Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Ғылым ордасында жас ғалымдар форумы өткізілді.

29012
Ғылым ордасында жас ғалымдар форумы өткізілді. - e-history.kz

2013 жылдың 29 қарашасында Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай  «Президенттік институт және ұлттың рухани қайта өркендеуі» тақырыбында жас ғалымдар форумы өткізілді.

Форум «Ғылым ордасы» РМК мен Философия, саясаттану және дінтану институтының және басқада гуманитарлық бағыттағы ғылыми зерттеу институттарының бірігіп ұйымдастыруымен  өткізілді. Іс шараға ғылыми зерттеу институттарының жас ғалымдары мен «Ғылым ордасы» қызметкерлері қатысты.

Форум жұмысын М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанов ашты. Ол өз сөзінде :«Ертеңгі қазақ ғылымының болашағы сіздердің қолдарыңызда. Аға буын сіздерге аманатында, үмітінде артып отыр. Сіздер мен біздерге ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз Президентін сайлаған Егеменді елде өмір сүру бақыты бұйырды. Сондықтан алдарыңызға қойған мақсаттарыңызға жету жолында тек табандылық пен еңбекқорлық қажет»- деді.

Өз кезегінде сөз алған «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Роза Оспанқызы Кәрібжанова: «Біз биыл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесін екінші рет атап өткелі отырмыз. 1991 жылы Қазақстан халқы президенттік басқару институтын таңдап, сол жылы 1 желтоқсанда тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты халқы бірауыздан қолдап, ел тағдырын сеніп тапсырған еді. Осыдан барып Қазақстанның сан ғасырлық тарихында жаңа кезең басталды.

Елбасы антына – адал, елі сеніміне кәміл болды. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге басымдық берудің нәтижесінде дағдарыстық жағдайда болған экономикамызды түзеп, жүргізілген оң реформалардың нәтижесінде, бәсекеге қабілетті, экономикасы орныққан мемлекеттердің қатарына қосыла алдық.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр! Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Сіздер осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында, бар күш-жігерлеріңізді аямай, табысты жұмыс жасауларыңыз қажет»- деп атап көрсетті.

Келесі кезекте сөз Философия, саясаттану  және дінтану институтының директоры Зарема Шаукеноваға берілді. Ол ел Президентінің ғылым дамуындағы роліне тоқтала келе: «Қазақстанда 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» заң жас ғалымдардың  ғылымға белсене араласуына әсерін тигізді. Осы заң арқасында ғылыми институт  директорлары жұмысқа жас ғалымдарды көптеп алуға мүмкіндік алды. Демек енді бір 5-10 жылдың көлемінде қазақ ғылымы осы жас буынның қолына көшеді деген сөз. Сондықтан ғылыммен айналысатын жастарға  қазірден үлкен жауапкершілік жүктелуде »- деді. Бұдан әрі жас ғалымдар Елбасының тарихтағы орны мен Тәуелсіз мемлекет ғылымының дамуындағы жастардың ролі жайлы пікірлерін ортаға салды. Мысалы, Талғат Тимур «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар мұражайының ғылыми қызметкері – «Жастар руханиятын қалыптастырудағы негізгі факторлар және Елбасы Н.Назарбаевтың ролі», Несіпбаева Жібек Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, т.ғ.к. – «Қазақстанның жастар саясатын дамытуға Президенттің қосқан үлесі», Томатов Махмұт Экономика институтының ғылыми қызметкері э.ғ.к. – «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберіндегі инновациялық кластерлерді дамыту», Қасенова Әсемгүл  Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері – «Ата- баба рухына табыну аясындағы қазақтардың рухани мәдениетінің қайнар көздері», Жұмабаева Жанар А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.- «Елбасы және мемлекеттік тілдің ғылыми лингвистикалық базасы», Оспанов Нұрлан Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері- «Ұлттық мұратқа адалмыз», Тоқтаров Ермек Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері- «Ұлттың рухани бірлігі- Қазақстанның гүлденуінің қажетті шарты» тақырыптарында  баяндамалар жасады.

http://gylymordasy.kz

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?