Бабалар өнері өркендеуде
02.04.2015 4588
31 наурыздан бастап ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында Елорда тұрғындары мен қонақтары қазақтардың көне өнерімен (біз кестемен) таныса алады.

Ағайынды Гүлназым мен Айнұр Өмірзақтар кескіндеме өнерімен 15 жыл бойы айналысып келеді. Олар болашақ кәсібін жастайынан таңдап алған. Өйткені олардың отбасында бұл өнер дәстүрлі түрде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып келеді. 

«Бір туындыны жасауға бір айдан көп уақыт қажет болады. Осы көрмедегі суреттерді салу үшін әпкеммен бірге жарты жыл еңбек еттік. Әке-шешеміз — суретшілер, анамыз кесте тігу өнерімен айналысады, сол өнерін бізге үйретті. Мен бала кезімнен анамның кесте тіккенін көріп өстім, иненің дауысы мені өзіне тартып әкетті. Бұл өнермен 13 жасымнан бастап айналыса бастадым» — деді Гүлназым Өмірзақ. 

Ағайынды Өмірзақтар бізбен кесте тігудің күрделі әдісін таңдап алды. Бұл дәстүрлі кесте тігу техникасы болып табылады. 

Біз кесте — Қазақстанда ұмытылған тамбурлық тігіс. Сондықтан да қазақ өнерінің осы маңызды түрін жаңғырту және зерттеу жұмыстарымен айналысатын шеберлерді дұрыс бағалаумыз керек. Біз кесте — ілгекпен тоқу, ынта-жігер және көп еңбекті талап ететін күрделі техника. Шыдамды, ұқыпты, ісмер әйелдер  шынымен де әдемі кесте тігеді. 

Ағайынды Өмірзақтардың суреттері қолданбалы бұйымдардан гөрі кескіндемеге көбірек ұқсайды. Тігістерді түрлендірудің арқасында жарық пен көлеңкенің ойыны байқалады. Тігістер әртүрлі: жиі, сирек, ұшталған. Шебер орындалған жұмыс таңғалдырады. Бұл кестелер біз ине және түсті жіптің көмегімен тігілді. Суреттің әрбір бөлшегі нақтыланған. Ағайынды Өмірзақтар шығармашылық мотивтер мен әдістерді пайдаланып, оларды әрі қарай дамытып, жаңа әдістерді ойлап табуда; бірақ, өз бабаларының стилистикасын сақтап келеді. Шебер әйелдер — династиялық кәсіптің жалғастырушылары. 

Қазіргі кезде олардың суреттері қолданбалы өнердің аясынан шығып кетті. Енді бұл қарапайым кесте емес, бұл — сурет. Суреттерді тұрғын үй және қоғамдық ғимаратты әшекейлеу кезінде пайдалануға болады. Шебер әйелдердің шығармалары жергілікті тұрғындар және туристтердің арасында жақсы танылып, үлкен сұранысқа ие. Гүлназым Өмірзақ кесте тігу өнерін оқытады.  Оның суреттерінің бағасы 500 АҚШ долларынан бастап, 5 мың АҚШ долларына дейін жетеді. 

Қазіргі таңда ағайынды Гүлназым мен Айнұр Өмірзақтардың суреттері Лондон, Люксембург қалаларындағы, Германия, Франция, Түркия, Ресей елдеріндегі өнер галереясында көрсетіліп, әлемге танылуда. 

«Дәстүр жалғастығы» көрмесі 2015 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады.