Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 14 Қараша

Оқиғалар күнтізбесі

14 Қараша

14 Қараша 1917

1917 жылы казак әскерінің Жетісу әскери кеңесі әскери үкіметті құрастырды

1917 жылдың 14 қараша айында казак әскерінің Жетісу әскери кеңесі әскери үкіметті құрастырды. Кеңес өкіметімен күресу үшін Верныйға (қазіргі Алматы) ақ гвардияшыл офицерлер және юнкерлер келді.

1917 ж. қарашада Оралда контрреволюция ошағы құрылды. Осында құрылған облыстық әскери үкіметі көп кешікпей жергілікті Кеңесті қудалады және өкіметті жаулап алды. Бұл әскери үкіметі Қазақстандағы ақ гвардияшыл контрреволюциялық қозғалыстардың басты күштері болды. Олар ақ гвардияшыл офицерлікке, казак станицаларының кулак элементтеріне және көші-қон ауылдарына сүйінді, сонымен бірге жергілікті кадеттер, эсерлер, меньшевиктер, «Алаш», «Шуро-и-ислами» партиясының көшбасшылары мен басқа кейбір партиялар, саяси қозғалыстарымен қуатталынды.