Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 4 Желтоқсан

Оқиғалар күнтізбесі

4 Желтоқсан

4 Желтоқсан 2005

Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті жалпыхалықтық сайлауы өтті

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 2005 жылы 7 қыркүйекте анықтағандай, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау 2005 жылы 4 желтоқсанда өтті.

Қазақстан Президентінің кандидаттығына: еліміздің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов, Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов және «Табиғат» экологиялық ұйымының жетекшісі Мэлс Елеусізов қатысты.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы №54/109 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына, сайлаушылардың 91,15 % дауысын жинап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Сайлау тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне тікелей эфирде теледебаттар жүргізілді, оған Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа барлық кандидаттар қатысты. 

4 Желтоқсан 1962

52 жыл бұрын Павлодар педагогикалық институты ашылды

Бір жылдың ішінде ЖОО № 3 мектептің төртінші қабатында орналасты, мұнда төрт дәрісхана болды. Тарих-филологиялық және физико-математикалық факультеттерінде 150 адам білім алып жатқан. 14 ұстаз сабақ берген. 

1994 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институты Павлодар мемлекеттік институтының құрамына еніп, оның атауы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты болып өзгерді. 

2004 жылдың ақпанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің дербес ЖОО — Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты болып бөлінген.