Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин, рухани негізсіз, экономикалық модернизация мүмкін еместігіне қатысты: «Любая модернизация, вне национальных традиций, обречена на неудачу» деп, Қазақ елінің ХХІ ғасырдағы саяси-экономикалық даму бағытын нақтылады.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде, егеменді ел тарихында алғашқы рет, идеологиялық бағытымызды белгілеп: «Дағдарыс ашып көрсеткен ішкі проблемалардың үлкен бір бөлігі, қоғамның рухани ахуалымен байланысты
«Нұр Отанның» идеологиялық жұмысы, қоғамда рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталуы тиіс» деп, нақты белгілеп берді. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын қабылдап», «жеке тұлғаның рухани жағынан қалыптасуы, барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып тұр» деп нақтылады. Астанада бас қосқан Әлем діндері көшбасшыларының съезі, адамзаттың үшінші мыңжылдықта тек рухани негізде ғана біріге алатындығының дәлелі ретінде, Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысы негізінде, «Ел бірлігі доктринасы» қабылданып, үшінші тарауы, бірлік пен бейбітшілік, теңдік пен жасампаздыққа негізделген, «Ұлт рухын дамыту» қағидаты бекітілді.
Айналамызды қоршап тұрған материалдық дүние ой-сана эволюциясының жемісі болғандықтан, алғашқы тас құрал-сайманнан бастап, жабайы атты қолға үйретіп, шалбар, дөңгелек, арба, т.б. материалдық құндылықтар ойлап тауып, адамзаттың мәдени-экономикалық дамуына үлес қосқан, бүгінгі қуатты Қазақ еліміз.
Ұлт рухын, көк Туымыздағы қырандай биікке самғатқан, Есік қорғанынан табылған, Алтын Адам сияқты мұраларымыз, (кешегі шумер (кеңгір), сақ (скиф), көк түрк (түрк қытай сөзі, тәңір – құты, қуатты мемлекет – деген мағынаны білдіреді), түріктің түп қазығы – қазақ (қалай оқысаң да «АҚ» – деген сөзден тұратын, «КЕҢ» – деген ұғым. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген осыдан шыққан), халқымыздың болашаққа нық басқан, тереңде жатқан, тарихи және мәдени сабақтастығына дәлел.
Адам Ата – Хауа Ананың мөлдір махаббатына себепші болған, алғашқы алма жемісі (Алма алуға болмайды – деген қазақ сөзі) мен сұлулықтың нышаны қызғалдақ та қазақ жері, Алатау шыңы мен бөктерінде, Алмалы қазіргі Алматы маңында пайда болғанын, ағылшын мен француз ғалымдары дәлелдеп берді.
Тарих кеше, бүгін, ертеңнен тұратындықтан, егеменді ел болып, Елбасымыздың ұсынысымен, ұрпақтар болашағы, рухани алтын ғасырға бағытталып, қолға алынып жатқан, қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы, әлемге қазақ халқын, ХХІ ғасырда тіл, дәстүр, діл, тарихи шындық негізінде ұлт рухын көтеріп, болашаққа нық басқан ел ретінде, үш бөлімнен тұруы қажет.
1. Қазақ елі – кеше.
(cаяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих, ғылыми), әлеуметтік, саяси-экономикалық даму).
2. Қуатты Қазақстан – бүгін.
(бірлік, теңдік, ұлт рухын дамыту негізіндегі, саяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих), ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық даму)
3. Қуатты Қазақ елі – ертең.
(бірлік, теңдік, ұлт рухын дамыту негізіндегі, саяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих), ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық даму) адамзатының рухани алтын ғасырына бағытталған қуатты Қазақстан ұлттық идея доктринасы, рухани және материалдық құндылықтарды өмірге келтіретін сана жемісі, идеялар туындататын даналықты меңгерген, ақыл- парасат иесі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмдерін іске асыратын құжат ретінде жазылып, қабылдануы қажет. Сонда ғана ол адамзатқа үлгі, өніп-өсіп, өркендеген ел доктринасы ретінде, барша халқымыздың мүддесіне сай, ұрпақтардың жарқын болашағына кеңінен жол ашатын құжат ретінде жемісін береді.
Доктрина корпоративті мәдениетімізді ұлт рухын көтеру арқылы іске асыратын құжат ретінде жазылуы үшін, адамның жаны мен тәні сияқты, корпорация формасы болса, қозғаушы күші оның жаны тіл мен дәстүр, діл, тарихи шындықты бойына сіңіріп, дүниетанымы қалыптасқан, даналықты меңгерген ақыл-парасат иесі, интеллектуалды ұлт негізі, рухы биік тұлға болуы керек. Осы екі мәселені ұштастыратын, қуатты Қазақстан – ұлттық идеясы болып тұр.
Қазіргі ғылымда, өмірге біржақты, материалистік тұрғыдағы көзқараспен қарау негізінде, қалыптасқан түсініктер бойынша:
Адам дегеніміз – «Homo sapiens» түріндегі, сүтқоректілер қатарына жататын саналы жануар. Өмір мәні – әркім өзінше түсінетін ұғым.Тәрбие дегеніміз – (ҚР Білім және ғылым министрлігі тәрбие тұжырымдамасына сай) қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеті – достастық. Әркімге бір еліктеп, жалтақтаудан туындап жатқан, осындай ұғымдар мен түсініктер, егеменді ел дүниетанымына әсер етіп, дамуымызға кедергі болуда. Сол себепті доктринаның қабылдануы, алдымыздағы кем дегенде жүзжылдық межені қамтитындықтан, ел үшін ерекше стратегиялық құжат пен заңдар, өз рухани дүниетанымымызға сай, ана тілімізде жазылып, өзге ұлт дүниетанымынан туындаған заңдардан көшіруді азайтсақ қана, ұлтымыздың бай қазынасы – рухы, жарыққа шығып, санасы оянып, дамуға көшері анық.
Әр жүз жылда ұғымдар өзгеріп тұратындықтан, рухани алтын ғасырға бағытталған бағдарлама жасау мақсатымен, 2005 жылы Алматы мектептерінде эксперимент ретінде қолға алынып, 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының қолдауымен «Ақбастау – рухани тазалық ұстанымдарына негізделген, жүйелі ой-сана қалыптастыруға бағытталған, кешенді тәрбие бағдарламасы» өз жемісін беріп, қуатты Қазақстан – ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі, әлем ғылымында осы уақытқа дейін шешімі табылмай келген, қазақстандық брэнд, «рухани заңдылықтарға негізделген, адам ой-санасы жұмыс жүйесінің, пирамидалық құрылымының галограммасы» немесе тұмар жүйесі ғылыми жаңалық ретінде іске асырылып, авторлық құқыққа ие болды.
Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған, кейбір ұғымдарға түсініктер:
Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясы деген не?
Ұлттық (діл) идея, адам өмірінің мәнінен туындайтын ұғым. Адам өмірінің мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы, рухани жетілу болса, адамдар қауымдастығы, мемлекеттің ұлттық идеясы, рухы күшті, қуатты мемлекет қалыптастыру. Яғни «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асыруға бағытталған, алтын ғасыр доктринасы.
Доктрина деген не?
Доктрина – лат. «doctrina», ілім, ғылым, оқыту, білімділік. Әрбір ұлт, халықтың, тіл, дәстүр, діліне қарай, қалыптасқан дүниетанымына сай ұстанымдары негізіндегі, саяси, теориялық даму бағытына, заманауи көзқарас.
Рух дегеніміз не?
Рух дегеніміз – мәңгі, шексіз, еш нәрсеге мұқтаж емес, бірлікке негізделген, махаббат пен мейірімнен тұратын, таза сана негізіндегі, ақыл-парасат, ғаламдық қуатты өрістік негіздегі толық жетілген ақпараттық жүйе, барлық жаратылыс негізі.
Адам дегеніміз кім?
Адам дегеніміз – жан мен тәннен жаралған, 12 мүше, 62 тамыр, 72 буыны санаға қызмет жасайтын, толық жетілген рухтың жетілмеген, жер жағдайында, өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы, білім мен тәжірибе негізінде, рухани заңдылықтарды меңгеру арқылы жетілетін бөлігі.
Өмір мәні неде?
Өмір мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы рухани жетілу.
Тәрбие дегеніміз не?
Тәрбие дегеніміз – адам бойындағы, ата-баба тегінен, әкесі мен анасы арқылы келе жатқан, шежірелік, генетикалық ақпараттарды баптау. Мінезіңнің жақсы жақтарын күшейтіп, жаман жақтарын басу арқылы, өзіңді-өзің жетілдіру.
Ұлттық тәрбие негізі, рухани тазалық ұстанымдарының көрсеткіштері:
– Ой-сана, ниет-пиғыл тазалығы;
– Гигиеналық дене тазалығы;
– Сөз тазалығы;
– Іс-әрекет тазалығы;
– Көркем мінезге сай, адамдар арасындағы қарым-қатынас тазалығы;
– Экологиялық сана негізіндегі, қоршаған орта мен табиғатқа деген тазалық.
Бақыт деген не?
Бақыт дегеніміз – рухани заңдылықтар негізінде, ақ пен қараны ажырата білу арқылы, күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдап, алдыңа қойған мақсаттарға жете білу.
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру дегеніміз не?
Интеллектуалды ұлт немесе даналықты меңгерген ақыл-парасат иесін қалыптастыру дегеніміз – дәстүрлі рухани заңдылықтар негізінде, жан-жақты тазалық ұстанымдарын меңгеру арқылы, ақ жолдың қарасы, қара жолдың ағы болатынын түсініп, бір сөзден-ақ көп нәрсені аңғарып, сөз астарын түсініп, ақыл-оймен саралап, жақсылыққа даралап, күнделікті өмір сынақтарынан, жүйелі ой-сана негізінде дұрыс шешім қабылдау арқылы, алға қойған мақсатыңа жетіп, адал да таза өмір сүре білу.
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі қалай іске асады
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі – тіл мен ділімізге, дәстүрлі рухани заңдылықтарға, заман талабына сай, ғылыми көзқараспен қарап, адам ой-санасының пирамидалық құрылымының галограммасын, күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу арқылы іске асады. Әлем тәжірибесі көрсетіп тұрғандай, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер, ұлт рухын көтеру арқылы, нарықтық бәсекеде, алдыңғы орындарға ие болып, мәдени-экономикалық салаларда ірі жетістіктерге жетіп отыр. Ұлт рухын көтеру арқылы, бір атаның баласы, қуатты Қазақ елі, қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасын іске асырудың негізі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі немесе тұмар жүйесі сан жағынан аз болса да сапа жағынан мықты ұлт дайындауға ауқымды үлес қосары анық. Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы деңгейінде іске асырылатын, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі, бақыт пен даму кілті, тұмар жүйесін меңгеру, қазақ тілі діл дәстүрін білу арқылы ғана жоғары деңгейде іске асатындықтан, өзге ұлттар тарапынан мемлекеттік тіліміз, тарих, мәдениетімізге деген қызығушылық пен мұқтаждық, күннен-күнге арта түсері ақиқаттың шындығы, ұрпақтарымыздың жарқын болашағы.
«Тұмар» жүйесінің авторлары:
Мұхит ӘУЕЛБАЙ, саясаттанушы,
Асан Абылай, заңгер,
Раушан ДҮЙСЕНБЕКОВА, саясаттанушы
Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы болуы керек
459
Танымал
Апта
Ай
Жыл
Бесқонақ деген не?
10.04.2026
8728
Маршал Чойбалсанның қолынан генерал-майор шенін алған қазақ
07.04.2026
5111
Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл
07.04.2026
2553
Жанат Әскербекқызының «Көк түріктер әуені» поэтикасындағы түркілік тарихи жадтың реконструкциясы
07.04.2026
2049
1953 жылы New York Times журналисі Орталық Азиядан не көрді?
09.04.2026
1558
Қазақ тарихындағы жойқын су тасқындары
10.04.2026
1217
Қарқара жәрмеңкесі: базардан басталған жаңа саясат
09.04.2026
837
Алматыда алғаш аурухана ашқан дәрігер
08.04.2026
722
Қымызмұрындық – көктем мен берекенің белгісі болған дәстүр
08.04.2026
552
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жоспарын бекітті
08.04.2026
496
Бесінші том баспаға жол тартты
12.04.2026
424
Мао Цзэдунның оққағары болған қазақ
19.03.2026
16213
Бесқонақ деген не?
10.04.2026
8728
Тайқазанның қайта оралуы
31.03.2026
6234
Cәуір айындағы мерейтойлар мен атаулы күндер
25.03.2026
6070
Бір әннің тарихы: «Дудар-ай»
31.03.2026
5901
Оскар–2026: Кино әлемінің үздіктері кімдер?
16.03.2026
5514
Наурызда туған жолбасшы қайраткерлер
17.03.2026
5318
Референдум: Мемлекетті дамытудың жаңа бағдарлары
16.03.2026
5304
Жылқы жылы қандай болған?
26.12.2025
22418
Адам «жұтатын» арал: Құпияға толы Барсакелмес туралы
08.10.2025
20932
Өзге елге алтын сыйлаған қазақ спортшылары
25.02.2026
20117
2025 жылы өмірден өткен тұлғалар
22.12.2025
19649
Қазақтар түнде судан неге қорыққан?
31.01.2026
18346
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2025. Толық мәтін
08.09.2025
18161
2026 жылы тойланатын атаулы күндер мен мерейтойлар
18.11.2025
17630
Мао Цзэдунның оққағары болған қазақ
19.03.2026
16213
Бір әннің тарихы: «Келші, Айым»
04.03.2026
15279
Жалған айыпты арқалаған – ағайынды Каналиндер
23.01.2026
15043
Ату жазасына кесілген асыл ұстаздар
19.01.2026
14879