Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тарих ағай» тарихты түсіндіреді

1654
«Тарих ағай» тарихты түсіндіреді - e-history.kz
«Қазақстан тарихы» интернет порталы «Тарих ағай» жобасын бастайды. Жобаның мақсаты – күрделі кезеңдегі тарихи оқиғаларды қызықты, жеңіл түсіндіру, жас көрермен үшін мультимедиялық материалдар ұсыну

Елімізде тарих туралы алғашқы сөзді үйреніп, тарихи сананы қалыптастырушы бірінші адам тарих пәнінің мұғалімін «тарих ағай» деп атау барлық өңірге тән. Жоба атауы осындай қадірлі мамандық иесінің мәртебесін көтеруге байланысты қойылған.

«Тарих ағай» жобасының алғашқы бейнекөрінісі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналды. Онда соғыстың басталу себептері мен болған ошақтары және қатысқан адамдар туралы мәліметтер айтылып, мем (күлкілі қозғалыс) және лайфхак ұсынылады.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Жобаның алғашқы ролигі аз уақыттың ішінде әлеуметтік желілерде 60000-нан астам қаралым жинады. Бұған әсіресе мектеп оқушыларының қызығушылық танытып отырғаны байқалады. Өз кезегінде жоба жасөспірімдердің тарих туралы түсініктерінің дұрыс қалыптасуына, ұлт тарихының ақтаңдақ беттерін түсінуге және отаншыл, патриот болып өсуіне жәрдемдеседі.

«Тарих ағай» жобасы алдағы уақытта Жаңа жыл мерекесі, Семей полигонының қасіреті және ғасыр айқасы деп бағаланған 1920 жылғы шекара мәселесіне қатысты қысқа роликтер түсіруді жоспарлап отыр. 

 

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?