«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Астрономия – ежелгі ғылымдардың бірі.

28458
Астрономия – ежелгі ғылымдардың бірі.
«Тенгрианство: мифы и легенды древних тюрков» атты О. Жанайдаровтың кітабынан, жылқы малына байланысты қазақтардың кейбір салт-дәстүрлері мен сенімдері.

Астрономия

Астрономия – ежелгі ғылымдардың бірі. Сондай-ақ, Солтүстік жарты шардағы «Жеті қарақшы» деп аталатын ең танымал жұлдыз тобының атауы оған кем дегенде 100 мың жыл бұрын берілді деп санауға барлық негізі бар. Жарқын жұлдыздың жетеуі қазіргі таңда аюға қарағанда, көбірек «Аспан Қайығына» ұқсайды. Ал 100 мың жыл бұрын жұлдыздар тобы аюдың бейнесіне ұқсас болған. Жұлдыздар баяу болса да, аспан бойынша ығыстырылып жүреді, себебі әрбір жұлдыз әлем бойынша өз бағытымен қозғалады, олай болса ондаған және жүз жылдар ішінде жұлдыздар топтарының көрінісі де өзгереді. 100 мың жыл бұрын ежелгі адамдар сөйлесе алған және де бұған қоса аспан нысандарын белгілеп, жұлдыздар мен топ жұлдыздарға атау бергендері адамның тіл үйренгендігі және ақыл-ойының болғандығын куәландырады. Қазіргі таңда адам баласы қай уақытта тіл қатқаны жайлы нақты ешкім айта алмайды.

Қазақ ертегілерінде Үлкен аюды «Жеті қарақшы» немесе «Аспан Қайығы» деп атайды. Бұл ретте осы «жеті қарақшының» әрқайсысы өз атымен Темір қазыққа байланып қойған, Темір қазықтың төңірегінде қалған жұлдыздар мен топ жұлдыздары айналады.

Әрбір ірі аспан нысанында қазақ атауы бар. Бұл тек «Темір қазық» және «Аспан Қайығы» ғана емес, олардың қатарын жалғастыра беруге болады: "Үркер", "Арай"- ("Марс"), "Шолпан" -("Венера"), "Босаға"- ("Близнецы"), "Үшархар Таразы"- ("Орион"), "Қамбар"-("Лев"), "Қарақұрт"- ("Кассиопея"), "Сөмбіле"- ("Сириус").

Геродот өз «Тарихында» скифтердің нанымында келесіні жазады: «Скифтер Зевске, Геяға, от құдайы - Гестияға, Арестке, Афродитаға, Уранияға… табынады». Оларда Арестан басқа ешбір құдайдың суретін, мехрабын, ғибадатхана салуға болмайды. Ал Ареске болса орнатылады.

Зевс ретінде скифтерде Тенгри қызмет еткен,  ал Гея – Ұмай шеше, Инанның шумер нұсқасы, грек Аресі – бұл қазақ-түрік Арай - латынша Марс. Тағы да осы қатарды жалғастыра беруге болады. Грекжазуында Зевстің аты Папай деп аталады. Яғни түрікше Бабай (Ата-Баба). Папай скифтердің арғы атасы болып саналды. Гея – Геродоттың скифтерінде – Апи, яғни Апай. Аспан және Жер одағы – Зевс және Гея – Папай және Апай одағы екені есімізде.

Тағдыр құдайы Гестияні скифтер тіпті қазақша айтқан – Табити, яғни Тәубе (Тәубә) – тағдыр, жазмыш.  

Ғалымдардың көбі алғашқы рет жұлдыздар тобына атауды Өзенаралықта және оған қарасты аумақтарда берілді деген ойға келеді. Шумерлер, вавилондықтар мен ассириялықтарда басқа ежелгі жаратылыстану ғылымдарының негізіне енген астрономия және математика жақсы дамыған. Алайда көшпелі-малшы мен аңшының тұрмысынан алынған, жұлдызды картаны безендіретін,  жұлдыздар тобы мен жұлдыздардың атауы, өзінің дала жерінде пайда болғанын құжатсыз-ақ айтады: Қоян, Арыстан, Қасқыр, Аққу, Жылқы, Үлкен және Кіші тазылар тобы, Қой (Тоқты), Торпақ (Өгіз), Таутеке, Мерген – Кентавр – салт атты және садақтан ататын, салт атты, Пегас-Тұлпар – қанатты ат.

Жұлдыздар туралы қазіргі түрік кітаптарында Пегас жұлдыздар тобын «Ат жұлдызы» деп атайды, үш жарқын жұлдызымен ерекшеленетін Орион жұлдыздар тобында нағыз қазақ атауы бар «Үш арқар таразы».

Аспан – жердегі адамдардың қимыл-әрекеттерінің бейнесі болса, жұлдыздардың, планеталар мен жұлдыздар тобының атауларында да біздің арғы аталарымыз өмірінде болған маңызды оқиғаларды түсіндірген. Аспан шексіз дала кеңістігінде, көшпендінің жолында бағдарлаушы ретінде ғана емес, куәгер мен төреші, көмекші мен құтқарушы ретінде болған.   

Диқаншы аспанда өзінің ауыр еңбегі мен тұрмысының бейнесін көрген.

Көшпенді жұлдызды аспанда өзінің ауыр жорық өмірінің бейнесін көрген. Адамдар аспанға өз өмірлерінің маңызды шындығын көшіріп, осылайша халық жадында өз тарихын қалдырған.

Мен түрік астрономиясын (соның ішінде қазақ астрономиясын) еуропалықтан, үнді немесе қытай астрономиясынан бөліп жатқан жоқпын, өйткені Жердің Солтүстік жарты шарындағы Еуразия, Құс Жолы жұлдыздар тобының астында тұратын елдерінің бүкіліне ортақ. 

Жалпы, шығыс ренессансы туралы сөз қозғағанда, Әл Фараби, Бируни, Ибн-Сина және де орта ғасырдағы Шығыстың басқа да ғалымдары түріктер, Түркістан жерінде монғол шапқыншылығына дейін тұрғанын, және де олардың жетістіктері түрік халықтарының, және де негізгі түрік елдерінің бірі қазақтардың ортақ игілігі болғанын еске де алмайды. Тіпті көшпенділерге қатысты барлығынан бас тартады, ежелгі жазба мен әдебиеттің болғанын ғана емес, математика, геометрия, метафизика, философия сияқты ғылымдардың бар болғанын мойындамайды.

Ал білім болса ежелгі қазақ жері бойынша бір халықтан екіншісіне көшіп отырған, ол арқылы Шығыстан Батысқа Ұлы Жібек Жолы өткен, бір халықтың екінші халыққа түнгі жұлдызды аспанды қарапайым бақылаудан бас тарту теріс еді... Бір халықтың ғалымдарына кез келген басқа халықтың ғалымдарына математикалық немесе болмыс философиялық қабілеттен бас тартудың келешегі жоқ. Отрарлық қыпшақ Әл Фараби 10 ғасырда өмір сүрген, және де өзінің жүздеген негізгі еңбектерінің ішінен бізге мұра қылып «Жұлдыздар туралы ғылым» трактатын қалдырды. 

Бүл күрделі еңбегі «Әл-Магестке түсініктемеден» басқа, яғни ежелгі грек астрономы, жер әлемінің геоорталық жүйесінің теоретигі Клавдий Птолемейдің «Әл-Магест» кітабына нақты және негізгі сыни талдау. «Метафизика» атты басқа трактатында Әл Фараби Аристотельдің кейбір ережелеріне толықтырулар жасайды. 

  «Жұлдыздар туралы ғылым» трактатында Әл Фараби жұлдыздар туралы математикалық ғылым – астрономияны астрологиядан бөледі де, оны жұлдызды шешім туралы ғылым деп, астрологияны ғылым ретінде «дөрекілігін» баса көрсетеді.

Тағы бір түрі, Темірдің ұрпағы Ұлықбек ғалым, математик және астроном  болған, ол ғылыми трактаттар жазып, жеке секстантта жұлдыздарға дейін арақашықтықты өлшеген. Осы Ұлықбек Самарқандта өзіне және де ғылымға көптеген жыл бойы астрономиялық, метеорологиялық бақылау жүргізетін ғылыми мекемені салған. Дегенмен, қазақтар Малайсарыдағы жеке ежелгі обсерваториямен мақтана алады.