Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Махамбет шығармаларындағы өлке тарихы

30160

Махамбет — бізідің түсінігімізге алмас қылыштай қиып түсетін шыншылдығымен ерекшеленетін төкпе, ақын және толқымалы бұлқынған күйші композиторлығымен қатар, өзі өмір сүрген XIX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи — қоғамдық болмыспен біте, қайнасқан өршіл, жершіл, елшіл-де дауылпаз жауынгер тұлға!

Ол мұндай жан — жақтылықты қайдан алды, киелі қасиеттер Махамбет бойына қалайша жинақталып, шынайы даналық пен даралыққа қалай жеткізді?

Жоғарыдағы сауалдарға жауап беру үшін, біз Махамбет өскен табиғат пен қоғамдық ортаны, ол ортаның сол кездегі әлеуметтік — экономикалық және саяси жағдайларына көңіл аударуымыз қажет.

Махамбеттің туылған жері — Бекетай құмы — жалпақ Нарынның терістік шығысында, яғни қазіргі Атырау Орал облыстарының шегіне жақын орналасқан ұзыны — 800 -100; ені 50–60 шақырымдық құмы мен төбе, жазықтары кезек алмасқан көкбекті, шайыр — балдырған, баттауығы мен қымыздығы, жусаны — изені, бидайығы жайқалған шабындығы мен жайылымы төрт түлікке түгел жайлы қоныс болатын. Табиғаты да жанға жайлы, яғни қысы жұмсақ, ықтасын төбелері мол, жазы -ыстық болғанмен түні — салқын, суы мол өлке еді. [1] И.Кенжалиев «Махамбет Өтемісұлы» А., 1979 12–13 бб.

Бөкетай құмында күні бүгінге дейін балалық шағы өткен «Көк төбе! мен жастық шағы мен жігіттік кезеңдерінің куәсі арғымақ баптап, жыр төккен: «Махамбет тауы» бар. «Біздің анау нарында бір төбелер бар еді, Айналасы ат шаптырса жеткісіз» делінуі сөзімізге куә. Міне, осындай табиғаты әсем, жылдың төрт маусымыныңда өзіндік сән — салтанаты мол өскен орта — Махамбеттің санасына сәби кезеңнен әсер етіп, оның жершіл-елшілдігіне негіз болып, тасқынды дарынымен, толқынды сезімін оятқан — деп пайымдауымызға жетелейді.

Махамбет 14 жасында әкеден айырылып, оған 1816 жылы Хан сұлтандардың Өтеміс ауылын шауып «мал дүние мүліктерін тонауы себеп болды. Әкесі Өтеміс өрмінезді беті қайтпайтын әділін қасқайып түрып бетке айтатын батылда, батыр адам болған. Сондықтанда ол — жақын жуықтарына абыройлы ал билеушілерге ұнамаған. 1817 жылы Өтеміс қамалып, Орда түрмесінде белгісіз жағдайда ажал құшады.

Осылайша, Махамбет жетім қалып, ауызша сауатты анасы — Қосуаннан тәлім, ағалары Тоқтамыс пен Бекмұхамбеттен мол тәрбие алған және әділетшіл ескі жырау — ақындар: Қазтуған, Шалгез бен батыр жырау Доспанбеттерден үлгі алған өз кезеңінде әке қанынан дарыған шыншылдық, батылдық, өжеттіктерді бойына жиып жетіледі. Оның үстіне 1817 — 1819 жж бастап беріштердің би -старшині Исатайдың адамгершілікке толы қамқорлығында болады.

Ежелден қалыптасқан дәстүрлер бойынша арғымақ сайлап, құмай еріткен сал — серілерше, батыл ер жете бастаған Махамбет өміріне XIX ғасырдың 20 — 30 жылдарында Еділ мен Жайық аралығында орын алып, орныға түскен жөнсіздіктер, әсіресе хан — сұлтандар мен оларды жақтаған билер мен ауқаттылардың және самодержавиенің отаршыл саясаттары барысында Еділ мен Жайық бойларында әскери шептер нығайтылып Каспийдің терістігін тұтас қамтитын жағалаулар мен далаларда Безбородко, Завьеялов, Богратион және Юсуповтар бастаған орыс, шоқынған қара, ноғайлардың помешиктерімен ауқаттылары алып, шын мәнісінде бұл аймақты орыстандыру саясаттары ашық жүргізілуімен қатар;

Жәңгір хан бастаған, ақсүйектер Тарғын өзені мен Жасқұс құмын алса, қосөзен аралығындағы ең шұрайлы жайылымдар мен шабындықтарды сұлтандар мен билер және оларға ерген ауқаттылар жаппай иеленді.

Мұның нәтижесінде Нарын құмындағы және жалпы Кіші жүздегі халқымыздың мал бағып, айырбаспен ғана жүзеге асырылып, келе жатырған саудаға сүйенген тұрмыстары бұзылып, жер тапшылығы қатты сезіліп, елдің кейдейленуі шапшаңдай бастады. Себебі халықтық мамыражай дамып, өркендеуін отаршыл өктем билік қаламады, патшалық Ресей саясатшылары кіші жүзді бөлшектеу арқылы оның саяси-әлеуметтік, экономикалық- стратегиялық қуатпен әлсіретуді көздеп, Жәңгірдің 1812 жылы «Ішкі Орда» деген атпен хандығын бекітсе осы өңірде немесе Жайықтың сол, Бұхар атты сол жағалауында Жантөре Айшуақұлы, Айшуақпен бақ, тақ таласқа түскен Жайықтың жоғарғы жағында Қаратай сұлтан Нұралы ұлы, ал Маңғыстауда Нұралыұлы Пірәлі хан билік жүргізгенді.

Осылардың барлығы «бөліп алда билей бер» ұстанымы арқылы жат жерліктермен олармен ымырласқан жергілікті үстем әлеуметтік жіктердің жүгенсіздіктерін күшейтіп, аймақтағы әлеуметтік қайшылықтарды асқындырды. Нәтижесінде Халықтың тұрмысын барынша күйзелтіп, ақша-тауар қатынасын ұлғайтып, XIX ғасырдың басынан бастап, халық бұрын -соңды сезінбеген жоқшылық, жетімсіздік пен қайыршылыққа ұласа бастады.

Тіпті халқымыздың бүкіл болмысына жат әрекет, яғни әбден түңілген кедейлердің балаларын сатуы жиі орын ала бастады. Еңбекке жарамды кедейлер Еділ-Жайық бойындағы Астрахан бастаған ірілі- ұсақты қалаларға кәсіп іздеп қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Олардың кейбіреулері еріксіз шоқынуға дейін барды.

Қарапайым халық жағдайының күрт нашарлауы көзі ашық, көкірегі ояу, бар ықылас-пейілімен еліне жан-ашыр Исатай сияқты билер мен батырларды, Махамбеттей елге таныла бастаған жаны тазаларды да ширықтырып, елінің, жерінің болашағы үшін қиында болса халқы үшін тағдырларын тәрік етіп хан сұлтандарымен өзі үшін ғана өмір сүретін билерге қарсы күреске шығарды.

Осы мақсат Махамбеттің бар дарынын азаттыққа арнауына себеп болып, бүкіл шығармашылығы әділеттліктің ұясы болған елінің болашағына арналып, ақын былай деп мақсатын ашық айтады: «Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге, Мал толтырсам деп едім….«-дейді, және-де «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай Ерлердің ісі бітерме?-деп, ашық азаттық күреске шақырады. Сөйтіп жан-жақты дарынды Махамбеттің ғұмырын, бүкіл творчествосын тек елінің азаттығы мен тәуелсіздігіне арнауына еріксіз мәжбүрледі.

Жауынгер, ақын: «Еділ үшін егестік, тептер үшін тебістік, Жайық үшін жандастық, қиғаш үшін қырылдық«-деп, туған жердің бостандығы мен болашағы үшін талай қиындықтардың болатынын біле отыра, халық үшін барлығына әзір екенін білдіріп, ерлерді күреске жігерлендіреді.

Бұл күресте Исатайдай ерді-төбесіне көтере, таудан мұнарта ұшқан тарланым»-атты өлеңінде: Оның халықшылдығын, батырлығын, қайраты мен, ақыл-жігерін шарықтата, шабыттана жырлайды. Мысалы «Өкініш» атты жырында: Толғайда толғай, оқ атқан, он екі тұтам жай тартқан, Қабырғасын қаусатқан, Тебінгісін тесе атқан, Тізгінінен кесе атқан. Теспей қанын зулатқан, Біздің қайсар батырдың, Жүрегін сөйтіп оятқан. Кешегі Орақпенен Мамайдай, Батырлар шіркін болармай!-деп жырлай келе, XIV–XV ғасырлардағы туған жер тарихын еске алады. [2] М.Өтемісұлы 36-бет.

Немесе: «Соғыс» деген өлеңінде «Әскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым. Айғайлап жауға тигенде, „Ағатай беріш“ ұраным. Бекетай құмға ел қонып, Байбақты жүніс аттанды»-деп жырлап, бүгінгі біз қол жеткізе алмай жүрген шежірелік дерек ұсынады. [3] Көрсетілген еңбек 42-бет.

Қысқасы Махамбеттің бүкіл шығармашылығы елінің ертеңіне арналып, кейінгі ұрпақтарғаадами үлгі боларлық танымдылығы жан-жақты, яғни жерді, елді, халқын құрметтеуге бағышталғандығы қай өлең-жырларын оқысаңда қанық бояуымен өшпестей айшықталып тұрады.

Мысалы «Еділмен Жайық жер еді-ау мекен еткен шаруаға. Жағасы қорған жай еді-ау… Ар намысын қашырма. Сүйегім тұтам қалғанша, Тартынбай сөйлер асылмын. Бойың жетпес биікпін, Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Аяғыңа бас ұрман»- деп төкпелейді. [4] М.Өтемісұлы. Жыр-жебе. А., 2003. 97–100 беттер.

Жалпы, Махамбет шығармалары туған өлкеміздің тарихы үшін тұнып тұрған тарихи деректерге толы, әсіресе тарихи жер-су аттары, өткен дәуір кезеңдеріндегі белгілі кісі аттары мен шежірелік деректерге, этнографиялық заттар; батырлардың қару — жарақтары, аймақтың берекесін толықтырған жан-жануарлар, құстар мен өсімдіктер атаулары өте жиі кездесулері мен құнды.

Махамбет шығармаларындағы өлке тарихына жан-жақты қызғылықты боларлық дәйектер күні бүгінге дейін мүлдем зерттелмеген, сондықтанда бұл шағын зерттеу мақаламыз өлке тарихына қызығушыларға ой салса, біздің мақсатымыздың орындалғаны.

Мұстафин Ж.Ж.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?