалпы тіл білімі бойынша). Анкетада өзінің көрсетуі бойынша мына тілдерді білген: неміс, араб, парсы, түрік, монғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдері.

Түпнұсқа: wikipedia