Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Батыс сарапшылары 1920-1930 жылдардағы ұжымдастыру мен ашаршылық туралы

29264
Батыс сарапшылары 1920-1930 жылдардағы ұжымдастыру мен ашаршылық туралы - e-history.kz

Британдық тарихшы Роберт Конквестiң 1986 жылы шыққан «Жатва скорби: советская коллективизация и террор голодом» (ағылш. Robert Conquest. The Harvest of Sorrow: Soviet Collectivisation and the Terror-Famine) еңбегi ерекше. Р.Конквест «Қазақ­стан­дағыашаршылыққолданжасалды, басқашаайтқанда 1921 жылғытәсілменқайталанғанын, тазаидеологиялыққы­сыммен, ойластырылмайжүргізілгенұжым­дас­тырусаясатыныңнәти­же­сіндетуындаған. Бірақ, Қазақстандағыашар­шы­лықУкраинаменсалыс­тыр­ғандаәдейіұйым­дастырылдыдеугеболмайды. Өйткені, Кеңесөкіметініңқоғамныңбарлықсаласын­дағыәрекеті, өзарабайланысты: кулактардытәркілеу, ұжымдастыружәнеауылдағыжасандыашаршылық» дегентұжырымжасайды.

Дегенмен, Батыстық тарихнамада кеңестік ұжымдастыру мәселесіне ертерек қалам тартқан авторлар: 1934 жылыУ.Х.Чамберлен (Chamberlin, William Henry), 1936 жылыАмандаЭвальд (Ammende, Ewald), 1964 жылыДалримплДана (Dalrymple, Dana) болды. Ал, РобертКонквест (Robert Conquest) бұлтақы­рып­қа 1968 жылданбастапкіріскен. Жалпы, осымәселегебатыстықғалымдардыңқызығу­шылығыХХғасырдың 80-жылдарынанбастапартты. СолкездегікөптегендеректердеКСРО-дағысаяси «қуғын-сүргін» мен «жасандыашаршылық», «геноцид» ретіндекөрсетіледі. Бірқатарбатыс­тықзерттеушілердіңпікірі «Сталиндіксаясатқазақ, украинжәнеөзгеұлттардыэтнос, тапре­тін­дежоюүшінәдейіжасалған» дегенгесаяды.

«МинистерствоиностранныхделиГолод» аттыкітаптыңавторларыМаркоКариннык, Ю. ЛюбомирменЛючикжәнеБогданС. Кордан (Marco Carynnyk, Lubomyr Y. Luciuk; Bohdan S. Kordan) Ресей, БатысСібір, ҚазақстанжәнеЕділжағалауыбойындабелеңалғанашар­шылықтуралыҰлыбританияСыртқыІстерминистрлігі (СІМ) мұрағатынаналынғанқұ­жат­тардыңауқымдытоптамасынжасады.

ИмперияжөніндегіМаркетингілікКеңестіңөкілі, ауылшаруашылығыбойыншаканадалықсарапшы, әрібақылаушыЭндрюКэрнстің (E.Carns) есебініңқұндылығыжоғары. Ол 1932 жылдыңкөктеміменжазындаКСРО-ныңБатысСібір, Қазақстан, Еділжағалауы, Украина, Қы­рымжәнеСолтүстікКавказсияқтыастықтыай­мақтарынаралаған. Бұлдеректерауарайы­ныңкейбірқолайсыздығынақарамастан, «ке­ңес­тікаграрлықсаясаттыңсалдарынанаштық­тыңтолыққолданжасалғанын» айғақтайды.

АмерикандықсарапшыМартаБриллОлкотт (Martha Brill Olcott) «КоллективизациявКазахстане» аттыеңбегінде: «кеңестанушыүшінеңүлкенпроблема, 1930-жылдардағыоқи­­ға­лардытүсінужәнедұрыстүсіндіру» екен­дігіненазараударады. Қазақтардаукраин­дық­тарсияқты, Сталинніңаграрлықсаясатынгеноцидретіндеқарастыруынаболады, өйткеніұжымдастыру­дыңмақсатыук­раин­дықтарменқазақтардыата-қоны­сынаналастатуарқылыорыстардықоныс­тандыру, сөйтіпегіншіліктіңжаңа, ұжымдықтүрінұйым­дас­тыруболды. Дегенмен, авторзерттеубарысындаҚазақ­стан­дағыұжым­дас­­тырусая­саты­ның, эт­ни­калықтоп­тардыжоюмақсатынкөздегенКСРО-дағыкезкелгенбасқаоблыстарментеңкелетінқұ­жат­тардыешқашанкездестір­мегенін» атапөтеді.

1997 жылы «Черная книга коммунизма: преступления, террор, репрессии» атты алғаш­қы іргелі анықтамалық басылым жарық көрді. С.Куртуа, Н. Верт, Ж-Л Панне, А. Пачковский, К.Бартошек, Ж-Л Марголен сияқты халық­ара­лық тарихшы ғалымдардың ұжымы, 1932-1933 жылдардағы ашаршылықты терең түсіну үшін, мемлекет пен шаруалар арасындағы «экономи­калық қатынастарды» талдаған. Республика көлемінде екі жылда мал басының 80 пайызы жойылғаны, мал-мүлкінен айрылған 2 млн. аса қазақтар ашаршылыққа ұшырап, елден тыс­қары жерлерге босып кеткені, миллионға жуығы Орталық Азияға, мыңдаған адамдар Қытайға қашып кеткені туралы баяндалады.

Әлеуметтік тарихшы, кеңестанушы, Чикаго университетінің профессоры Шейла Фицпатрик (Sheila Fitzpatrick) «Повседневный сталинизм. Социальная история Советской России в 30-е годы: город» атты еңбегінде: «Ашаршы­лық уақыт­ша құбылыс болатын, ал азық-түлік пен тұтыну тауарларының тапшылығы олай емес-тін. Маркс­шілдер социализмнің байлық­қа кенел­тетініне сенім артты, бірақ кеңестік билік жағ­дайында социализм мен тапшылық бір-бірінен ажырағысыз болғанын» алға тартады.

Николас Верт (Nicolas Werth) «Раскулачивание как массовое насилие» атты мақала­сында «КСРО-ның басым бөлігін құрайтын шаруа­лар­дың экономикалық артта қалуы мен олар­дың саясаттан аластатылуы – кеңестік биліктің осал тұсы болғанын» көрсетеді.

«Годы голода: Советское сельское хозяйство 1931-1933гг.» атты кітаптың авторлары Р.У.Дэвис и С.Г.Уиткрофт (R.W.Davies and Stephen G.Wheatcroft) 1930 жылдардағы саяси оқиғаларды құжаттық деректер мен есте­ліктер негізінде КСРО-ның аграрлық сая­саты­ның топтамасын – егін егуден бастап 1931 жылғы жоспарлау кезеңіне дейін көрсетуге тырысады.

Батыстық зерттеушілердің көбі И.В. Ста­лин­­нің «ұжымдастыру саясаты украин­дықтар мен өзге ұлттық топтарға қарсы әдейі жүр­гізілген» деген тұжырым жасайды. Бұл мә­се­леге АҚШ Конгресінің шешімімен Украина­дағы ашаршы­лық фактілерін зерттеу ісі жөніндегі арнайы комиссия құрылғаннан кейін жаңаша көзқарас қалыптасты. Осы комиссия­ның атқарушы директоры Джеймс Мейс бастаған топтың қоры­тын­дысы: бұл қасірет «ақырына дейін жасанды ашаршылық болып қалады» және «1932-1933 жылдары Сталин мен оның төңірегіндегілер украиндықтарға қарсы геноцид ұйымдастырды» дегенге келеді.

Австралиядағы Мельбурн университетінің тарих профессоры С.Уиткрофттың (Stephen G.Wheatcroft) «Советский голод 1931-33: политически намеренная или экономическая катастрофа?» атты еңбегінде Еуропалық және Еу­ра­­зия­лық зерттеулер орталығының қолдауы­мен ашар­шылыққа қатысты кеңестік деревня­лардағы қасі­рет туралы жаңа мәліметтер беріледі. Ашар­шылық апатының экологиялық себептері бол­ған­мен, әлемдік тәжірибедегі қазіргі ашар­шы­лықтың себептерін салыстырмалы зерттеулерде, – дейді автор, – ашар­шы­лықтың көбі азық-түлік тапшылығынан емес, нарықтағы тепе-теңдіктің бұзылуынан туындайтын проблемалармен байланысты. Оның көзқарасынша, кеңестік ашар­шы­лық мұның ешқайсысына қосылмайды.

С.Уиткрофттің «Советская статистика о продовольствии и смертности в период голода 1917-1922 и 1931-1933гг.» атты еңбегінде кеңес мем­ле­кетін статистикалық мәліметтермен қам­та­масыз ету және әлеуметтік-экономикалық жоспарды іс­ке асыру мақсатында құрылған, мемле­кет­тік ста­тис­тикалық жүйенің ерекшелігі қарас­тырылады. Алайда, жоспарлау процесі саясат­керлердің шамадан тыс іс-әрекеттерінен қирады, бірақ бұл жоспарлаушылар мен санақшылардың біліксіздігі немесе жасампаз­дығының көрінісі болған жоқ. Мұрағат мәлі­меттеріне сәйкес, са­нақ­шылар кеңес мемлекеті­нің саяси жетек­ші­лерін бірнеше рет шындыққа шақыруға тырыс­қан дей келіп, автор «1922 жылға қарағанда, ауылдық жерлердегі кейбір тамақтану көрсет­кіштері, 1933 жылы төмен болған» деген қорытынды жасайды.

Ұжымдастыру науқаны мен ашаршылық нәу­бетіне қатысты Николо Пианчиоло (Nicollo Pianciola) «Голод в степи. (Коллективизация сельс­кого хозяйства и казахские крестьяне)», француз тарихшысы Изабель Огайонның «Седентаризация казахов СССР при Сталине. Коллективизация и социальные изменения (1928-1945 г.г.)», Н.М.Ней­марктың (Norman M. Naimark) «Геноциды Сталина», Шейла Фицпатрик (Sheila Fitzpatrick) – «Сталинские крестьяне: социальная история Советской России в 30-е годы: деревня», Дана Далримплдің (Dana G.Dalrymple) «Советский голод 1932-1934 годов» зерттеу еңбектері мен мақалалары шықты. Д.Далримпл Кеңес Одағының өзге аймақтарына қарағанда, қазақ халқы адам шығынының орны толмас зардабын тартқанын алға тартады. 1932-34 жылдардағы ашаршы­лық өзінің ауқымы, мерзімдік ұзақтығы, қар­қындылығы мен себеп-салдары жағынан, барлық әлемдік ашаршы­лық­тың ішіндегі ең ауыры болды санайды. Ашар­шылық салдарынан миллиондаған адамдар көз жұмды. 20-ға жуық әртүрлі деректік мәлімет­терде, адам шығыны­ның орташа есебі 5,5 млн.-ды құраған.

И.В.Сталин билігі тұсындағы (1924-1953 ж.ж.) Қазақстандағы ұжымдастыру мен ашар­шы­лық тарихына қатысты батыстық тарихна­малық зерттеулерге талдау жасай отырып, мынадай ой-қорытындыларға келдік:

1. Қолданыстағы тарихнамалық зерттеулер негізінде алғашқы шетелдік іргелі зерттеулер 1980 жылдардың ортасында жарық көрген;

2. Шетелдік әдебиеттерде КСРО тарихы­ның өзекті мәселелері, атап айтқанда күштеп ұжым­дастыру кезіндегі (1928-1932 ж.ж.) ша­руа­­лар­дың жаппай қысымға ұшырауы, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан мен Украинадағы ашаршылық тарихының нәтижелері объективті қарастырылған;

3. 1920-1930 ж.ж. ашаршылық нәубеті мен саяси қуғын-сүргінге Кеңестік биліктің қаты­на­сын кешенді талдау үшін шетелдік дерекнамалық-тарихнамалық зерттеулердің ауқымын кеңейту қажет.

Сөз соңында Мемлекет тарихы институты­ның ғалымдары тарапынан биыл 1932 жылғы нәубетке 80 жыл толуына орай «1932-33 жыл­дар­дағы Ашаршылық ақиқаты» (Правда о Голоде в 1932-33 годов) деп аталатын ғылыми-көпшілік қауымға арналған екі тілдегі (қазақ, орыс) кітапты баспадан шығаруға дайындап жатқанын айта кеткенді жөн санадық.

Мәлімет БҒМ  ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?