Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Еліне қалқан болған Жаңғабыл батыр

30120

Жаңғабыл батыр  қазіргі Қызылорда  облысы, Сырдария ауданы мен Қостанай өніріңде өмір сүрген.

Батырдың  бейіті – Сауд Арабия еліндегі Мекке – Мәдине жерінде. [Б. Ахметбектің дерек қорынан, мәлімет беруші Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Аманкелді ауылының тұрғыны,Жаңғабыл батырдың шөпшегі, 1938 ж.т. Сәдуақасов Нұрғали ақсақал].

Жаңғабыл Жаппас елінің белгілі батыры әрі биі болған.  Хиуа, Қоқан хандарының басқыншылығына қарсы шыққан. Батыр Ресей империясымен жақсы қарым-қатынаста болған.

«1844 жылы зауряд-хорунжий атағын алады. 1846 жылы №46 дистанцияның бастығы болады» [Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясы. Алматы, Атамұра, 2005 . 220 б.].

Бізге жеткен кейбір ауызша деректерде Жанғабыл батырдың Кенесары хан қозғалысына іштей қарсы болғандығы айтылады. Бірде Кенесарыны Қоқан ханының қыспағынан Жаңғабыл батыр босатып алыпты деген мәлімет те бар. Сондықтанда өзі көмектесіп қоқандықтардың тұтқынынан босатқан Кенесарының өзіне қырын  көзбен қарап жүргеніне батыр іштей наразы болса керек. Бір жолы Жаңғабыл батырдың ауылына Кенесарының жігіттері келеді. Жаңғабыл  жігіттері келген қонақтарды бірнеше күн ас-су беріп күтеді. Бірақ екі жақ арасында алауыздық әрекеттер өршиді. Кешқұрым келген қонақтарға ел азаматтары қонақасы беріп, боза-шарап, қымызбен тойғызып, артынан шырт ұйқыда жатқанда сарбаздарды шетінен бауыздай бастайды. Бұл жер осы күнге дейін Қырғынтөбе аталады. 

Осы оқиға жөнінде Жанғабыл батырдың тікелей ұрпағы Нұрғали ақсақал әңгімесінде бабасын былайша суреттейді:-«Бабам ұзын бойлы, ірі денелі кісі болған. Жанғабыл батыр Кенесары – Наурызбай батырлармен айқасқан. Жанғабыл батыр Ресеймен де араласқан. Түйемен тамақ тасыған да кезі болған. 1844 жылы Наурызбай батыр Жаппас еліне 90 жігітпен келген, 90 үй тігілген. Ол кезде Жанғабыл батыр кіре тартып кеткен екен. Соны пайдаланып Жанғабыл батыр ауылын төре Наурызбай батыр шабады. Жанғабыл батыр – «Еліңді бүлдіріп жатыр» дегенді естіп, ауылына келеді де, шетінен 90 жігітті қыра бастайды. Атын бейдеу арқанға байлап жатқан Наурызбайға қарай шабады. Наурызбай аттың  шабысын есітіп, үйдің іргесін көтере қашады. Сонда Жанғабыл батыр қуып бара жатып: - Наурызбай, тоқта сәлем берейік - дейді. Наурызбай қолының кішкене саусағын ұсынады. Жанғабыл батырдың күштілігі сондай Наурызбай батырдың саусағының терісін сыпырып алады. Наурызбай батыр қашып кетеді. [Б. Ахметбектің дерек қорынан, мәлімет беруші Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Аманкелді ауылының тұрғыны,Жаңғабыл батырдың шөпшегі, 1938 ж.т. Сәдуақасов Нұрғали ақсақал].

d9cdf50db7b428bc72c186f7a3ae9be4.jpg

Суретте - Жаңғабыл батырдың шөпшегі 1938 ж.т. Сәдуақасұлы Нұрғали ақсақал.

Жанғабыл батыр жайлы Сыр бойының атақты ақыны, тегі -  Ашамайлы Керейіт Нысанбай жырау Жаманқұлұлы(1822-1883), (кейбір деректе Нысанбай жырауды Кетікұлы дейді)  дастанында : -

 Кіші жүзге сия алмай

Тастап көштің жеріңді!

Төлеген аулы Жанғабыл

Ерлікке мықты сенімді.

Тоқсан кісіңді өлтірген,

Алып па едің кегіңді.

Бітеу сойып басыңды,

Қоқанға берген теріңді  -  деп жырлаған. [Нысанбай жырау. « Кенесары - Наурызбай » дастаны].

Нысанбай жыраудың толғауын сұлтан Ахмет Жантөрин қазақшадан-орысшаға аударып Петр Распопов деген кісігі береді, ол оны орысша мәтінімен толықтырып «Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания, переложенных в русские стихи». Оренбург, Типо-литография Ефимовского-Мировицкого, 1885. 85 с,; то же. Оренбургский листок. 1885. № 8-13; 15-17. деген еңбектеріне шығарады.  Петр Распоповтың еңбектерінде Жанғабыл батыр туралы мынандай жолдар бар: - Девяносто вас в то время

Джангабай, сын Тюлегеня,

Умертвил и кожи их,

Оскальпировав живых,

Тотчас передал из стана

В руки жителей Кокана [ История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков ІХ Том, Народные предания об исторических событиях и выдающихся людях казахской степи (XVI-XX вв.) -  Алматы, «Дайк-Пресс», 2007, с.390].

  Жанғабыл батыр жайлы орыс деректерінде мынандай мәліметтер бар.

1850 г., января 15. – Рапорт письмоводителя при султане-правителе Восточной части оренбургских казахов, титулярного советника Г.П. Половоротова председателю Оренбургской пограничной комиссии М.В.Ладыженскому. «Джангабыл Тюлегенев – зауряд-хорунжий, бий, начальник 46-й дистанции, 51 года. Роста большого, телосложения здорового и тучного, лицо чистое, борода посредственная, темно-русая и окладистая, вообще представляет физиономию русского мужика. Происходит из киргизов. Яппаского рода, карагузева отделения. Снимок печати, употребляемой сим ордынцем. Место кочевания: летнее – между  реками Тургаем и Тоболом: зимнее – на реке Сырдарья. Семейство: две жены и три сына. Состояние: хорошее.Хорошего и здравого ума, способностей также хороших, ловок и имеет дух мужества (или батырства), характера твердого, особенных наклонностей нет. Влияние этого ордынца на однородцев, приобретенное через ловкость и некоторое мужество, особенно во время кочевания яппасцев в глубине степи и трудное время, весьма ощущительное имеет действие и место, и он между своими родовичами довольно уважаем и носит звание между ними и в орде бия. С должной и усердной готовностью предан правительству. 1840 г., июня 21-го дня за оказанное усердие при найме верблюдов для Хивинской экспедиции награжден бывшим оренбургским военным губернатором чином зауряд-хорунжего. В 1844 г. оказал примерные услуги удачным склонением своих однородцев к поражению мятежнической шайки, бывшей под предводительством султана Наурузбая Касымова, причем истреблено огромное число мятежников, но за эти услуги награжден не был. Под судом или следствием не состоял, в неблагонамеренных и неприличных поступках изобличаем не был и к одной из предосудительных страстей не предан.» [5.с.109].

Кеңесші Половоротов Жанғабыл батырды 51 жаста деп отыр,  1850 жылы Жанғабыл батыр 51-де болса, сонда 1799жылы туылған болып тұр ғой.  Бірақ осы 1850 жылы 12 наурызда келесі кеңесші И.Я.Осмоловский Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы М.В.Ладыженскиге жазған баяндамасында Жанғабыл батырды 45 жаста еді деген, онда батыр 1805 жылы туылған болады. Міне дерекке назар аударайық: - « 1850 г., марта 12. –  Рапорт титулярного советника И.Я. Осмоловского председателю Оренбургской пограничной комиссии М.В.Ладыженскому. К рапорту приложена ведомость о влиятельнейших и почетнейших ордынцах Восточной части орды.  Осы ведомосте: - «Тюлегенев Джанкабыл зауряд–хорунжий, начальник 46-й дистанции, бий, 45 лет. Среднего роста, плотный, здоровый мужчина, с полным широким лицом, с румяными щеками, с серыми большими глазами, густыми черными бровями, умеренным носом и густой, черной окладистой бородой; одним словом, настоящий тип костромского крестьянина или мелкого торговца. Сын простого киргиза. Яппаскаго рода, карагузовского отделения, достиярского подоотделения. Употребляет именную печать. Место кочевания: летнее-по верхнему Тоболу и близ озера Джименей; зимнее – на Сыр-Дарье. Семейство: две жены, три сына и три дочери. Состояние: 100 лошадей, 400 баранов, 30 верблюдов, всего состояния примерно на 2000 руб. серебром.  Джанкабыл Тюлегенев принадлежит к числу тех замечательных людей »  [5.с.151].

Жанғабыл батырдың қайсарлығы жайлы орыс деректерінде тағы мынандай мәліметтер бар: - «Заведующий присырдарьинскими казахами, надворный советник И.Я.Осмоловский в своем рапорте от 31 января 1860 г. № 54 в Оренбургскую пограничную комиссию писал о Джанкабыле Тюлегеневе: - «Ежегодно с Оренбургской линии в Бухару отправляются значительные торговые караваны, которые, оставив Сыр-Дарьинскую линию, на всем протяжении своего пути до Бухары подвергаются всевозможным опасностям от грабительских шаек, как хивинцев, так и кокандцев.Для своей безопасности караваны обыкновенно составляют из себя охранную стражу, начальство над которой поручают одному из более уважаемых и опытных бухарцев или ордынцев. Но никто так не прославился своею распорядительностью и умением провести безопасно караваны, как начальник 46-й киргизской дистанции, зауряд-хорунжий Джанкабыл Тюлегенев. В продолжение 8-летней моей службы на Сыр-Дарьинских караванов, и всегда безопасно, несмотря на то, что несколько раз хищники с вверенным ему караваном встречались, никогда не решались напасть на него, видя всегда порядок, как при остановках каравана, так и при движениях его, и готовую всегда для отпора хищников вооруженую стражу. Возчики и вообще хозяева верблюдов с особенною похвалою отзываются об умении Тюлегенева провести караван без особого изнурения этих животных, в умении выбрать удобные и безопасные места для ночлегов и остановок каравана.» [История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков VIIІ Том, часть 2. -  Алматы, «Дайк-Пресс», 2006, с.109, с. 151, с.567].

1896 жылы Жаңғабыл батыр қартайған шағында  (батыр 91-де немесе 96 жаста болуы керек) Меккеге қажылыққа барады. Тарихтан белгілі ғой бұрынғы өткен батыр бабаларымыз жаумен шайқасып қаза болғанды абырой санағанын, сондай жолды Аллаһ тағала Жанғабыл батырға да бұйрыпты. Қажылыққа барар жолында, Жанғабыл батыр отырған теңіз үстінде кемені қарақшылар басып алады. Қарақшылар тұтқындарына шек қойып өлтіреді. Шектің бірі қазақтың әйгілі батыры, қасиетті Сыр тумасы Жанғабыл батырға түседі. Қарт Жаңғабыл батыр қаза болады. Қарақшылар батырдың өлі денесін теңізге лақтырса, денесі суға батпайды. Сондықтан, Жанғабыл батырдың денесің ақпен орап, байлап кемедегілер Мекке немесе Мәдинә жеріне келген сон жерлейді.  [Б. Ахметбектің дерек қорынан, мәлімет беруші Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Аманкелді ауылының тұрғыны,Жаңғабыл батырдың шөпшегі, 1938 ж.т. Сәдуақасов Нұрғали ақсақал.].

Сөйтіп, бүкіл өмірі күреспен өткен, Жаңғабыл батыр шейіт болып адам қолынан қаза болады.  Қазіргі уақытта Жанғабыл батырдың үш баласынан тараған ұрпақтар көп емес. Алдында орыс деректерінде де екі зайыбы, үш баласы болғаны айтылған. Батырдың үш баласының біреуі Қошқар, Қошқардан Асқар туады, Асқардан Сәдуақас дүниеге келеді. Жанғабылдың шөбересі Сәдуақас 1961 жылы қайтыс болады.  Сәдуақастан 1938 жылы Нұрғали туады. Жанғабыл батырдың 73 жастағы шөпшегі Нұрғали ақсақал Сәдуақасұлы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында үрім-бұтағымен тұрып жатыр. Қорытындай келіп, біз осындай деректерге сүйеніп Жанғабыл батырдың нағыз ел бүтіндігі мен намысы үшін, болашақ үшін жан аямай күрескен кемеңгер басшы, ержүрек сардар, күрделі де дара тұлға екенін көреміз.

Бақытжан Ахметбек, Қорқыт ата атындағы ҚМУ,  жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми маманы


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?