Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 9 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

9 Қазан
1996 1996 жылы Ақмола арнаулы Экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты
Ақмола арнаулы Экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы (1996 жылғы 9 қазан)
1731 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр орыс бодандығын қабылдады
Кіші жүз ханы Әбілқайыр (Батыс Қазақстан) орыс бодандығын қабылдап, Қазақстанның Ресейге қосылуының бастамашысы болды.

9 Қазан 1996

1996 жылы Ақмола арнаулы Экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты

1996 жылдың 9 қазан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша Ақмола арнаулы Экономикалық аймағы құрылды (АЭА).

Ақмола АЭА-ның басқару органы Әкімшілік кеңес болып табылады, оны қала Әкімі басқарады. Ақмола АЭА-ның басқару органы Әкімшілік кеңесінің қызметі шағын және орта бизнесті белсенді дамытуға, экономиканың әртүрлі саласында инвестия салушылардың көбеюіне, сонымен бірге қалалық қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған. Әкімшілік кеңесінің Қаржы операторы «Фонд Ақмола» ЖШС болып табылады.


9 Қазан 1731

1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр орыс бодандығын қабылдады

1731 жылы патшайым Анна Иоанновна Әбілқайыр ханның кіші жүз қазақтарын Ресейдің бодандығына қабылдау туралы өтініш хатына қол қойды. 

Әбілқайыр хан Ресей бодандығына өз қарамағындағы адамдарымен  мына шарттар бойынша қабылданды:

1. Ұлы императорға адал қызмет ету және башқұрттар сияқты қызмет жасап, жасақтар беріп тұруға міндетті.

2. Ресей боданына өкпелеуге, өздігінен қатынасты үзуге болмайды.

3. Егер қайсақтарға жау шапса, олар Ресей боданы болғандықтан ұлы император тарапынан қорғалады.

4. Кепілдікке алған ресейліктерді тапсыруға уәде береді. Башқұрттармен, қалмақтармен бейбітшілікте болады.

Патшайым Әбілқайырдан ант алу үшін Қазақ жеріне Ресей елшілігінің тілмашы А.И. Тәукелев бастаған елшілерді жібереді.