Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы діни экстремизм сын-қатері: қарсы тұруға дайын болу

29286
Қазақстандағы діни экстремизм сын-қатері: қарсы тұруға дайын болу - e-history.kz

Қазақстандағы діни экстремизм сын-қатері: қарсы тұруға дайын болу Алматы, Ақтөбе, Астана, Атырау, Тараздағы оқиғалар тізбегі Қазақстандағы экстремизм мен терроризм мәселесін тез арада өзекті қылып жіберді. Экстремистердің қоғамға жат қылықтары, құқық қорғау органдарымен шынайы қарулы қақтығыстары еліміздегі бүлдіргіш күштердің қызметінің жаңа сатысын көрнекі түрде көрсетіп берді. Ол Қазақстан үшін манипуляциялаудың, таратудың, дендеп енудің әдеттен тыс формалары мен тетіктерін өзіне жинақтаған. Жұмыс жасаудың қазіргі заманғы технологиялары белсенді қолданылуда: қарым-қатынас әдістемесі, әлеуметтік желілер, медиа-аспаптар және т.б. Қазақстандағы экстремизм мен терроризм сөзсіз діни сипат алады деп кесіп айту – қате және әдепті емес. Бірақ, бұл жерде, тәжірибе көрсеткендей, қолайлы және тиімді болып табылатын жалған дінилік бүркемелену-«бетпердесін» пайдалану айғағы даусыз. Сонымен қатар, дінтану саласындағы көрнекті мамандар, әрбір адам, тіптен атеист пен агностик болсын, шындығында – homo religiosus, дінге немесе оның суррогатына аса мұқтаж екендігіне сенеді [1]. Негізгі жалпы көріністе, экстремизм қоғамдағы өмір сүріп тұрған ережелер мен нормаларды радикалды түрде теріске шығаратын өрескел әрекеттер мен көзқарастар жолын ұстаушылар болып сипатталады. Қоғамның саяси саласында көрініс табатын экстремизм, саяси экстремизм деп аталады, діни салада орын алған экстремизм діни экстремизм деген атауға ие болған. Сонымен қатар, жуық арада «діни-саяси экстремизм» деген термин кең түрде халық арасына жайылды [2]. Кез-келген діни конфессияда (тек исламда ғана емес), әлеуметтік қалыптар мен нормаларды жек көретін, сол діни бағытқа сәйкес келу мен оны түсінудің шеңберіне сыймайтын, осындай немесе басқаша формалар потенциалды түрде орнықтырылған. Жеке діни ұйымдар мен қозғалыстар үшін бұл өздігінен діни экстремизмге ауысады. Дін оларға барлық діндар еместерге қарсы шығу мен наразылық үшін негіздеме береді. Сондықтан адамзат тарихының әртүрлі дәуірінде, түрлі елдерде, «діни экстремизм» сан түрлі дін тұту аясында тұтанды. Қазіргі заманғы экстремизм (мысалға, уаххабизм формасындағы исламдық) байыпты таралуды бастан өткізді және мұсылмандық елдер арасындағы шекараны мойындаймайтын тұтас мемлекет құруды мақсат етіп қойды. Бұл өзінің тегі жағынан «діни жаһандану», «дінаралық мемлекетті» құру. Сонымен қатар, терроризммен түйіскен діни негіздегі экстремизм өзінің идеяға берілгендігін дәлелдеу үшін өмірін құрбан етуге дайын екендігін ұсынды. Діни негіздегі экстремизмде фанатизм бар, идеологиялық және саяси мақсаттарға жету үшін, адамды өмірінен күшпен айыруын тек осындай тәсілмен ғана (абсолютті этикалық релятивизм) ақтап алуға болады. Қазіргі әлемде көптүрлі күдікті жаңа діни бағыттар пайда болды, осыдан айтарлықтай ерекшелік қалыптасты – топ саны неғұрлым аз болған сайын, оларда соғұрлым фанатизм көбірек. Радикалды мұсылмандық бағыттарға, «аталған аймақтарда өрши түскен: төменгі өмірлік деңгей, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, тұрғын үйдің жетіспеуі, қылмыс, некеге тұрмаған адамдар санының өсуі, этикалық нормалар мен моральдік құндылықтардың төмендеуі, некеге тұру үшін қалыңмалдан қиналушылық сияқты әлеуметтік қайшылықтарды «мұсылман радикалдар» епті пайдаланатындығы туралы тезисті [3] қолдануға болатындығымен келісуге болады. Психологиялық жоспарда, дәстүрлі емес ағымдарға қызығушылық туғызатын себептердің арасынан, зерттеуші О. Копылова өмір ағымының шапшаңдығымен және ертеңгі күнге сенімсіздікпен байланысты болатын психологияға салмақ түсудің өршіп келе жатырғандығымен жинақтала түсетін «сезімнің ашығу синдромын» атап көрсетеді [4]. Діни экстремизм өзінің мәні жағынан, қазіргі дәуірге тән діни мен зайырлылықтың бөлінуіне радикалды өштіктен басқа түк те емес. Бұқаралық деңгейде дінді тек рухани, сондай-ақ саяси қатынастарда да, адамнан үстем терминдермен түсіндіруге ұмтылу туралы әңгімелер жүргізілуде. Абсолютті бірегей деп, саяси экстремизмнің түрлері болып табылатын, этникалық халықтық экстремизмді, діни- саяси экстремизмді айтуға болады. Экстремизмнің әр түрлілігіне тән сипаттарының ерекшеліктерін мынадай сәттермен белгілеуге болады: 1. Діни экстремизм – мемлекеттік құрылымды өзгертуге бағытталған (билікті күшпен басып алу да бар) әрекет, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзу. Саяси мақсаттардың соңына түсу – діни экстремизмнен діни-саяси экстремизмді ажыратуға мүмкіндік береді. 2. Діни-саяси экстремизм діни жорамал, не ұрандармен көмкерілетін немесе тасаланатын саяси әрекеттің заңға қарсы түрі болып есептеледі. 3. Өздерінің мақсаттарына жету үшін күресудің күш қолданатын тәсілі – діни-саяси экстремизмнің ерекшелігінің қыры. Діни-саяси экстремизм әлеуметтік-саяси мәселелерді шешу жолында келісімге, ымыраға келу, тіпті бітімгершіл мүмкіндіктерді теріске шығарады. Діни-саяси экстремизмнің жақтастары, бірдей сенімдегілерді қосқанда, бұлардың саяси көзқарастарын ажыратпайтындардың бәріне қатынасы өрескел төзбестікпен айрықшаланады. Олар үшін ешқандай да «саяси ойын ережелері», рұқсат етілген мен етілмегеннің шекарасы болмайды. Мемлекеттік институттармен майдандасу – олардың мінез-құлқының стилі. Әлемдік діндер үшін, негізі қаланған болып табылатын «алтын аралық» пен «олар сенімен сондай қатынаста болатындай ету үшін, өзгелерге өзің қаламағандай қатынас жасама» деген қағидалар жоққа шығарылады. Олардың қоймасында бос сөздермен келіп тоғысатын күштеу, өрескел қаталдық пен озбырлыққа ұмтылушылық басты нәрселер болып табылады. Идеологиялық жоспарда экстремизм: - барлық өзге бір ойларды терістеу, жек көру, тіпті оған қысымшылық жасау; - өздерінің саяси және діни көзқарастар жүйесін қатаң және баламасыз түрде тұжырымдау; - көшбасшысының бұйрықтарын орындау мен оған бағынуды қалыптастыру және оны табынуға айналдыру; - ұйымдасқан құрамдағы діни экстремизм туралы мынаны айтуға болады; - құрылған ұйымның жасырын/астыртын сипаты; - террор мен агрессияшыл әрекеттерге дейін алып баратын ымырашыл/төзімдіктің болмауы; - сол мемлекет насихаттайтын құрылым мен қызмет етіп отырған мемлекетке өзін қарсы қоюға тырысу болып есептеледі. Діни экстремизм мәселесі өтпелі қоғамда, оған Қазақстан да қатысты, бірнеше сәттерге ыдырайды. Бір жағынан, өтпелі жағдайда діни жаңғырудың осындай үрдістері обьективті, заңды (бұл жерде, оның өткір формаларының көрінуі емес, сол үдерістің өзі), басқа бір қырынан – діни фактордың ішкі және сыртқы әртүрлі күштерін, өздерінің геосаяси және саяси мүдделерін алға жылжыту мақсатында пайдалану. Мәселе мынаған келіп тоғысады, біріншінің заңды құрауышты жағымды мүмкіндіктерін шебер пайдалану және өмір сүріп тұрған, мүмкін болатын тәуекелдерді, сондай-ақ, екіншіні құрайтын жағымсыз зардаптарды азайту. Шын мәніндегі мәселе, діни аяны тиімді пайдалану мен стратегиялық жоспарлау туралы болып отыр. Діни конфессиялар мен мемлекеттің өзара әрекетінің Қазақстанда қалыптасқан нұсқасы, бүгінге дейін: адам құқы мен еркіндігін құрметтеу, діни және қоғамдық мүдделердің сәйкестігі, серіктестік қатынас пен өзара түсіністік қағидаларына негізделген. Қазіргі жағдайда, діни саладағы шиеленістің жай-күйі түсінікті болып келеді; осындай адалдық пен мемлекеттің дінге деген арақашықтықты сақтауы – өнімді емес. Бұл –жекелеген, бүлдіргіш, жалған діни секталар мен ұйымдардың жағдайды пайдалануына мүмкіндік берді – тіркеу сүзгісінен айырықша заңдық қиыншылықтарсыз және еркін өту, ал жүйелі бақылаудың болмауы дәстүрлі емес ағымдар (радикалды) мен бәрі мүмкін болатын секталардың кең таралуына және шектен тыс белсенділігіне алып келді. Әдеттен тыс жағдай қалыптасты. Бір жағынан, тәуелсіздік жылдары, конфессионалдық көзқарасы мен діни тұрпатына қарамастан барлық азаматтардың тең құқықтылығы мен еркіндігін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық база құрылды. Екінші қырынан – конфессияаралық жетістіктер аймағын саясиландырудан кету мен мемлекеттік саясатта үш негізгі қағиданың басым болуы – бейтараптылық, төзімділік, теңдік – Қазақстандағы діни ахуалға биліктің көңіл бөлуін әлсіретті. Шешуші рөл мемлекеттің бейтараптылық көзқарасы қағидасынан шығарылды және діни қауымдастықтар мен бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауды қамтып жатты, бұның нәтижесі олардың теріс әлеуметтік әсері мен санының артуына алып келді. Көптеген діни ұйымдардың өздерінің білім беру мен оқыту орталықтары бар: медресе, жексенбілік, семинарлар, университеттер, біліктілікті көтеру институттары. Ерлер мен әйелдердің тақуа орындары (монастырьлері), монахтар ордендері еркін қызмет етеді. Сонымен қатар, соңғы санақ мәліметтері бойынша, Қазақстандағы халықтың көпшілігі өзін белгілі бір  немесе басқа да бір діндермен байланыстырады (оның ішінде, 70% исламмен, ал 26% христиандықпен). Көптеген көлемді зерттеулерге қарамастан, діни қатынастар алаңындағы жағдайларды талдау мен кешенді бағалаулар жүргізілген жоқ, діни белсенділікке жетеленген және салттарды сақтайтын азаматтардың үлесі, ұсынылған сандардан айтарлықтай төмен екендігін атап өту маңызды. Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық ақпараттар және болжау институтының 2008 жылғы жүргізген сауалнамаларының мәліметтері бойынша, сұрау салынғандардың 20 пайызы мешітке/шіркеуге барады, діни салттарды тұрақты түрде мұсылмандардың 26 пайызы және православтардың 13 пайызы орындайды. Аталған зерттеулер бойынша 9,5% қазақтар көп конфессионалды қоғамда өмір сүруді өздеріне қолайсыз санайтындығы тым қызықты ұсынылған. 48% қазақтар мен 64% орыстар Қазақстанды зайырлы қоғам ретінде көргісі келеді; сәйкесінше, мемлекеттік құрылысқа дін қатынасқан елді қалайтындар – 18% бен 7% болса, діни мемлекет ретінде – 11% де, 4% көрсетеді. Қазақстанның мәдениеті мен саясатында діннің орнын кеңейту керектігін 33% қазақтар мен 17% орыстар қолдаған. Әрине, бұл келтірілген зерттеулер түзетулерді қажет етеді, қазіргі кезеңде, әсіресе, жастар арасында, албырттардың (неофиттердің) саны айтарлықтай өскендігін есепке алу керек. Бұл, діни салада салдар ретінде, радикалдылықтың пайда болуымен жалғасын тапты. Заңға қайшы саяси мақсаттарға жету жолындағы күресте діни ұрандар мен идеяларды қолданатын авантюристер діни ілімдер мен рәміздердің, адамдарды өзіне тартудың маңызды факторы ретіндегі мүмкіндіктерін, оны келісімсіз-ақ күресте іске асыруды өте жақсы түсінеді. Сонымен қатар олар, діни анттармен «байланған» адамдар «көпірлерді өртейтіндігін» есепке алады, «ойыннан шығу» мүмкін емес жағдай болса, оларға өте қиын тиеді. Есептесу, тіпті алдамшылықтан ажыраған сәтте және өздерінің әрекеттерінің тақуалық емес екендігін түйсінгенде де, экстремизді құруға қатысушыға оның қатарын тастап кету өте қиын болады; олардың билікпен майдандасудан бас тартуы мен қалыпты бейбіт өмірге өтуі өз халқының дініне сатқындық, сенім мен құдайға қарсы шығу ретінде үрей туғызатындыққа, құрылады. Мұсылман әлеміндегі Қазақстандағы қалыптасқан діни ахуалға қатысты мыналарды атап өтуге болады:  - ҚМДБ-мен байланыссыз мұсылман қауымдарының, оның ішінде, шет елдерден қолдау табатындардың өсуі, әдеттегідей, мұндай қауымдастықтар өзіне төменгі әлеуметтік қабаттарды тартады (ауылдық және маргиналдық тұрғындар, еңбек мигранттары) немесе шартты орта тап өкілдері (алдымен, гуманитарлық саланың зиялылары); - «Қазақтандырудан» туған этникалық сектор бойынша, ҚМДБ- мен байланысты діндар мұсылмандардың бөлінуі, сонымен қатар, исламды уағыздайтын өзге этникалық топтар (ұйғырлар, өзбектер, татарлар т.б.) арасындағы діни беделі төмен қазақтар; - «Дәстүрлі емес діни топтар» деп аталатындардың қызметінің белсенділігі және өзінің құрылымы жағынан бұған жақын келетіндер, (оның ішінде, тоталитарлық секта белгілері бар «ұстаздың» айналасына топтасқандар) өздерінің концепттерін насихаттау, жақтастарды тарту, кейбір жағдайларда – билік құрылымына ену (мысалы, сайентология, құраниттер, сопылар) жоспарындағылар; Қазіргі Қазақстандағы мемлекет пен діннің өзара қатынасының үлгісіне қайта оралсақ, мынадай тұжырымдарды көрсетуге болады: - оппозициялықты көрсету үшін заңды жолдарды жабу әлеуметтік қарсылықты жүйесіз арнаға бағыттайды (оның ішінде, діни экстремизм формасында); - діни экстремизмнің көрінуін реттеу шаралары жағдайға байланысты сипат алады. - Қазақстанда діни алаңды басқарудың стратегиясы дайындалмаған. Оның пайда болуы мен/болмауына кедергі келтіретін басты себептердің қатарына мыналарды жатқызуға болады; - билікті, сол немесе басқа да діни қауымдастықтың ішінде болып жатырған үдерістерден конфессияаралық қатынастарға көңіл аударту және діннің мемлекеттен бөлінгендік идеясының жолын қуу есебінен қашықтату; - діни идеологиялық жұмыстар жүргізу жауапкершілішігін сол діни құрылымдарға беру, оқиғалар қатарында тиімді болмай шықты. Мысалы, Республикада неғұрлым кең өкілеттілікті шартты түрде иеленетін ҚМДБ радикалды исламдық топтар қызметтерімен байланысатын тәуекелдерді өзіне алуға құлықты емес және ол осындай уағызшылар мен бағыттарға идеологиялық қарсылық көрсетуде белсенді емес. ҚМДБ-ның әкімшілік-әміршілдік қорлары, тіпті мәселе айқын болғанның өзінде де, игіліктің көрінісін ғана сақтау үшін кең көлемде пайдаланылады; - Қазақстандағы ішкі саясаттың бағыттарына сәйкес келетін және әр түрлі әлеуметтік қабаттарды бейнелейтін қабылданған нұсқа экономикалық және әлеуметтік факторлардың (мысалы, тұтастай Республикада, сондай-ақ, жеке аймақтарда, әлеуметтік-экономикалық ахуал мен діни белсенділікке қатысты) өзара әрекетін қажетті деңгейде есепке алмайды. Радикалды діни көзқарастардың сусындайтын нәрі, әділеттілікті іздеу, өзін-өзі ашуға ұмтылу сияқты әлеуметтік саладағы (кейде – ұлтаралық) реттелмеген сауалдармен қамтамасыз етіледі. Билік тар шеңбердегі таза діни бұл сауалдардың бәрін, тек шеше алмайды емес, ол жүйенің өзара байланысты элементтері ретінде міндеттелген түрде есепке алу мен бағалау қажет, орнына қою керек; - діни саланы бақылауға алуды қамтамасыз ететін өмір сүріп тұрған құрылымдар өзінің қорлары мен мүмкіндіктерінде айқын шектелген, релевантты ақпараттардың жинағы ретінде, сондай- ақ оны талдау үшін, барлық деңгейде белсенді және сауықтыру әрекеттері – мектептен бастап, академиялық ортаға, сырттан келген жұмысшылардан бастап, мемлекеттік аппаратқа дейін жүргізілуі тиіс; - сандық (мөлшер, ұйымдасқан құрылым, сыртқы байланыс және т.б.) және сапалы деңгейде (Қазақстанға енген және осы аймақта дамыған діни идеологиялық бағыттар) діни радикалды топтардың пайда болуы мен дамуына сәйкестенетін үдерістердің жүйелі мониторингінің болмауы; - діни сауалдар бойынша тұрақты түрде сараптама пікірлер алмасып тұруға мүмкіндік алатын академиялық алаңдардың жоқтығы. Белгілі бір деңгейде бұған Дін бойынша сараптама және ғылыми зерттеу орталығы мен Дін мен мәдениеттің халықаралық орталығы сәйкес келеді, бірақ бұл құрылымдар өзімен-өзі тұйық, белсенділіктерін көрсетуге тағайындалмаған, мәселелерден алшақтаған; - билік «жұмсақ күш» ретінде белгіленгендей, (soft power), бәрінен бұрын – діни білім беру жүйесіне, (оның ішінде зайырлы оқыту мекемелерінде), сонымен қатар, алдымен, мұсылмандар арасындағы беделді діни қызметкерлер мен көшбасшыларға ықпал ету тетігін иеленбеген. Дәстүр мен ділді есепке ала отырып, Қазақстандағы діни сала- дағы ахуалды әзірге салыстырмалы түрде тыныш деп сипаттауға болады, бірақ бастапқы дабыл беріліп жатыр. Мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара әрекеттің нақты форматының болмауы, оның үстіне, діни өмір қандай пішінді қабылдап, дамуы керектігі бүкіл елімізді тұрақсыздандыру тәуекелін құрайды. Қысқа мерзімді жоспардағы оқшау тұрақсыздық тәуекелдері, әртүрлі экстремистік актілер түрінде, діни радикалды топтар ұйымдастыруды өз мойнына алатын террористік шабуылдардан бастап, бұқаралық тәртіпсіздікке дейін көрініс беруі мүмкін (қазір де болып жатыр). Қазақстандық топтардың ықпалы, элитааралық күрес пен билікке қысым жасау үшін, әсіресе сайлау науқанында, дінмен әспеттелген акцияларды пайдалануы немесе ұйымдастыруы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Орташа және ұзақ мерзімді жоспарда негізгі тәуекелдер – мұсылмандық ұрандармен Қазақстандағы сақталып тұрған саяси құрылысты өзгертуге ұмтылатындармен, яғни, «саяси исламмен» байланысты. Танымал болуға тырысатын ислам қоғамның кез келген үзіктенуіне (оның ішінде – қазақ қоғамы мен оның элитасының дәстүрлік бөлінуі) қарсы тұра отырып, саяси бағдарланған діни құрылымдардың қалыптасуының қайнар көзіне айналады. Діни саладағы ахуалдарды реттеу мен бақылауға алу бойынша, мемлекеттік органдардың жұмыстарының басым бағыттарының қатарына мыналарды ұсынуға болады: - жүйелілік тұрғыны қамтамасыз ететін және мәдениетті құрастырылған әлеуметтік-экономикалық жағдайды есепке алатын кешенді мемлекеттік стратегияны дайындау. Мұндағы маңызды бағыт жастар саясаты мен білім беру үдерістері арқылы жастармен/ албырттармен (неофиттермен) тікелей байланыс орнату болып табылады; - жұмыстың жаңа тиімді құралдарын қалыптастыру және пайдалану – қазақстандықтардың есебінен беделді діни көшбасшыларды даярлау мен діни сала бойынша білім берудің үстінен бақылауды күшейту; - мүмкін – ықпал етіп отырған шет елдік білім беруші орталықтар мен құрылымдардан (арабтық, түріктік т.б.) міндетті түрде алыстатылған, қазіргі заманғы «еуроисламға» және оның тарихи жолын салушыларға (мысалы, жәдидшілдік) сүйенетін ағартушы/сауатты ислам формасындағы, мұсылмандық либерализм құндылықтарына екпін беру; - зайырлы тұрмыс салтына қарсы тұратын діни-сектанттықтың «әлеуметтік мәртебелілігі» мен «әйгіленушілігін», әсіресе, бұқаралық мәдениет пен БАҚ арқылы төмендету; - бүлдіруші діни топтардың әрекеттері өркендеген жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік ақталу тетіктерін жетілдіру және тізіп шығу. Жеке бір бағыт ретінде, діни экстремизмге, фанатизм доктри- насын сенімсіздендіру есебінен, гуманитарлық және діни сала ғалымдарының күшімен, академиялық деңгейде зиятты қарсы тұрушылық шығуы мүмкін. 1. Дін тұтудың жанама қырларынан (сақал қою, шалбардың ұзындығы, құлшылық ету сәтінде сұқ саусақты қозғалту, фотоға түсіруге тыйым салушылық, айна алдында құлшылық етуге рұқсат беру) назардың шоғырлануының неғұрлым терең және негізгі шарттарына қарай ығыстыруы. 2. Шектеулер мен тыйым салуларға шектен тыс ұмтылушылықтың орнына, байсалды тұрғының қажеттілігіне көңіл аудартуға екпін беру. 3. Діни терминдерді үстірт және шектеулі түрде түсінуден (экстремистердің түсіндірмелері адасуға апарады, мысалы, «ислам», «күпір»-сенбеушілік, «ширк»-көпқұдайлық, «иман»-сенім, «мұнафық»-екіжүзділік, «джахилидік»-білімсіздік, «жиһад»-күрес және т.б. түбегейлі ұғымдар), оларды талқылау мен бұқаралық түрде сауатты түсіндіруге өту. Өзінің барлық сәйкес келетін себептерімен, пиғылдарымен, түрткілерімен қоса алғанда діни экстремизмнің жай мәселе емес екендігі оны шешуде күрделі және жүйелілік тұрғыны талап етеді. Шешімнің кешенділігі дағдарыстың сан алуандығымен шарттасуы қажет, бірақ сауалдың іргелі мәнін түйсіну керек: діни экстремизм, алдымен, психологиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси өлшемдермен байланысты құбылыс.

Әдебиеттер 1. Михельсон О. М. Элиаде. Религиозная культура и современность// Интернет: http://www.gumer.info/bogoslov_Buks/Relig/Article/Mih_lRelKult. php 2. Малашенко А. Религия – дело не частное. Заметки по конфессио- нальному вопросу // Независимая газета. 2001. № 46. С. 3. Алиев А.К. Религиозно-политический экстремизм и этноконфессио- нальная толерантность на Северном Кавказе / А.К. Алиев, З.С. Арухов, К.М. Ханбаев; Регион. центр. этнополит. исслед. ДНЦ РАН. – М.: Наука, 2007. С. 3. 4. Копылова О.С. Адаптационные процессы в современных поликонфессиональных обществах // Взаимоотношения религиозных конфессий в многонациональном регионе. Сборник научных трудов. – Севастополь: «Вебер», 2001. – С. 162.

Мадина Нұрғалиева


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?