Отандық тарих ғылымы еліміздің тəуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның басты көрінісі — тарих ғылымының бұрынғы идеологиялық қыспақтан арылып, төл тарихты зерттеуге бет бұрған дер едік. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады.
Елбасы əртүрлі-деңгейде сөйлеген сөзінде, оннан астам жарияланған еңбектерінде Тəуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға жəне сол арқылы халқымыздың жаңа тарихи санасын қалыптастыру ісіне басты назар аударуда. Ол өткен тарихын білмеген, өзінің ұлттық қасиет терінен айырылған халық қасіретке ұшырайтындығы туралы, өзінің жақсысы мен жайсаңын сыйламайтын адам басқаларға құрмет бола алмайтындығы жөнін-де те рең тұжырымдар жасады.
Тарих ғылымы — ұлттың, елдің тəуелсіздігінің жəне тарихи сананы қалыптас тырудың тірегі. Өйткені Отан тарихы — оның əлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын ең негізгі фактор болып саналады. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайтыны белгілі. Бірақ сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы, түбегейлі жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың ұлттық рухтың
əлсіреуіне əкелетініне, əсіресе өткен жиырмасыншы ғасырдың ұрпақтары
талай рет көз жеткізді. Ендеше отандық тарих ғылымының алдында тұрған
өзек ті мəселе — сол ғылымның теориялық жəне методологиялық ұстанымдарына сүйене отырып, іргелі зерттеулер жүргізу арқылы болашақ зиялы ұрпақты тəрбиелеу.
Төл тарихымызды танып-білудің үш құрамдас бөліктен құра латын кешенді бағыты төмендегідей:
Бірінші бағыт — Қазақстан тарихының əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарында ғы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру.
Екінші бағыт — Отандық тарихты қолда бар құралдарды, мүмкіндіктерді
пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Үшінші бағыт — Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына қарай «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұ жырымдамасы» дайындалып арнаулы басылымдар мен ғылыми жи нақ тар да жарияланды. Мəселен, 1999 жылы жарық көрген «Национальные истории в советском и постсоветских государствах» атты еңбекті атауға болады. Бұл маңызды құжатта тəуелсіздік жағда йында еліміз дегі тарихи сананың қалыптасу жағдайы, тарих ғылымының алда тұрған мəселелері тарихи білім мен, ағарту ісінің келешегі айқындалды.
Аталған мəселе бүгінгі күнде өз жалғасын тауып келеді. Отан тарихы, біріншіден, əлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретін-де, екіншіден, Шығыс əлемінің құрамдас бөлігі ретінде, үшіншіден, ислам əлемінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, одан кейінгі кезеңдері Қазақстанның Ресей империясы мен
Кеңес Ода ғы ның құрамындағы тарих ретінде қарастырылып, зерттелуі қажет.
Осыған орай Қазақстанның тарих ғылымының алдына төмендегі міндеттер қойылды — өткен тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс ретінде қарастыру; көне жəне орта ғасырлық тарихқа басты назар аудару; Қазақстан тарихының кеңестік ке зе ңін қай та қарау; қазақ диаспоралары тарихын зерттеуге басты назар аударумен қатар елімізді мекендейтін этникалық топтарына тиісті мəн беру.
Сан түрлі дерек көздерін саралап, тарихтың ақиқатын аршу қаншалықты
маңызды болса, оны келер ұрпаққа жеткізуде соншалық маңыз ды. Қоғам дық санада қалыптасқан — тарихтың өзі екшейді, өзі əділ бағасын береді дей тін ұғымдық категория бар. Бірақ ең бірінші адамдардың, қоғамның, халық тың санасына, зердесіне тікелей байланысты. Тарих — қоғамның, мемлекеттің өркениет тілігін көрсетеді. Өркениетті елдер төл тарихына құрметпен, жауап кершілік пен қарап, ерекше назар аударады. Өйткені, өткен тарихын құрметтей білген ұрпақ, келер ұрпаққа өз дəуірін сыйлата білері анық.
Ендеше Отан тарихының өзекті-де теориялық мəселелеріне сипаттама жасау арқылы ұлттық сана қалыптастыру. Оның міндеті алдына қойған мақсаты на сəйкес еліміздің басынан өткізген жекелеген үрдістеріне байыпты талдау жасау бүгінгі күні тарих ғы лы мы ның өзекті мəселелерінің бірі болып саналады. Біз, Кеңес заманында өз тарихымызды, шынайы жаза алмай, өзгелердің жазып кеткен жылнамаларына жүгінумен келдік. Бұрын өзгенің айтқанын қайталау мен болдық. Ал олар болса, біздің тарихымыздың өз мемлекетінің мүдделері тұрғысынан жəне өз таным-түсінігі-деңгейін-де жазғанына мəн бермедік.
Дегенмен біз, басқа елдің зерттеушілерінің пайым дауларының бəрін бір дей жоққа шығарудан аулақпыз. Кезін-де Ұлы Даладан шыққан айтулы тұлғалардың есімдері дəріптелмеді. Осы Ұлы Даладағы өсіп-өнген халықтың тегінің тұтастығы ашылмады. Тіпті, күні кешегі Кеңес үкіметі біздің бай тарихымыз туралы шынайы, ақпараттар бермеді. Кеңес жылдары құрметке бөленген адамдардың өздері туралы, мəселен, Т. Бокин, А. Иманов тағдыры туралы, Ə. Жангельдиннің шынайы тарихи тұлғасы туралы мəліметтерге қанық емеспіз.
Жаңа тұжырымдама бойынша көне замандардан бергі Қа зақ стан тарихының дерек көздеріне жаңа көзқарас қалыптас ты ру қа жет ті лі гі баса көрсетілді. Осыған орай ең алдымен, ел тарихына қа тыс ты мұрағаттарда сақталған деректер Қазақстан Ресейдің отары бол ған кезде патша үкіметінің саясатына ыңғайланып топтастырылды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары Кеңестік им пе рия ның мүддесіне сай жинақталды. Тарихи шындықты қазақ халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан көрсететін құжаттарға көп жағдайда зерттеушілердің қолы жетпеді.
Бүгінде жаһандану процесі жүріп жатқан кезде ұлттық мүдде, ұлттық тəрбие, ұлттық рухты сақтап қалу қиын екені даусыз. Сондықтан, бүгінгі жоғары оқу орындарының алдындағы зор міндет жоғары білімді мамандарды даярлау. Жоғары жəне орта оқу орындарында оқытылатын Отан тарихының да көтеретін жүгі ауыр — деп санаймыз. Тəуелсіз еліміздің əрбір азаматы өз елінің, өз жерінің тарихын білуге міндетті. Студенттер санасында «Менің елімнің тарихы — менің тарихым» деген түсінік болу керек. Осы маңызды мəселелердің іске асуында тарихи сананың орны ерекше. Жалпы тарихи сана-қоғамдық сананың ерекше түрі, тарих үрдістің рухани жағы жəне нақты іс-əрекеттерден туындайтын категория болып табылады. Кезінде Қазақстан оқу орындарында төл тарихтың мүлде оқытылмауы -отан дық тарих бойынша жаппай рухани жұтаңдықты қалыптастырды. Бүгінгі қоғамдағы кейбір келеңсіз көріністердің сол кезде бастау алмағанына кім кепіл. Мəселен тарихи сананың ұлттық танымның тұтастығынан айырылуын алайық. Қазақстанға кеңестік құрылыс құлағаннан кейін қаптап кеткен діни секталарға азаматтарымыз, оның ішінде кейбір қазақ жастарының оп-оңай енуі бұған мысал бола алады.
Сонау патша өкіметінің отаршылдық, орыстандыру жəне шоқындыру саясатының кезінде-де діни қыспақтың осы ауыр түрі не шыдаған қазақ халқының беріктігін немен түсіндіруге болады. Əрине, бүгінгі ата-баба жолынан адасқан қазақтың немесе қазақстандықтар дың бұл қадамдарын əлеуметтік мəселелер мен түсіндіруге болатын шығар. Бірақ азаматтарымыздың арасында халқының өткен бай тарихына мəн бермейтін, содан барып, ата-баба рухын қадірлемейтін, өздерін солардың жолын жалғастырушы ретінде сезінбейтін топтың кездесетіні анық.
Елінің, халқының өткенін анық білетін, рухани дүниесі бай азаматтарды қалыптастыру бүгінгі күннің талабы жəне ондай азамат елтірегі болмақ. Бүгінгі таңда азаматтарда тарихи сананы қалыптастыру қоғамның сұранысы нан туындап отыр. Оған жаңа үрдістердің қалыптасуы, көп ұлттылық тағы басқалар жатады. Азаматтарымызда кең тарихи сананы қалыптастыруға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстан тарихының əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарындағы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру осы ған дəлел болады.
Қазіргі таңда оқылатын пəндерде жастардың болашағы, алатын мамандығы на қарай бағытталуына, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ жеке тұлға қалыптастыру білім мен тəрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Мақсатты білім беру, белгілі бір кəсіптің маманы ретінде даяр лау жеке тұлға дамуын жəне зиялы азаматтар қалыптастыратын мəселелер. Отан тарихынан болашақ маман өткен тарихымыздың мол деректерін ала
отырып, оның тəжірибесін болашаққа бағдар етіп ұстанады, өзіндік ойлау жүйесі бар зиялы азаматтардың қатарын үнемі толықтырып отырады. Сондық тан, Отан тарихын оқытуды жетілдіру үшін қажетті шаралар үнемі іске асырылып отыруы тиіс. Оқу лық тар ға енгізілген тарихи оқиғалардың əлі-де болса саралап, екшеп алатын тұстары көп. Бізде идеологиялық қағидалар басым оқулықтар бар, деректер жинағына ұқсайтын, айтатын ойы жеткіліксіз оқулықтар да жоқ емес. Ал мұндай оқулықтар ұлттық мүдде тұрғысына сай емес.
Қазақ тарихының жарқын беттері аз емес, біздің ата-бабаларымыздың жалпы адамзаттық өркениетке қосқан үлесі қомақты. Солардың ішінен мектеп, орта жəне жоғары оқу орындарына арналған оқу лық тар ға енгізілуге тиісті материалдарды іріктеуге мұқият қа ра ған дұрыс деп ойлаймыз. Зерттеуші айғақ ты саралай отырып, қо ғам ның бұдан былай өткенде орын алған келеңсіздіктерді қайталамай алға басуын қамтамасыз ететін тұжырымдарды қорытып шығаруға міндетті. Ал мектепте оқылатын тарихтың міндеті мүлдем басқаша, тарихтың жарқын беттерін, халықтың рухы өрлеп тұрған тұстарын, адамзат өркениетіне қосқан қомақты үлесін сипаттауға мейлінше көп орын бере отырып, жастарды отаншылдыққа тəрбиелеу қажет. Ал тарихи дағдарыстар, əлеумет тік катаклизмдер, тоқыраулық жағдайлар логикалық мөлшерлер мен беріліп, олардың пайда болу себептері дəлелді баяндалуы керек. Сонымен бірге олардың көрінісі сол кездегі тарихи дамудың баламалы жолы болғаны тарихтан сабақ алу мақсатында алға тартылуы жөн.
Қай мамандықта болмасын, студентті қазақ елінің, жерінің тарихына, тұрмыс-салтына, əдет-ғұрпына, мəдениетіне байланысты тəрбиелеу əр оқытушының көкейінде болуға тиісті нəресе. Отандық тарих пəнін оқытуда қойылатын ең басты талаптар сабақтың пəн дік жəне саяси дəрежесінің жоғары болуы, баянды түбегейлі бі лім беру үшін жастардың танымдық қабілетін дамытатын əдіс-тəсілдерді үнемі қолданып отыру, танымдық қабілетті жан-жақты дамыту үшін білуге құштарлық сезімін ояту, жаңаны түсіндіру, тарихи тақырыптың рухани тəрбие беру мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет. Отандық тарихты оқып-үйренуге деген ынтаны дамыту, оны меңгеру үстінде жалпы пəнге деген жауапкершілік пен қызығушылықты арттыра отырып, пəнді меңгеру тəсілдерін, оқу қызметі тəсілдерін қалыптастырамыз.
Халқымыздың ұлттық үлгісін бойына сіңірген қоғамның болашақ зиялы азаматтарын тəрбиелеуге атсалысамыз. Əрбір студент Қазақстан тарихы пəнін оқып үйренудің қоғам үшін-де, өзінің жеке басы үшін-де қажет екенін түсінуі тиіс. Əсі ре се, бұл пəннің бүкіл адам баласы басынан кешкен тарихты таныстырып қана қоймай, адамзаттың ілгері дамуы үшін, келешекті болжау үшін аса қажет екенін ескерткен жөн. Тарих ерекше пəн, оны жақсы білген адам, барлық пəннен хабардар болады, өйткені ол бар лық негізгі ғылымдардыңда тарихын оқытып үйретеді. Еліміздің бай тарихымен танысу болашақ зиялы қауымды рухани-деңгейде өсіріп қана қоймайды, сонымен бірге өткендегіден үйренуге негіз жасайды. Ең бастысы отан сүйгіштік қатынастарды қалыптастырады. Болашақ зиялы азаматтарды тəрбиелеу үшін Қазақстан тарихын тереңдете оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасауға болады. Ол үшін студенттердің ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру жəне республикалық ғылыми жарыстарға белсене қатынасуына
мүмкіндіктер жасауға тиіспіз. Білім мен тəрбие бере отырып жеке тұлғаны қалыптастыруды басты бағыт ретінде ұстану қажет.
Қазақстан тарихы пəнінің тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі бағыттары:
1. Болашақ жас маман ретінде студенттердің жеке дамуын бақылау, оның
еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына тиімді жағдай жасау.
2. Студенттердің Отан тарихына деген ынтасы, қабілетін зерттеу, бағдар
беру.
3. Ұлттық санасын қалыптастыра отырып, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік жасау.
4. Өзіндік ғылыми ізденістеріне бағыт беру.
5. Білім беру, жан-жақты дамыту, тəрбиелеудің бір тұтастығын қалыптастыру.
Қоғамдық қатынастар мен саяси-экономикалық саладағы өзгерістер тəуелсіз елдің білімді ұрпағын қайта тəрбиелеу қажеттілігін туындатады. Əр бір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қой май, болашақ мамандардың бүгінгі өмір ге байланысты талабы да жоғарлай береді.
Болашақ ел тағдыры да осы жастардың қолында. Халқымыздың санға сырлық тарихын өмір шындығына сай зерттеу мен насихаттау жəне жастардың тарихи санасын қалыптастыру ұлттық рухты əспеттеуге, Тəуелсіз Отанымыздың нағыз патриоттарын тəрбиелеуге қызмет етпек. Осы ойымызды мына пікірімен тұжырымдауға болады: «Ұлттық сананы қалыптастыру үшін Ұлы Дала тарихын ұрпақ санасына тірілту керек», сонда ғана біз мақсатымызға жетеміз.
Қымбат Байсарина, профессоры, т.ғ.д.,Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университеті