Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Елеусіз қалған ерлер

30159

ХХ ғасыр қазақ халқының азаттық күрестерінің шарықтап дамып, жалпы ұлттық сипатты иеленген кезеңі: оған негізгі себеп, орыс патшасының отаршыл өктемдігінің экономикалық сипатта ғана емес, әлеуметтік және саяси езгісініңде өсуімен қатар, Әлихан Бөкейханов бастаған зиялыларымыздың жанқиярлық тынымсыз еңбектері әсер еткен болатын [1, 256 б.].

Осылайша, өткен ғасыр басында-ақ «ұлт мүддесі» туралы «ұлттық идея» шапшаң қарқынмен қалыптасып, халықтың әлеуметтік әртүрлі, әсіресе ауқаттылары мен орташалар арасында да кең қолдауымен тарала бастады. Оған біріншіден, әлеуметтік жағынан жоғарыдағылардың білімдарлығымен, әлемдік азаттық идеяларды меңгерулері ықпал етсе; екіншіден, оқығандардың әртүрлі «үнқағаздарды» жариялап, азаттықты насихаттаулары да маңыз ала бастады. [2.98].
Оның үстіне халқымыздың болмысының өзі «азаттық идеямен» бірге жаралғандай екенін дәріптеуге боларлықтай емес пе? Өйткені, халқымызда: «Жаным-арымның, малым-жанымның садақасы», — деген тектілікке, еркіндікке, батырлыққа баулитын өмірлік ұстаным бар. Міне, осыған байланысты ұрпақтарына, аңызға бергісіз батырлық өнеге көрсетіп елін қорғаған батырлар аз болмаған. Өкінішке орай олардың көпшілігі ұмытылып, бірең-сараң ақсақалдардың жадында болмаса, көпшіліктерінің есімдер-де аталмай келеді.

Мысалы: Исатай-Махамбетке дейін Тайлан, Оразымбет, Пыштанай, Балталы, Байдаулет, Бәйтен, Бесбатыр, Еламан-Жоламан, Алақай, Бегалы-Сыралы, Айбас, Көктаубай, Өтей, Асау, Тұрлан, Саржала, Жапарберлі, Құлбарақ батырларды ардақтап, олар туралы халық жадындағы естеліктерді жарыққа шығарсақ көп болмас еді.
Әрине, жоғарыда аттары аталған батыр бабаларымыздың аталу реттерінен білместікпен кеткен жаңсақтықтар болса, олардың рухтары мен көпшілік оқырмандардан кешірім өтінеміз.
Әлдеқайда қуатты әсіресе қару-жарақтары жөнінен батыс өркениетінің басымдылығын айқын сезіне бастаған және білімімен ғылымының артықшылықтары сөзсіз айқындала бастаған тұста халқымызда: «Білекті-бірді, білімді-мыңды жығар», -деген тұжырым орнығып, қазақ зиялымының қалыптасуына ықпал еткені даусыз.

«Ұлттық идеяның" қылыптасу үдерісіне пәрменді қозғау салған факторлар: ХIХ ғасырдың соңғы он жылдығында империяшыл қуатты елдердің әлемдік өркениеттігі экономикалық, әскери-стратегиялық әлеуеттерінің артықшылықтарын әлсіз елдерге қарсы қолдану арқылы отаршыл өктемдіктерін біржолата орнату жолындағы геосаясат бағаттарының ұлағаюы мен қатар, олардың өзара бақталастың күрестері ушыға келе, ХХ ғасырдың басында бүкіл әлемді зор дүрбелеңге салған алғашқы дүние жүзілік соғысқа киліктіруі болды [3, 352].
Белгілі-бір дәрежеде соғыстың тұтынуына әлемнің басқа қуатты елдері сияқты ықпал еткен орыс патшалығы соғыс ауыртпақлықтарын отар халықтарына аударуға тырысып, оларды қанауды түрлі сылтаулармен күшейте бастады. Негізгі тұрмысы көшпеліктен арылмаған қазақ халқына да соғыс ауыртпалықтары салмақтан түсті: Мәселен, салықтар өсіп, соғыс мүдделеріне орай майданның ауыр қара жұмыстарына адамдар алынатын болды.
Осы жағдайларда қазақ зиялыларының басшылықтары мен «ұлт тәуелсіздігі» туралы насихаттардың көбіне себеп болып, халықтың саяси санасына оң ықпал етті.

Оның үстіне 1917 жылғы, Ақпан және Қазан айларындағы әлеуметтік төңкерістерде халқымызды азаттық идеясына деген ынта-ықыластарға жігерлендіре берді [4, 771].
Әуелден намысшыл, батылдық болмасында орныққан халқымыздың 1918–1920 жылдары Ресейдегі «Азамат соғысы"жылдарында монархияшыл, ақ гвардияшылардың елден қуылуының бір бағыты-туған аймағымыз арқылы өтуі тұсындағы және оларды өкшелей қуған большевиктердің де жергілікті халыққа қарсы мал-мүліктерін тонаулары мен айуандық қорлаулары жиеленіп, халық арасында «сары орыстың — бәрі орыс» атты жеккөріністі пиғылдардың қалыптасуын негіздер жасады.

Халықтың арасында жүректілігімен құрметке бөлініп келе жатқан. Итес (Итеш),Тағамбай және Шәуекен сияқты адамдардың батырлыққа тән ерлік-қайсарлыққа баруларына себеп болды.
Аты аталған адамдар ел арасындағы ауыз-екі сақталған естеліктерде «сары орыстардың" қай-қайсысыныңда қазаққа жаны ашымайтындықтарын түсініп, олардың жүретін жолдарынан әртүрлі мезгіл қиыншылықтарын, яғни күзбен көктемнің және қаhарлы қыстардың ызғарларына қарамастан көшіріп, бой тасалауларға ықпал етумен қатар оларға жол көрсетуге, жем-шөппен және азық-түлік, малмен қамтамасыз етуге қарсы болды.Қай орыстарда жергілікті қалықтардың «түрлі көмегін"еріксіз түрде тонап, тартып алу арқылы түрлі озбырлықтарға, тіпті әдемі қыз-келіншектерді қорлау әрекетеріне барып,қарсылық көрсеткен ер-азаматтардыатып-асып аяусыз жазалаулар нәтижесінде өздерін жергілікті халық арасында жеккөріншілігін кушейтті.

Сондықтанда Ресейдегі «Азамат соғысымен» Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ел-жер тәуелсіздігі жолында жоғырыда аты аталған адамдардың ерліктері халық жадында ұзақ сақталып, Тағамбай мен Шәуекен сол зобалаңдардың құрбанына айналды.
Бұл екі ердің алғашқысы Беріштің себек руынан,қазіргі № 13 -ауыл, Ортақшыл селосының түстік-шығысына құрметпен жерленсе, екіншісі-Балықшы адай, бай Шоқайұлы-Алға немесе № 17 ауылмен-№ 16 ауылдардың шығысына орналасқан Тайлан қауымында жерленген. Тайлап батыр жөнінде арнайы зерттеу жүргіземіз, ол туралы бөлек мақала болады деп ойлаймыз.
Тоғамбай мен Шәуекен өз кезеңдерінде айналарына беделді әсіресе, екіншісі ауқатты, сөз ұстаған адамдар болған. Екеуінің де ұрпақтары бар, Махамбет ауданы мен Атырау қалаларында болуы әбден мүмкін. Сол ұрпақтары аталары туралы деректерді толықтыра жарияласа құба-құб болар еді.

Ал енді Итес атамызға көмек, бұл кісі туралы ел арасында әңгіме жетерлік. Бұл естеліктер Итес атамыздың жеке қаситеріне байланысты сақталған сияқты. Мысалы, ол кісі-орта бойлы жауыны кең, төртпақ өте қуатты,қайрат иесі. Сушыл, яғни суға жүзгіш, ақын-жанды адам болған сияқты. Итес-себектің Сары-Баба бөлімінің Оразымбет Қонақбай-Науша-Нияз ұлы Итестен бес ұл, яғни Батас, Зұлғаш, Рахат, Рахман және Рамазан атты ұлдары болған.
Итес атамыз ұзақ жасап,өткен ғасырдың 30-жылдарының соңында өмірден өтіп себектердің № 13 ауылы, яғни Ортақшыл селосының шығысындағы «Алтын»қауымына жерленген.
Атамыз өз өмірінің саналы бөлегін казак-орыстарға қарсы күресуге арнаған,өйткені орыстар қазақтарды Жайықтан балықты үркітесіздер — деген сылтаумен мал суартпаған, отын,құрық,құрылысқағаш немесе шетен тоқуға қызыл шыбықтар мен ең ақыры жайық жағалауындағы жыңғылдардан дайындап,қамшы саптарында алғызбаған. Киіз үйлердің шаңырақ кереге, уықтарын жасайтын, арнайы қызыл, ағаштарда Жайық бойында өсетіндігі белгілі. Ең бастысы-Жайық бойындағы өте құнарлы шабындықтардан-айыруы болған еді.
Сондықтан Итес бастаған ең батыл жігіттер орыстардың кірге, яғни керуенге тартатын түйе, жылқыларын өте шеберлікпен барымталап отырған. Итес батыр ізін жасыру оңай болғандықтан барымта жорытқан көбіне жалғыз жорытқан түндер, боран-дауылдарда адаспайтын жұлдызға, жер бедерлері мен тал-бұталардың ерекшеліктерін есіне жақсы сақтайын-ізшіл, иісшілде болған. Осындай қасиеттерін өте тиімді пайдаланған батырға орыстардың күдіктенгенмен нақты дәлелдері болмағандықтан, жабылып сабағанмен,ұзақ уақытқа-қамай да, жер аударылмаған. Алайда қатты күдіктеніп, сескенген.Өйткені: Итес батыр өте қайратты болғандықтан 2–3 орысқа әлде бермеген,өшін алып сабап кетіп отырған.

Осылайша, Итес батырға әбден өшіккен орыстар бірде Жаман қалаға (Яманка-Махамебеттің ескі атауы) «Жоғарыдан балыққа ауыстыруға қамбат тауарлар келеді екен;«-деген жалған арандату қауесетін таратып, батырдың келуіне өздері-де мұхят-даярланып, Жайықтың Самарылық тік жағалауларына жысырын аулар құрып,өздері жағаны үздіксіз құпия күзетеді.Осы қауесетке сеніп қалған, аңғал батыр Жайықтан сүңгіп өтіп, орыстардың құрған ауына оралып қалады. Мұны байқаған күзет әзір отырған орыстарға хабар беріп, жабылып жүріп, бірнеше қайықпен қамап ұстайды. Аяусыз сабап мойнына тас байлап, судың теріс, ағынына апарып суға батыруға бағыт алады. Батырдың аяқ-қолын байланғанмен қатар, жанын қинауды мақсат еткендер қысқашпен екі құлағынан қысып, адам төзгісіз қорлық көрсетеді. Осындай ауыр жанаталаста батыр қулыққа көшеді. Ол: «құлағымнан қыссаңдарда мұрнымнан қыса көрмеңдер»- деп жалынады. Бұған сеніп қалған орыстар «е.е.е. бұның жаны-мұрнында екен ғой»- деп, қысқашты құлақтан алып, мұрынға жабысады. Осыны пайдаланған батыр,қатты бұлқынып,қайықты аударып, суға сүңгиді. Батырдың мұндайда бойынан тастамайтын тік ішекке тығып жүретін пышағын алып,қол аяғын байлаған жігіттерді қиып, мойынан байлаған тастан құтылып, жар астына біраз тығылады. Орыстарды біраз күтіп, су бетіңе шықпағанан. Кейін соң өлдіге кейін жорып кетіп қалады.

Батыр атамыз жөнінде мұндай, аңызға бетгісіз әңгімелер өте көп. Тіпті орыстар Итес батырды ашық күшпен ұстауға тартысып, бірнеше рет қарулы топтарда шығарады. Бірақ,батыр ер жігіттердің қолдауымен үнемі құтылып кетіп отырған.
Батыр Итес орыстарға қарсылық күресін Кеңес кезінен бастап тоқтатып, балалары Батыс және Зұлхааштарға жаңа өмірге белсене араласуға әкелік бағыт беріп, жасының әбден ұлғайғанына дейін өзі-де еңбектен қалмайды.
Итестің жоғарыда аттары аталған ұлдарының ұрпақтары өңіріміздің әртүрлі аймақтарында өмір сүріп жатырғандықтары даусыз. Олардың қолдарында батыр аталары туралы көптеген тың деректердің сақталуы да мүмкін.

Біздің бүгінгі тәуелсіздігімізге бірегей із қалдырып, халықтың жауында қалған Итес сияқты аталарымыз жөнінде қанша жазсақта көптік етпейді деп ойлаймыз. Себебі мұндай, естеліктер бүгінгі буындарды елжандылықпен ұлтжандыққа тәрбиелеуде мақтанышпен айтар, тарихи өшпес мұралар екені белгілі.

Ж.Ж. Мұстафин, т.ғ.к, Х. Досмұхамедов атындағы АМУ доңенті

                                                             Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Елтұтқа. Астана -2001.256 б.
2.И. И. Минц. История Великого Октября. т.1 Наука. М.1977.98-б
3. И. И. Минц. История Великого Октября. т.1 Наука. М.1977352-б
4. И. И. Минц. История Великого Октября. т.1 Наука. М.1977 771-б.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?