Қазақтардың ерте неке қию дәстүрі
01.08.2015 2125
Ерте неке қию дәстүрі моральды этиканы, қоғам заңдарын сақтау, өнегелі тазалық пен үлкендерге құрметті сақтаудан көрініс табатын тәрбиелік сипаты да болды

Қазақ қыз балаларының өтпелі кезеңі 12-13 жас болады. Бұл жаста алғашқы он екі жылдық жас кезеңі «мүшел» аяқталады да, қыз бала өзінің жас ерекшелігіне сай болатын бүлдіршін «қыз бала» тобынан «қыз» деп аталатын қыздар тобына өтеді. Оның тұрмыс құруына дайындау мақсатымен барлық этикалық нормаларын сақтау мақсатында қыздар тәрбиесі ерте жастан басталатын. Үлкен әйелдер қыз бала әдебін сақтауды назарынан тыс қалдырмай, қатаң қадағалап отырған. Бұдан өзге үй шаруашылығына, өзінен кіші балаларға көмек беруі жағынан анасына көмек берген қызды ерте жасынан бастап еңбекке белсенді түрде тартуды, қолөнерді игертуді қолға алды. Ол 13-14 жасқа келген уақытта шаруашылық жүргізу, балаларға қараудың барлық машықтарын меңгеріп алатын болған. Өзгерістер де оның сыртқы тұлғасынан айқын көрінетін: оның кию, шаш қою әдебі өзгеретін. Барлық өзгерістер қыздың тұрмыс құруға дайындығының белгісін көрсетеді.

13-15 жасқа келген қыздар дүниеге сәби әкелуге қабілетті, яғни, дәстүр ұғымының аясында тұрмыс құра алады. «Күйеудің ұрын келуі» деп аталатын салты есте қалатын. Күйеу жігіт пен қалыңдық кәмелетке толғанда, күйеу жігіт өзінің достарын ертіп, қалыңдық ауылына келеді. Бірақ күйеудің келуі «құпия» деп аталғанымен, бұл туралы барлығы біледі, қыздар мен әйелдер жағы «ентікпе» (сыйақы) талап етеді. Күйеу ауылға құр қол келмеуі керек, бір түйені өзінің қайын атасына алып келеді. Көп жағдайларда жас жұбайлар бала күндерінен атастырылып қойылғандықтан, бір-бірін тани бармейді. Күйеудің осы «ұрын келуі» жастардың ар тазалығын сақтай отырып, жақын танысуларына мүмкіндік береді. Нағыз жақындық тек үйлену тойынан кейін болуы керек. Мұнда қалыңдық қыз болмай және де күйеуінен болмай шығуы да мүмкін, онда күйеу наразылық білдіріп, қалыңдықтың әкесі қырық биемен айыппұл төлейді. Алынған қалың малының жартысын беруіне тура келеді. Егер күйеу қалыңдықтан тіпті бас тартатын болса, онда оған басқа қызына үйлену мен оған төленген қалың малын ұсынады, бұл туралы А.А. Диваевтің қазақ халқының салттары мен дәстүрлерінің тәрбиелік маңызы туралы еңбектерінде ескертіледі.

«Адат» бойынша қазақтарда жеті атаға дейінгі туыстар арасындағы некеге тыйым салынғандығын атап өтуге болады, бұл қандас туыстарының араласуына тыйым салынады, нәтижесінде болашақ ұрпақтың денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бұдан өзге бұрынғы кездері ерте үйлендіру жастарды ерсі қылықтардан сақтап қалалуға, сонымен қатар дені сау балалардың дүниеге келуінің алғышарты болуына ықпал етеді деп пайымдау болған. Сондықтан қыздарды 13-14 жастарында күйеуге берді. Алайда қазіргі кездері Қазақстанда ерте үйлендіру дәстүрі өзінің қолданысын жоғалтты.

Жас жұбайлар. Жас ерекшелігі шамамен 14 жас. 1932 жылдағы фотосурет

Дәстүрді жеткізуші – қазақтардың өздерінің көзқарасының тұрғысынан алғанда, 9-12 жастағы қыз баланы күйеуге берудің табиғи заңдылыққа ешқандай қарама-қарсылығы жоқ. Салыстыру үшін, қазақтардың неке жасындағы қарым-қатынасы бойынша деректерін келтіреміз: «адат» деректері бойынша 12-15 жастағы жас адамдар балиғат жасқа толған болып есептеледі, олардың неке құруына құқығы бар болатын.

Жас жұбайлар. Қыз бала 13-те, ал ер бала 11 жаста. ХХ ғасырдағы фотосурет (Қызылорда қаласы)

Кей уақыттары ертерек неке қию қиын экономикалық күйдегі отбасының жағдайында болатын. ХІХ ғасырдың зерттеушілері атап өткеніндей, дәулетті қазақтар өздерінің қыздарын 20 жаста күйеуге берген. Көп балаларын асырауға мүмкіншілігі болмаған ата-аналар неке туралы ертерек келісімге келіп, қызын күйеуінің отбасына беруге ұмтылған. Болашақ күйеуінің отбасына жетім қалған, әрі келісілген жас қыз баланы алу жиі орын алған. Қыз бала болашақ күйеуінің ата-аналарынан тәрбие алып, жыныстық толысу жасына жеткен кезінде әйелі болды. Кей уақыттары ертерек неке құрудың аяқталуы жағдайында күйеудің қазасы болатын. Дәстүр бойынша қалың малы төленген оның қалыңдығы тез арада неке құруды және кәмелетке толмаған қалыңдығын оның отбасына беруді талап ететін ағайынына өтеді, бұл халықта «әмеңгерлік» деп аталады.

Үйлену дәстүрінің көрінісі. 1899 жыл. Түсірілген орны: Қазақстан, Семей облысы

Алайда ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басында қыздың неке құру жастарының кеңінен таратылған түрі 15-16 аралығы болып есептеледі (бойжеткен – «бойжеткен қыз»). Дәл осы уақытта оның киімінде некеге дейінгі жас ерекшелігінің элементтері енгізілетін. Оның жас ерекшелігін танытатын негізгі белгілері – түрлі-түрлі әшекейлер. Әшекейлердің толық жинағына сүйекті әшекейлер, сырға, білезік, жүзік, алқалар кіреді. Егер 13 жастағы қыз балалар-жасөспірімдер осы жиынтығының кейбір бөлшектерін ғана тағатын болса, ал 15-16 жастағы қыздар оларды толық күйінде таққан, яғни мұның мәнісі қалыңдықтар тобының жасына арнайы көрсетілім болып табылатын. Қыз баланың киімдерінің кейбір бөлшектері, мысалы бұрым әшекейлерін (шашбауларды) жас әйелдер де тұрмыс құрғаннан соң да тағуды жалғастыра береді, уақыт өте келе оларды өзінің сіңлілеріне немесе күйеуінің отбасындағы қыздарға, яғни қайынсіңлілеріне сыйға тартқан.

Осылайша, ертерек үйлендіру салтының моральды этиканы, қоғам заңдарын сақтау, өнегелі тазалық пен үлкендерге құрметті сақтаудан көрініс табатын тәрбиелік сипаты болған.

Мирас НҰРЛАНҰЛЫ