Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Алтай қазақтары тарихының кейбір мәселелері

30171

Қазақстан тарихының өз шешімін күтіп тұрған өзекті мəселелері баршылық. Солардың қатарына Қазақстан аймақтарының тарихын терең əрі жан-жақты зерттеу мəселесін-де жатқызуға болады. Өйткені кең байтақ Отанымыздың толыққанды тарихын жазуда тарихи аймақ тану деректерінің маңызды рөл атқарары сөзсіз. Осы тұрғыдан еліміздің қиыр шығысында орналасқан

Алтай қазақтарының тарихы жаңа методологиялық негізде тың зерт теу лер ді қажет ететін мəселе болып табылады.

Қазірге кезде Алтай — төрт мемлекеттің (Қазақстан, Ресей, Мон ғо лия жəне
Қытай) шекаралары тоғысқан аймақ. Осы жерлерді көп те ген ұлт өкілдері ертеден мекен етіп келеді. Дегенмен, осы төрт мемлекеттің де аумағын мекен
ететін тек қазақ халқы ғана. Бұл кездейсоқтық емес екендігі күмəн тудырмауы тиіс. Осы уақытқа дейін Монғолия, Қытай жəне Таулы Алтай қазақтарының тарихына арналған біраз зерттеулер жарық көрді. Бірақ сол ғылыми еңбектердің бір кемшілігі — тұтас Алтайды мекен еткен қазақтар тарихының бөліп-жарылып, жеке-жеке зерттелуі. Алтайдың əр аймағын мекендеген қазақтар тарихында орын алған оқиғалардың бір-біріменсебеп-салдарлық байланысы бар екендігін естен шығармаған абзал. Сондықтан, Алтай қазақтарының толық қанды тарихын жазу үшін жан-жақты кешенді зерттеулер жүргізу бүгінгі күн талабы болып табылады.

Алтай қазақтарына арналған ғылыми еңбектердің осал тұстарының бірі —қазақтардың Алтаймен тарихи байланыстарының мардымды зерттелмеуі. Бұл жерде барлық заманда тарихы, мəдениеті жəне тілінің ортақтығымен топтасқан тайпалар мен халықтар мекен еткені белгілі. Мұны археологиялық, этнографиялық, фольклорлық жəне лингвистикалық деректер мүлтіксіз дəлел деп береді. Дегенмен, көптеген жылдар бойы қазақтардың тарихы көршілес халықтардың тағдырынан, оның ішінде Алтай түріктерінің тағдырынан бөлектеліп жеке қарастырылып келгені мəлім. Тіпті олар бір-біріне қарама-қарсы қойылып, шаруашылық жəне мəдени байланыстарының сан-алуандылығы тек Ресеймен қарым-қатынас шеңберінде ғана жасанды түрде шектеліп отырды. Ендігі жерде, қазақтардың Алтайдың түрік халықтарымен этногенетикалық байланыстарын зерттеп, дəлелдеу арқылы осы кемшіліктің орнын толтыру қажеттігі туындап отыр. Қазақтардың Алтаймен байланысының терең тарихы бар, оның түп-тамыры қола дəуіріне, Андронов мəдениеті кезеңіне саяды. Археологиялық деректер сол тайпалар мəдениеті мен қазіргі қа зақ мəдениеті арасында көптеген ортақ белгілері бар екендігін дəлелдейді. Зерттеуші М. Мұқанов атап өткен дей, егер сол көне дəуір ескерткіштеріне, айталық, қыш ыдыстардың ою-өрнектеріне көз салып, оларды қазақтардың қазіргі уақыттағы ою өнерімен салыстыратын болсақ, онда олардың адам таң қаларлық ұқсастықтары мен ортақ белгілерін табуға болады [1, 3].


Алтай тарихында ерте көшпелілер — сақтар үстемдігі кезеңі айрықша
орын алады. Көшпелі мал шаруашылығы негізін құраған бірыңғай шаруашылықтың болуы, сақтар мекендеген аймақтар арасында табиғи кедергілердің жоқтығы дала белдеуіндегі тайпалар арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, олар дың мəдениетінің ортақ белгілерінің қалыптасуына жағдай жасады. Ежел гі алтайлық тайпалар өкілдерінің этникалық тегі əзірше беймəлім болғаны мен, белгілі археолог-ғалым С. П. Руденко «Таулы Алтай тұрғында рының сырт бейнесі қазіргі қазақтар мен қырғыздарға анағұрлым жақын» деп санайды [2, 69]. Бұл антропологиялық деректер, Алтай қорғандарынан көне заманғы сол мəдениеттің қазіргі Сібір жəне Орта Азия халықтары мəдение-
ті мен айшықты жəне əсерлі байланысына нұсқайтын алуан түрлі заттардың табылуына байланысты айрықша маңызға ие болады. Мəселен, Пазырықтың мұздаған қойнауларынан шыққан киіз текеметтер қазіргі қырғыз, қазақ жəне алтайлықтардың сол тектес бұйымдарындағы ою-өрнектерге аса ұқсас болып келеді [3, 130]. Осы аймақты мекен еткен көне көшпелі тайпалар шаруашылы ғының, материалдық мəдениетінің бір тектестігі олардың кəсібінен, баспаналарынан, ағамдарынан жəне киімдерінен көрініс тапқандығы дəлелденіп отыр [4, 43–51]. Осылайша, ежел гі көне дəуірдің жоғарғы жəне таңғажайып бай өнері қазір гі осы аймақты мекен етіп отырған тұрғылықты халықтардың ұлттық өнеріне материал ық тұғыр болған. Олар екі жарым мың жыл өтсе-де, қатты өзге ріп түрленсе-де, бұл жерлерде əлі-де ғұмырларын жалғастырып, сол ха лық тар дың күрде лі өткен тарихына, бай мəдени мұрасына куəгер болуда.

Соңғы жылдары жоғарыда аталған төрт мемлекеттің де аумағында сақ дəуірініңархеологиялық ескерткіштері белсенді зерттеліп келеді. Берел, Үкөк жəне т.б. тарихи ескерткіштердің аты дүние жүзіне мəлім болды. Бұл белгілі обалар табылған жерлер қазіргі кезде екі мемлекеттің аумағында орналасқа ны мен, екеуінің арасын тек ондаған шақырым жер ғана бөліп тұр. Қытай,
моңғол археологтары да Алтайдың ежелгі ескерткіштерін зерттеуде тың же-
тістіктерге жетіп отыр. Ендігі жерде қазіргі заманғы шартты шекараны кедергі етпей осы тарихи ескеркіштерді кешенді түрде зерттеп, салыстырмалы талдау жасалатын болса Алтай та ри хы ның жаңа қырларын ашарымыз сөз сіз. Бұл зерттеулер Алтайды ертеден мекендеп келе жатқан барлық тұрғылықты халықтардың тарихын зерттеуге қосылған сүбелі үлес болар еді.

Алтай қазақтары тарихының аз зерттелген кезеңінің бірі — орта ғасырлық кезең. Біз Алтайдың көк түріктердің ата жұрты, алтын бесігі болғанын естен шығармауымыз қажет. Түрік тілдес халықтардың түп тамыры, ата тегі болған этносаяси топтар дəл осы жерде пайда болған. Түрік тілдес халықтардың əр қилы даму кезеңдеріндегі этномəдени байланыстарын зерттей келе, ғалым дар қазір-де олардың тұрмысында, тілдерінде, мəдениетінде жəне халық өне рінде ұлттық ерекшеліктермен қатар терең тарихи тамыры бар ортақ сипат тардың нақтылы өмірде бар екендігін дəлелдейді. Алтайлықтардың, қазақтар дың жəне қырғыздардың этникалық тарихын, материалдық жəне рухани мəдениетін салыстырмалы түрде сараптау осыны айқын дəлелдейді [5, 45–46; 6, 45,75; 7, 39, 125]. Ал олар дың ара сын да ғы байланыстардың қалыптасқан ортақ географиялық ортасы Алтай болып табылады.

Алтайлықтар мен қазақтардың этногенетикалық байланыстары жөніндегі
деректер халық ауыз əдебиетінен-де орын алған. Солардың біреуінде, Белеуіт
пен Телеуіт екі, ағайынды ата-аналарынан айрылып, жетім қалады. Олардан
бір бие мен бір мылтық мұраға қалған екен. Тайкескен Шұнақ деген жерде
мұра бөліскенде Белеуітке бие тиіп, Телеуітке мылтық бұйырады. Осы, аңыз
бойынша, Белеуіт тен қазақтар тарап, олар мал өсіретін болса, ал Телеуіттен
алтай лықтар өрбіп, олар, аңшылықты таңдаған көрінеді [7, 149]. Жалпы, сан-
алуан деректерді зерттей отыра түбі бір халықтардың аражігін ашатын емес,
қайта оларды жақындастыратын мəселелерге баса назар аударған абзал болар.
Сол кезде тыңғылықты зерттеуді қа жет ете тін мəселелердің бірі — қазақтар-
дың Алтаймен этногенетикалық байлыстарын анықтау мəселесіне-де бі раз
сəуле төгілері анық.

Сонымен қатар, жазба деректердің жүйесіздігі, археологиялық зерттеулердің мардымсыздығы соңғы орта ғасырлар кезеңіндегі қазақтардың Алтаймен
байланыстары тарихын айқындауды қиындата түседі. Осы олқылықтардың
орнын толтырмай «қазақтар қай кезден бастап Алтайды мекен ете бастады»
деген сұраққа толық жауап бере алмайтынымыз белгілі. Ресей ғалымдарының зерттеулеріне сенсек, қазақтар Алтайға бертінде — XVIII–XIX ғасырларда ғана орныға бастады, оған дейінгі кезеңдерде олардың арасында еш байланыс болмады деген тезисті алға тартады. Ал 1927 жылы Алтай қазақ тарын зерттеу мақсатын да жұмыс атқарған ғылыми экспедиция құрамын да болған С. И. Руденко «наймандардың бір бө лі гі ерте заманнан осы жерде мекендесе, ендігі бір бөлігі XVIII ғасырда жоңғарлар мемлекеті жойылған соң көшіп келген — деп» мəлімдейді [8, 1].

Қазақ-жоңғар байланыстарын зерттеуде біржақтылық əлі-де басым. Екі ірі
көшпелі халықтың арасындағы қарым-қатынастарды тек əскери қақтығыстар
мен ғана шектеп келеміз. Белгілі тарихшы М. Мұқанов наймандардың түркілік шығу тегі туралы мəселені зерттей келе «…бірнеше ғасыр бойы наймандар алдымен моңғолдардың, кейіннен жоңғарлардың қол астында ба ғынышты болып келді. Егер олар монғол тектес болса, осынша уақыт аралығында соларға сіңісіп кеткен болар еді. Дегенмен олар өздерінің тілін, мəдени ерекшеліктерін сақтап қала алды» деген тұжырым жасайды. Осыдан қазақтардың бір бөлігінің Жоңғар мемлекетінің құрамында болуын, соның ішінде Алтайды мекен ету мүмкіндігін теріске шығара алмаймыз. Тарихшы К. Пищулинада «XVIII ғасырда қазақтар мен төленгіттер оңтүстік Алтайда аралас-құралас (черезполосица) мекен еткен» деген тұжырым жасайды. Əрине, бұл келтірілген мəлімет тер мəселенің басын толық ашуға жеткіліксіз екендігін мойындаймыз.

Тарихи шындықты жазу үшін бұлтартпайтындай деректер қажет. Сондықтан,
Алтайдың орта ғасырлық тарихын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу арқылы көптеген мəселелердің бетін ашарымыз күмəн тудырмауы қажет.
Орыс отарлауы кезеңіндегі Алтай қазақтарының тарихы əлі-де толық зерт-
телмеген. Əсіресе, XIX ғасырдың ортасынан бастап олардың өмірінде орын
алған оқиғалардың аса ауыр зардаптары болды. Қазақ жерлерінің орыс шаруалары мен казак əскерлері пайдасына тартып алынуы жаппай миграция ның басталуына түрткі болғаны белгілі. Жүздеген қазақ ауылдары ауа көшіп, Қытай мен Таулы Алтайға қоныс аударуға мəжбүр болды. Сондықтан, көрші мемлекеттер аумағында өмір сүріп жатқан қазақ диаспоралары тарихын сол кезеңде қазіргі Шығыс Қазақстан аумағында болған оқиғалар мен тікелей байланыста зерттемесек тарихи шындық тың беті ашылмайды. Көтеріліп отырған мəселелерге кешенді зерттеулер қажеттігі осыдан да келіп туындайды.

Соңғы жылдары «Мəдени мұра» бағдарламасы негізінде шетел мұрағатта рын ел тарихына қатысты 5000-ға жуық маңызды құжаттар əкелінді. Солар дың қатарына қытай мұрағаттарынан алынған деректерді-де жатқызуға болады. Осы қарастырып отырған мəселеге байланысты Абылай хан мен Цянь Лунь арасындағы хаттар аса ма ңыз ды мəліметтер береді. Жалпы, XVIII ға сырда Абылай хан ның Алтай, Тарбағатай жерлері үшін Қытаймен күресі көп шілікке мəлім. Император Цянь Луньге жазған хаттарында Абылай хан Жоң ғар хандығы құлағаннан кейін қазақтардың бір бөлігінің шығысқа қарай түріле көшуін олардың бір кездері айрылып қалған ата мекендеріне қайтып оралуы деп түсіндіреді. Цянь Лунь бір жауап хатында «бір кездері мұрын да рыңнан құрттарын түсіп жүргенде бұл жерлерден айрылып қалғандарын рас. Алайда ендігі кезде бұл жерлер Қытайға бағынышты» — деп жазуын, ол жерлерде қазақтардың бұрын нан мекендегенін мойындауы деп қабылдауға негіз болатын сияқты.

Алтай қазақтары тарихын зерттеудегі тағы бір өзекті мəселе «диаспора» жəне «ирредента» мəселесі төңірегінде. Алтайдың оңтүстік сілемдері, Бұқтыр ма аймақтарында қазақтардың ерте кезден мекен дегені туралы азды-көп ті деректер болғанымен, солтүстікте — Таулы Алтай аумағына қазақтар XIX ғасыр дың екінші жартысынан бастап қоныс аударып келе бастады. Қазіргі кезде Таулы Алтайда қа зақ тар жиі қоныстанған аймақтардың бірі — Қос, ағаш ауданы. Мұн да ғы қазақтар тұрған жеріне қарай — Жазатыр қа зақ та ры, Шүй бойы қазақтары болып — екіге бөлінеді. ЗерттеушіГ. Меңдіқұлова қазақтардың осы тобын ирредентке жатқызуға болады деген тұжырым жасайды. Алайда, бұл мəселе əлі-де зерттеуді, нақты дəлелдерді талап етеді деп ойлаймын.

Нақты зерттелмеген мəселелердің бірі — XX ғасырдың 20-30-жылдары Қазақстанның қиыр шығысында Ойратиямен шекараны анық тау мəселесі. Қазіргі аты дүние жүзіне мəлім Үкөк жерлерінің 30-жыл дар дың басына дейін Семей облысы құрамында болып кел ге нін көпшілік біле бермейді. Кеңес өкіметінің кереғар саясаты нəтижесін-де халық наразылығы шегіне жетіп тұрған кезде, Ойратия өкілдері жер дауын көтеріп, оны өз пайдасына шешуге əрекеттер жасауға кіріседі. Жер дауының басты нысаны — Жазатыр алқабы болды.

Жазатыр арқылы Қазақстан Монғолиямен тікелей шекаралас болып, онымен тура сауда-саттық жүргізіп тұрған. Айырбас сауда орталығы Катон-қарағай ауылында орналасқан болатын. Осы ған байланысты Қосағаш жəне Катон-қарағай ауылдары арасында Моңғолия мен сауда жасау үшін бақталастық та болды. Жазатыр Ойратия қоластына өткен жағдайда Қазақстан Монғолиямен шекара лық сауда жасау мүмкіншілігінен айрылатын. Сондықтан Ойратия жағыдаудың өз пайдасына шешілуіне бар күш-жігерін салды. Осы оқиғалар нəтижесін-де Қазақстан өз жерінің бір бөлігінен ғана айрылып қой ған жоқ, Моңғолия мен тікелей байланыстың үзілуіне байланысты-Ка тон-қарағай ауылы айырбас-сауда орталығы ретінде маңызын жоғалтты.

Қорыта келе, Алтай қазақтары тарихына байланысты көптеген мəселелердің əлі-де басы ашық екендігін мойындауымыз қажет. Тарихилық тұрғыдан дұрыс баға беру үшін осы мəселе төңірегінде зерттеу жүргізіп жатқан тарихшылардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру абзал.

Раушан Айдарбаева, т.ғ.к., доцент., Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ

Пайдаланылған  әдебиеттер мен деректер тізімі:

1. М.С. Мұқанов. Қазақ жерінің тарихы. Алматы: Атамұра. Қазақстан, 1994. 80-б.

2. Руденко С. И. Культура населения Горного Алтая в скифское время. М.-Л., 1953. 403 с.
3. Народы Сибири. Этнографические очерки. М.-Л., 1956. 1046 с.
4. Потапов Л. П. Особенности материальной культуры казахов, обусловленные кочевым образом жизни. // Сборник музея антропологии и этнографии. Т. 12. М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1949. 498 с.
5. Абрамзон С. М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. Фрунзе: Кыргызстан, 1990 (переизд.1971). 480 с.
6. Востров В.В., Муканов М. С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX — начало XX вв.). Алма-Ата, изд-во «Наука», 1968. 255 с.
7. Потапов Л. П. Этнический состав и происхождение алтайцев. Историко-этнографический очерк. / Отв. ред. Окладников А.П. Л.: Наука, 1969. 196 с.
8. Руденко С. И. Очерк быта северо-восточных казахов // Казаки. Сборник статей археологических отрядов казахских степей. Вып. 15. Л.: АН СССР, 1930.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?