Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып жəне үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің əр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен-деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана бі ле тін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
Тəуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың əлеуметтік-саяси жəне басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі — білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласынада өз əсерін тигізуде. Бүкіл əлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мəселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бəсекеге қабілетті маман даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау — əр оқытушының борышы. Ол өз кəсібін, өз пəнін, барлық шəкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы — педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы оқытушыларға қойылатын талаптар: бəсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кəсіби біліктілігі, əдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Біздің кафедрамыздың оқытушы-профессорлар құрамы жоғарыда атал ған талаптарға сай қызмет атқаруға тырысып бағуда. Олар Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында қойылған қазіргі заманға сай білім берудің интеграциялық үдерістерін дамыту мақсатында еңбек етуде. Əсіресе, жоғары оқу орындары білім беру ісімен шектеліп қалмауы тиісті екендіктерін терең түсінген кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құрып, оқу процесін жан-жақты дамыту қажеттігін басшылыққа алуда.
Атап айтқанда, соңғы бес жылда кафедрамызда Қазақстан тарихы, саясаттану жəне экономикалық теория негіздері пəндері бойынша тұрақты ғылым-əдістемелік секциялар құрылып, жемісті жұмыс істеуде. Бұған қоса, оқытушылардың жетекшілігімен құрылған студенттердің ғылыми үйірмесі-де қазіргі талаптарға сай қызмет атқаруда. Осы үйірменің тікелей атсалысуымен жыл сайын желтоқсан айында кафедраның жұмыс жоспары бойынша студенттер мен жас оқытушылардың ғылыми-практикалық конференциясы өтізіледі. Мəселен, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Тəуелсіз Қазақстан: Əлеуметтік жаңғыру жолындағы 20 қадам» атты конференцияда ҚР ПрезидентіН.Ə. Назарбаевтың «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ор тақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасына сəйкес ғылым мен білім беру саласын интеграциялаудың, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кейбір көкейтесті мəселелері көтерілді. Конференцияда 50-ден астам студенттер баяндама жасап, ой-пікірлерін айтты. Олардың үздік шыққандарына Университет ректорының дипломдары мен құрмет грамоталары тапсырылды.
Ал 2013 жылғы 12 желтоқсанда өткен студенттердің конференциясы «Халық тарих толқынында. Тəуелсіздік жолындағы ұлт-азат тық қозғалыстар» деген тақырыпқа арналды.
Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мəдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тəжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Осы талаптарға сай біз үстіміздегі жылы студенттерге «Мəдениеттану», «Бизнес жоспарлау» жəне т.б. қосымша электив пəндерін ұсынып, оқытып жатырмыз.
Бұдан басқа, оқыту процесін интеграциялау мақсатында біз тиісті пəндер бойынша өткізілетін əрбір дəріс пен семинар сабақтарын əлеуметтік-гуманитарлық жəне медицина ғылымдарында қолданылатын ортақ тұжырымдамалармен ұштастырамыз.
Мəселен, «Қазақстан тарихы» пəні бойынша оқытылатын «Тəуелсіз Қазақстанның халықаралық байланыстары» тақырыбын «Саясаттану» пəніндегі «Қазақстаннның қазіргі дүниежүзілік жүйесіндегі орны» деген тақырыппен тығыз байланыстырамыз. Сонымен бірге «Саясаттану» жəне «Экономикалық теория негіздері» пəндері бойынша оқытылатын дəрістер мен практикалық сабақтарды еліміздің негізгі тарихи кезеңдерімен жəне нақты тарихи оқиғаларымен ұштастырып, ғылыми тұрғыдан тарихи əдістемені кеңінен қолдануға тырысамыз.
«Адамға оқып-үйрену ең алдымен өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін интеграциялау, осыған сəйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары оқытушылардың үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мəні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызуды білдіреді. Білім сапасын арттыру жəне нəтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында оқытушылар мемлекеттік стандарттармен берілген нəтижелерге жетуде кəсіби шеберлік пен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары негізінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық-коммуникативтік мəдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кəсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып-үйрену» жəне өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мəртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансап тық өсуін, оқытылуы жəне кəсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагог ғалымдардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мəселелеріне үлкен мəн берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар əрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болаша ғы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дəстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кəсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты — мамандықтарды игерту ғана болса, ал заманауи əлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бəсекеге қабілетті тұлға дайындау үшінадамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну — қазіргі таңда негізгі өзекті мəселелердің бірі.
Ел болашағы — білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру — ұстаздар қауымы на ортақ іс. Ал таяудағы перспективада əлемдік тəжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық оқытуды бастау күн тəртібінде тұрған келелі мəселе. Осының бəрі ұстаздар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Қандай істі-де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегі мен оқыту əдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бəрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тəжірибемізді əрі қарай қалай ұш тастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тəжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор — адам жəне жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру — бүгінгі білім жолында жүрген ұстаздардың басты борышы.
Ел экономикасын өркендету, бəсекеге қабілетті болу тек қана кемел біліммен келетіні анық. Ұлттық білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне шығуы, əлемдік стандарттарға сай қызмет етуде елімізде жоғары оқу орындары көптеген іргелі өзгерістерді бастан кешуде. Жалпы отандық жоғары оқу орындарын əлемдік-деңгейге шығару — Президенттің Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда анық көрсетілген. Сол себепті бəсекеге қабілетті маман даярлау еліміздің алдың ғы қатарлы жоғары оқу орындарының мақсаты мен міндетіне айналып отыр. Бүгінгі таңда əлемдік университеттердің арасында лайықтыорын ға ие болу мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары көптеген жұмыстар атқарып жатыр.
Қазақстан тəуелсіз ел болғаннан бері халыққа білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткізілді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке жəне авторлық мектептер ашылды. «Қазақстан тарихы», «Ана тілі» жəне 1–5 сыныптар үшін басқа да пəндер бойынша жаңа оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан оқу мекемелерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.
Республикамыздың жоғары білікті медицина кадрларын даярлау ісіне қомақты үлесін біздің Астана Медицина университеті-де қосуда. Биылғы жылғы күзде оның құрылғанына 50 жыл болады. Соңғы жылдары бұл университет елімізде медицина кадрларын даярлайтын ең жақсы үш жоғары оқу орындарының қатарына қосылды. Қазіргі кезде университетте 5500-ден астам студент білім алуда. Олардың саны жылдан жылға артуда.
Университетіміз өзі құрылғаннан бері 14 мыңнан астам медицина кадрларын даярлады, қазір олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шет елдерде-де (АҚШ, Канада, Израиль, Германия, Греция, ТМД елдері жəне т.б.) жемісті еңбек етуде.
Қазіргі ғылым мен өндіріс бір мезгілде мамандану мен интеграциялану бағытында дамиды. Кəсібімен байланысты іс-əрекет түрінде əр түр лі ғылым салаларынан алған білімдерін жұмылдыра пайдалана алуға қабілетті кең салалы мамандарға қажетсіну артады. Мұндай мамандарды даярлауда жүйелі ойлауды, объектіні көпжақты байланыстар мен қатынастардың бірлігінде көре білу іскерлігін дамыту бірінші дəрежелі мəнге ие болады. Интеграцияланған таным нəтижелерінің, жалпы ғылыми идеялардың, əдістемелік принциптердің, жүйелік талдау əдісінің мəнділігінің қазіргі қоғамда артқандығы сондай — студенттерге ғылыми интеграция өнімдерін үйрету жоғары оқу орындарының негізгі міндеттерінің біріне айналды. Осы тұрғыдан алғанда білім беру жүйесінде пəнаралық интеграцияны жүзеге асыру көкейтесті проблема болып табылады. Өйткені ол оқу үрдісінің барлық құрылымдық элементтерін — білім берудің мазмұнын, формаларын, технологиясын бір тұтастыққа біріктіре отырып, оның тиімділігінің артуына ықпал етеді. Пəнаралық интеграция білімнің игерілуін, іскерліктер мен дағдылардың белгілі бір жүйеде қалыптасуын қамтамасыз етеді, ойлау іс-əрекетінің белсенді болуына, студенттердің теориялық білімінің оқу-өндірістік іс-əрекеттерімен ұштасуына ықпал етеді. Пəнаралық интеграцияның жүзе ге асуы білікті мамандардың кəсіби даярлығын кеңейтуді жəне олардың өзара байланысты кəсіптердің тобына даярлауға мүмкіндік бе реді.
Елбасының биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясын нақты жүзеге асыру міндеттері қойылған. Онда халықты жұмыс пен қамтуда мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізуде кəсіптік білімді тегін алуға, өмір бойы сапалы білім алуға жағдай жасау жəне барлық мүмкіндікті туғызу, шетелдік жұмысшыларды қазақстандық мамандардың күшімен алмастыру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының ең негізгі бағыты болатындығы атап көрсетілген. Ал Президентіміздің бұдан бұрын ұсынған тарихи бағдарламасында былай делінген болатын: «Біздің болашақтың жоғары технологиялық жəне ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз əрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт».
Қорытып айтқанда, жоғарыда баяндалған маңызды шаралардың барлығы мемлекетіміздің тəуелсіздігін сақтауға, республика халқының бірлігін нығайтуға, оның əлеуметтік-тұрмыс жағдайын, денсаулығын, тіршілік сапасы мен-деңгейін арттыруға бағытталғанын жан-жақты ашып көрсетеді. Осының барлығына біздің қолымыз Ата Заңымызда көзделген тарихи ережелерге сүйене отырып, Президентіміз белгілеп берген басымдықтарды жүзеге асыру, атап айтқанда: ғылым мен білімнің инновациялық жүйесін дамыту, денсаулық сақтау саласының қазіргі заманғы стандарттарына өтуін, ұлттың мəдени жəне рухани əлеуетін өркендеуін қамтамасыз ету арқылы жетіп отыр.
Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. Алматы, 1999.
2. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ« — ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауы.
3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
4. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мəселелері. Алматы, «Өнер» баспасы, 2003.
Талғатбек ƏМИНОВ
Астана медицина университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент, Астана қ