Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Жастар саясаты мен спорт мәселесі – басты назарда

29811

«Ғылым ордасы» РМК ғимаратында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен министрліктердің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде жастар және жалпыхалықтық спорт мәселелері, мемлекеттік жастар саясатын дамыту сияқты бірқатар маңызды, стратегиялық мәні зор сұрақтар талқыланды.

  Жастар саясаты мәселесі, дене тәрбиесі, мектептік және студенттік спорт саласын дамыту мәселелері  алғашқы рет министрліктің кеңейтілген отырысында қарастырылды. Жиынға Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, ҚР Президент Администрациясы мен Премьер-министр кеңсесінің өкілдері,  облыс әкімдері және орынбасарлары, 100-ден астам жоғарғы оқу орындарының ректорлары, колледж және кәсіби лицей, облыстық білім басқарма басшылары, білім және ғылым саласында жұмыс істейтін өңірлік департамент директорлары, білім беру ұйымдары басшылары, бала және бала құқығын қорғау басқарма басшылары, жасөспірімдер, жастар ұйымы өкілдері  қатысты.

  Ресми отырыста, сонымен қатар Елбасымыздың бұйрығы бойынша, еліміздегі жастар саясатына қолдау көрсету және дамыту жолдары талқыланады.

  Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орнында мемлекеттік бағдарлама бойынша, Қазақстан Республикасының білім саласын дамыту, білім жүйесіндегі тәрбиелік аясын күшейту, Қазақстан Республикасының дене тәрбие және бұқаралық спортты дамыту жолдарын қарастыру жолында ресми мәжіліс, екі секциялық отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.

  Елбасымыз биылғы жылғы Жолдауында халықтың  спортпен жаппай айналысуы үшін  сппорттық инфрақұрылымға қол жеткізу бойынша шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды.

  2017 жылы Қазақстан қысқы XXVIII Бүкіләлемдік Универсиадаға қатыспақшы. Универсиадаға дайындықты Елбасының осы тапсырмасын басшылыққа алып, жаппай спортпен айналысудан бастауымыз қажет.

  Әлемдің тәжірибеге сәйкес спорттық қызмет  көрсетумен халықтың 30%-ы қамтылғанда, елге  жүктелген әлеуметтік функцияларды орындауға қабілетті болады екен.

  Қазіргі кезде әртүрлі бағалаулар бойынша Қазақстанда бұл көрсеткіш 20%-дан астамды құрайды.

  11 спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатта, 15 жоғары спорттық шеберлік мектебінде және 17 олимпиада резервін дайындау орталығында 7 211 бала спорттық шеберлігін жетілдіруде. Оларды 938 тренер дайындайды. «Дене тәрбиесінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында 16 мыңға жуық студент білім алуда.

  ҚР Білім және ғылым министрлігі аталмыш саладағы бірқатар басты проблемаларды анықтады. Олар: дене тәрбиесі мұғалімдерінің сапалық құрамы, балаларды  жасөспірімдер спорттық ұйымдармен қамту, мектептер спорттық базалары, яғни спорт залдар, спорт алаңдарының жетіспеушілігі.

 Жастар саясаты саласында министрлік саясаты жастардың бәсекеге қабілеттілігін, олардың азаматтық белсенділігін арттыруды қолдау керектігін алға тартып отыр.

  Елбасының тапсырмасын орындау барысында «Жас ұлан» бірегей балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Бүгіңде ұйымда 20 мыңнан астам жеткіншек тіркелген. Барлық білім беру ұйымдарында тәрбиелеу компонентін күшейту жөнінде үлгілік кешенді жоспар жасалды. «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» атты жалпыұлттық жобалар жүзеге асырылды. 19-дан аса ресурстық орталықтар жұмыс істеуде.

  Министрлік жастардың жаңа білім саласындағы бастамаларын қолдау мақсатында Ұлттық студенттік кеңес құру идеясын қолдады. Сонымен қатар, Парламент мүшелері «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастыруда.

  Алқа мәжілісінде еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінде жастар белсенділігінің артқаны атап айтылды, Мәселен, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің 70 пайызы жастар ҰЕҰ өкілдері болып табылады.

  ҚР БҒМ  2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын қолдау Концепциясының жобасын дайындады. Бұл мәселе алқа мәжілісінің арнайы секциясында қарастырылады. Концепция еліміздің экономикалық, инновациялық даму бағыттарындағы жастардың үлес-салмағын анықтау алуы қажет.

 Өз сөзін қорытындылай келе, ҚР БҒМ Басшысы Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық шараларының қадамдық жоспарын жасауды, мектептердегі спорттық инфрақұрылымды дамыту, спорттық  инвентарлармен қамтамасыз ету мәселесін алға тартты. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар аймақтарда  жастар саясаты басқармаларын құруды ерекше бақылауға алулары қажет екені айтылды.

http://gylymordasy.kz/


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?