Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ардагерлердің құрметіне арналған мереке

1414
Ардагерлердің құрметіне арналған мереке - e-history.kz
Осыдан 20 жыл бұрын Ұлы Отан соғысының ардагерлері қазіргіден көп болған. Олардың өздерінің құрметіне және бақилық болғандарды еске алуға ұйымдастырылған шараларға келетін ед

Бірақ, қанша жыл өтсе де, аталарымыздың ұлы ерлігін ұмытпауымыз керек. Жеңіс күніне арналған шерулер мен концерттер жыл сайын өтеді.

Осыдан 20 жыл бұрын осы мерекеге қалай дайындалып, қалай өткені туралы 1998 жылдың газеттері сыр шертеді. 

Жеңіс күні қарсаңында Мәдени және іскерлік ынтымақтастық орталығы алдындағы алаңда астаналық гарнизонның әскер түрлерінің және еліміздің Қарулы Күштерінің әскери техникасының шеруі өтті.

Шеруге жер үсті артиллериясы, атыс қару-жарағы, шынжыр табанды техника, оның ішінде танк, БМП, санитарлық өңдеу, байланыс, эвакуациялау машиналары, ГРАД-БМ-21 қондырғылары қатысты.

Көрермендердің ішіндегі ең қуаныштылары – ұлдар болған шығар. Олар техниканы ұстап, сипап көруге, тіпті, оптикалық көздеуішіне үңілуге мүмкіндік алды.

Осыдан соң, астаналық гарнизонның әскер түрлерінің шеруі өтті. Оны Ақмола гарнизонының бастығы генерал-майор В. Шацков ашты.

Қорғаныс министрі генерал-полковник М. Алтынбековке шеру өткізуге дайындық туралы баяндап, генерал-майор В. Шацков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 6 жыл толуына орай бұйрықты жариялады.

Бұдан соң қала әкімінің орынбасары Т.Мұхамеджанов сөз сөйледі. Отан қорғаушылар күнінің тұңғыш рет тойланғалы тұрғанын атап өткен Т.Мұхамеджанов қала әкімдігінің гарнизонға теледидар мен қол сағаттарын сыйлайтындығын жеткізді.

Республикалық ұланның қолбасшысы С.Тоқпақбаев өз сөзінде Республика Президентінің жуырда өткен оқу-жаттығуларда әскерлерге жоғары баға бергенін атап өтті.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері А.Қапышев жұртшылықты Республика Қарулы Күштерінің құрылуымен құттықтады.

Гарнизон қолбасшысының пәрмені естілді: «Бірінші рота тура, қалғандары оңға, салтанатты шеруге, арақашықтық 30 метр, адымда...» . Алдымен кадет корпусы, одан кейін әскери киім кигендеріне 5 күн ғана болған жаңадан келушілер, химқорғаныс бригадасы, мотоатқыштар, гвардияшы-десантшылар, ішкі әскернлер әр қадамдарын нық басып, жас сарбаздар, біздің қорғаушыларымыз, алаңмен жүріп өтті. Бәрі де саптық өлеңдерін ардагерлердің құрметіне арнапты (әсіресе, қуанышты).

Шеруді Қорғаныс министрлігінің оркестрі салтанатты маршпен аятады.

Шеру аяқталған соң, жұртшылық концертке шақырылып,ал соғыс ардагерлері ҚР Қарулы Күштерінің бірінші басшыларымен жорық шатырларына кіріп шықты.

 

Мақаланы дайындаған кезде ҚР Ұлттық кітапханасының мерзімді баспа қорының материалдары пайдаланылды.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?